Іс-шаралардың негізгі бағыттары:

  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру, аурудың алдын алу бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру бойынша ұйымдастыру-әдістемелік басшылық.

  • Білім беру, ішкі саясат, мәдениет, туризм және спорт, ішкі істер департаменттері сияқты мекемелермен «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ведомствоаралық және сектораралық өзара әрекеттестік

  • Халықтың әртүрлі топтарын сауықтыру бойынша жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу

  • Алғашқы медицина-санитарлық көмек көрсету, салауатты өмір салтын қалыптастыру кызметі мамандарын, аурудың алдын алу мәселелері, денсаулықты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша валеологтарды даярлау

  • Мақсатты топтармен салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру және спортпен шұғылдану, қауіп-қатер факторларының алдын алу және зиянды әдеттермен күресу қағидаларын қалыптастыру және енгізу бойынша жұмыс

  • Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шараларды әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпараттық құралдар арқылы баяндау.