«Сау жүрек» үздік эссе мүшәйрасының қортындысы шығарылды

Май ауданында жүрек қан тамырлар ауруларының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндірме науқаны аясында «Сау жүрек» үздік эссе мүшәйрасы өтті. Мүшәйраны ұйымдастырушы «Vita» қоғамдық қоры болды. Мүшәйраға

Коктөбе, Малайсары, Қаратерек, Ақжар жалпы орта білім беру мектептері мен Баскөл ауылының А.Иманов атындағы мектеп лицейі қатысты.

Құрамында салауатты өмір салтын қолдау орталығы мен «Vita» қоғамдық қорының өкілдері бар қазылар алқасы мүшәйраның қортындысын шығарды.

Үздік эссе номинациясы бойынша 10 сынып оқушысы Жанель Оспанованың шығармасы жеңімпаз деп танылып, екінші орынға 9 сынып оқушысы Алуа Қожағұлова ие болса, 8 сынып оқушысы Ақбота Айтахан үшінші орынды иеленді.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Май ауданының Коктөбе жалпы орта білім беру мектебінің түлектері болып шықты, оларға «Vita» қоғамдық қоры мадақтамалар мен сыйлықтар табыс етті.