Тұмау және ЖРВЖ алдын алу туралы

Павлодар облыстық туберкулезге қарсы балалар санаторийінде өткен дөңгелек үстелде тұмау және ЖРВЖ алдын алу мәселелері талқыланды.

Салауатты өмір салтын қолдау орталығының дәрігері тұмау және ЖРВЖ алдын алу бойынша өткізіліп жатқан іс-шаралар аясында денсаулық мектебінің тыңдармандарына күзгі және қысқы мезгілде әркімнің дене белсенділігін сақтай отырып, өз денсаулығын қорғап, жаурап қалудан қорғану үшін, тұрмыста қандай алдын алу шараларын қолдану керектігін айтты.

Тұмауға қарсы екпе кімдерге тегін жаслатыны, қандай екпелер қолданалып, ол екпелердің қаншалықты нәтиже беретіні туралы мәселелер тыңдармандардың қызғушылығын тудырды.

Физиотерапия кабинетінің медбикесі вирусті жұқпаларға қарсы спецификалық емес алдын алу жолдарын- шунгитпен емдеу және ауыз қуысын чеснок суымен шаюды түсіндірді.

Дөңгелек үстелге қатысушыларды тұмаудың алдын алу тәсілі- шунгитпен емдеу — табандағы белсенді нүктелерді шунгит тастардың үстімен жалаң аяқпен жүру арқылы жандандыру туралы ақпарат қызықтырды.

Медбике бұл тәсіл тұмаудың адлын алудан басқа майтабан (плоскостопие) ауруының алдын ала алады. Ауыз қуысын чеснок суымен шаю тәсілі санаторийде ұзақ уақыт қолдануда және санаторий қызметкерлері бұл тәсілдің тұмау және ЖРВЖ алдын алуда сөзсіз нәтижелі екенін атап өтуде.

Дөңгелек үстелге қатысушылар қызықтырған мәселерді талқылай отырып тұмаудың алдын алу үшін жеке бас гигиенасы ережелері мен тамақтану тәртіптемесін сақтау, «зиянды тағамдардан» бас тарту, ағзаның иммун жүйесін нығайту, тәңертеңгілік жаттығу жасау, шунгитпен емдеу және ауыз қуысын чеснок суымен шаю ұстанымын сақтау туралы шешім қабылдады.