Павлодар салауатты өмір салтын қолдайды

Павлодар облысында өткен демалыс күндері денсаулық Күні өтті.

Бір уақытта Павлодар қ. бірнеше ірі сауда үйлерінде арнайы дәрігер мамандар сауда үйіне келушілердің ішінен ниет білдіргендерге дәрігерлік кеңес берсе, жастар сауда үйіне келушілерді би түріндегі флешмобпен қызықтырды. Акцияның бастаушысы Павлодар қ. салауатты өмір салтын қолдау орталығы болды.

«Артур» сауда үйіндегі «Сау болу-әдемі» би флешмобына «Жігер» балалар және жасөспірімдер клубының 100 тарта тәрбиеленушілері қатысты. Олар қала тұрғындарын өздері сияқты спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Балалар: «Би тек әуеннің сазымен билеу ғана емес, ол-ритмдегі жаттығу, дененің иілімділігін, қозғалысын, адамның ой-қабілетін дамытады»- деп есептейді.

Флэшмобқа қатысушылар өздерінің қойылымын «Би ол-спорт, ол-өмір, ол-денсаулық» деп түсіндірді. .

Сол күні «Батыр Мол» сауда-сауықтыру орталығында медициналық қалашық жұмыс істеді. Павлодар қ. емханалар мен диспансерлерінің дәрігерлері ниет білдіргендердің қан қысымын өлшеді, салмақтарын, бойларын өлшеп, салмақ индексін анықтады, ұзақ жылдар бойы сау және белсенді болу үшін қандай жүктеме ұстануы, жүрек-қан айналымы ауруларын алдын алу, дұрыс тамақтану, семіздікті және қант диабетін болдырмау мәселелері бойынша кеңес берді.

Дене-шынықтыру-сауықтыру диспансерінің дәрігерлері ұсынған құралдарда жастар қызығушылықпен саусақ күштерін анықтады.

«ТopStar» фитнес-клубы павлодарлықтарды көңілді де шатты түрде салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Олар сауда-сауықтыру орталығының холында әрбіреудің жас топтарына сәйкес сауықтыру фитнесін ұсынды. «50 жоғары» атты, егде жасқа келгендерден құралған топтың іиілімді қимылдармен беріле істеген қойылымдары көрермендерді бей-жай қалтырмады.

Мектепке дейінгі жастағы балалардан құралған топтың спорт биімен араласқан фитнестеріне көрермендер шаршамай узақ қол соқты.

«ТopStar» фитнес-клубының мүшелері және кәсіби тренерлерден құралған топтың велотренажерде, штангамамен және йога элементтерінен құралған күштік жүктемелі қойылымдары сауда-сауықтыру орталығына сауда жасауға келгендерді таң қалдырды.

Қойылым соңында ТopStar» фитнес-клубының мүшелерінің сауда-сауықтыру орталығына сауда жасауға келгендермен бірлесіп көрсетілген флэшмоб көрермендерді баурап алды.

Дүниежүзілік денсаулық Күніне орай қалалық емханаларда ашық есік күні жарияланды, ал салауатты өмір салтын белсенді ұстанатындар Кенжекөл ауылында волейболдан, футболдан және ұлттық ойындар бойынша спорттық сайыстар өткізді