Әкем, анам, мен -спорттық отбасымыз!

Осы ұранмен Павлодар қ. № 79 бала бақшада спорттық мүшәйра бастау алды. Мүшәйраға қатысқан жоғары топтардың балалары мен ата-аналары тоғыз кезеңнен тұратын спорттық мүшәйрада көңілді, тату, ұйымшылдықпен өздерінің жауынгерлік құлшыныстарын және физикалық дайындықтарын дәлелдеді.
Бес бес отбасынан «Светлячок» және «Чемпион» атты екі команда құрылды. Физикалық дайындықтарын төменгі сайыстар арқылы: доппен тоннель арқылы өтіп қайта қайтып ептілігін, доппен нысанаға тигізіп мергендігін, жылдам самокатпен және велосипедпен жүріп жылдамдылығын көрсетті.
Сонымен қатар жылдам епті түрде бауды байлау, скакалкамен жылдам секіріп өту, шашылған түрлі заттарды жылдам жинау, әрбір отбасы өзін таныстыру, отбасы ұранын атау және жұмбақтар шешу бойынша сайысқа түсті.
Екі команда сайысты шын ықыласпен өткізуге тырысты. Залда көрермендердің даусты қошеметтері бір сәт таластамады.
Қазылар алқасы, оның құрамында салауатты өмір салтын қолдау орталығының өкілі болды, спорттық іс-шараның қортындысын шығарғанда екі команданың жинаған ұпай саны бірдей болып шыққанын жария етті.
Сондықтан сайысқа қатысушылардың бәрі құрметті мадақтамалар және тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Сайыс кезіндегі оң көңіл-күй, отбасыаралық достық және спорттық құлшыныс бүлдіршіндердің есінде ұзақ сақталуға тиіс.
Ұйымдастырушылар осындай іс-шараралар барлық отбасы мүшелерінің дене шынықтыру мәселелеріне оң көзқараспен қарап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға алғашқы қадам болатынына және балаларға келешекте мақсаттарына жетуге көмегі тиетініне сеніммен қарайды.