Поддержим Всемирный день здоровья

Қазақстанда жылына 7 сәуір күні Дүниежүзілік денсаулық Күні аталып өтеді.

Павлодар облысында бұл күні салауатты өмір салтын қолдау орталығы бірнеше іс-шаралар ұйымдастырады.

7 сәуір күні сағат 14.00-те «Артур» сауда үйіне келушілер «Жігер» жасөспірім аула клубымен бірлесіп «Сау болу-сәнді!» флэшмобына қатыса алады.

Осы күні сағат 15.00-18.00 аралығында «Батырмол» сауда-сауықтыру орталығында медициналық қалашық жұмыс істейді. Қалашықта жүрек-қан айналымы және қант диабеті ауруларының алдын алу, дұрыс тамақтану, күн тәртібі және т.б. мәселелер бойынша кеңес алуға болады, сағат 16.00-дан бастап «Top star»фитнесс-клубы өздері дайындаған сауықтыру фитнесін ұсынады.

7 сәуір күні сағат 11.00-те Кенжекөл ауылында салауатты өмір салтын белсенді ұстанатындарды спорттық сайыстар күтеді.

Осы күні қалалық емханаларда ашық есік күні жарияланып, онда арнайы мамандар кеңес береді.

Өткізілетін іс-шаралардың негізгі мақсаты: әрбір адамның денсаулығын сақтап, нығайту, салауатты өмір салтын ұстануға бағыт беру. Ең маңыздысы адамдарға дұрыс жол таңдауға көмектесу, дұрыс тамақтануға, дене белсенділігімен шұғылдануға, темекі шегу және ішімдіктен бас тартуға дағдыландыру.