бАЙМАХАНОВ

Директор

Баймаханов Тұңғышбай Бүркітбайұлы

1953 жылы 20 ақпанда Павлодар облысының  Баянауыл ауданында дүниеге келді.

1969 жылы Қарағанды облысы Ульянов ауданы Үміткер орта мектебін бітірді.

1975 жылы «санитария» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік медицина институтын тамамдады.

1975 жылы — Павлодар медициналық училищесінде эпидемиология оқытушысы. 1976 жылы — Ильичев аудандық СЭС-та санитарлық дәрігер.  1976 жылғы желтоқсан айынан — қалалық санэпидемстанцияның тамақтану гигиенасы бөлімінің меңгерушісі. 1979 жылы — облыстық санэпидемстанцияның тамақтану гигиенасы бөлімінің меңгерушісі. 1981 жыл — Облыстық санитарлық ағарту үйінің бас дәрігері. 1990 жылы — Облыстық денсаулық сақтау орталығының бас дәрігері. 1999 жылы — Павлодар облысы Денсаулық сақтау департаментінің Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша орталығының бас дәрігері болып тағайындалды. 2008 жылдың қаңтар айында — Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының «Павлодар облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» КМҚК бас дәрігері болып қайта тағайындалды. 2015 жылдың тамыз айынан — «Павлодар салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС — бас директор.  Қазіргі кезде — «Салауатты өмір салтын қолдау орталығы» ЖШС директоры.

Жалпы еңбек өтілі — 41 жыл.

Баймаханов Т.Б. жарамды мерзімі — «тұрақты», жоғары категориялы денсаулық сақтаудың дәрігер-ұйымдастырушы маманы сертификатына ие.

«1979 жылғы социалистік жарыс жеңімпазы» белгісімен марапатталды, 1970 жылы «Коммунистік еңбек екпіндісі» атағы берілді.  1986 жылы «ССРО денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталды. 2003 жылы «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігіне» төс белгісімен, 2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтой медалімен марапатталды. 2012 жылы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды. 2013 жылы «Үздік адамдар» энциклопедиясының Каһарманы құрметті белгісімен марапатталды. 2014 жылы «Еңбегі сіңген мемлекетік қызметкер» орденімен марапатталды. Денсаулық сақтау жүйесінде қызмет атқарған мерзімінде көптеген алғыс хаттар және құрмет грамоталарымен марапатталған.

Жусупова Гульнара Алиаскаровна

Жусупова Гульнара Алиаскаровна

Заместитель директора
Сакенова Бакыт Умурбаевна

Сакенова Бакыт Умурбаевна

Главный бухгалтер