Медициналық көмек көрсетудің интегралды моделін енгізу туралы

Павлодар қаласының №3 емханасында облыстың медицина ұйымдарының салауатты өмір салтын үйлестірушілерінің қатысуымен кезекті семинар өтті.

СӨС қолдау орталығы директорының орынбасары Г. Жүсіпова халықпен жұмыс жүргізу жоспарына жүрек-қан тамырлары аурларын интегралды басқару моделін енгізу бағдарламасының жүзеге асыру мәселелері бойынша ақпараттық сауаттылықты арттырудағы ұсыныстарын айтты.

Облыстық кардиологиялық орталықтың кардиолог дәрігері А.Тұрсынова облыс тұрғындары арасында қан айналымы жүйесі бойынша сырқаттанушлықтың қалыптасқан жағдайы туралы ақпарат берді. Ол инсульт пен инфаркттің дамуына қауіп қатер факторларымен байланысты негізгі себептердің бірі семіздік, сонымен қатар күйзеліс, дұрыс тамақтанбау және дене белсенділігінің төменділігі екенін атап өтті. Кардиолог дәрігер тыңдармандарға инсульт пен инфаркттің белгілерін айтты.

Медицина ұйымдары мен жедел медициналық жәрдем бригадасы әрекеттестігі туралы ақпарат тыңдармандардың ерекше қызығушылығын тудырды, яғни кардиографтермен жабдықталған мобильді жедел медициналық жәрдем бригадасы медицина ұйымдарының кардиология бөлімдеріне инсульт немесе инфаркттің науқастанған адамның қал жағдайы туралы ақпаратты жедел жіберуі.

Сонан соң тыңдармандар №3 емхананаың психологы М.Абдрахманова өткізген «Бұл өмір қандай тамаша» атты тренингке белсенді қатысты.

Семинар соңында 9 қыркүйекте медицина қызметкерлері, жастар, белсенді қоғам мүшелері қатысатын денсаулық фестиваліне дайындық бойынша тапсырыстар мен ұсыныстар берілді.