Павлодар қаласының емханалары арасында өткен «Мінез құлық қауіп қатер факторлары» сайсының қортындысы шығарылды

Салауатты өмір салтын қолдау орталығының ұйымдастыруымен Павлодар қаласының емханалары арасында  өткен «Мінез құлық қауіп қатер факторлары» сайсының қортындысы шығарылды. Сайысқа қатысуға қаланың төрт емханасынан өтінім түсті.

Сайыс бір ай бойы үш кезең бойынша өтті. Сайыстың қортындысын шығаратын қазылар алқасы құрамына облыстық наркологиялық диспансер мен салауатты өмір салтын қолдау орталығының өкілдері енді.

Сайысқа қатысушылар бірінші кезеңде – емхананың денсаулық мектебіне қатысушылары мен емделушілермен бірге  көрсетілімді тәжірибелік  сабағын өткізді, екінші кезеңде – медициналық мекеменің қызметіндегі мысалдар арқылы мінез құлық қауіп қатер факторларын алдын алу жұмыстары туралы слайдтық презентация көрсетті, соңғы үшінші кезеңде- зиянды әдеттерден бас тартуға ынталандыратын дәлелді тренинг өткізді.

Екінші және үшінші кезеңдердің өту барысына семинарға қатысқан облыстың медицина мекемелерінің салауатты өмір салтын үйлеструшілерінің қатысқанын айта кету керек.  СӨС үйлестірушілердің дауыс беруі арқылы сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

№3 емхананың «Мінез құлық қауіп қатер факторлары» денсаулық мектебі ең көп дауыс жинады, екінші орынды — №1 емхана, үшінші орынды-№5 емхана  алды.

Жеңімпаздар, жүлдегерлер және сайысқа қатысушылардың бәрі мадақтамалар мен сыйлықтармен марапатталды.