Ашық әңгіме

Павлодар көпсалалы инновациялық колледждің 1-2 курстың студент қыздары үшін әдеттен тыс сабақ өтті. Сабақ тақырыбы бірнеше күндерге: (Дүниежүзілік сүт безі обыры туралы ақпараттандыру күні, әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау бойынша онкүндігі, Ұлттық ішімдіктен бас тарту күні аясындағы онкүндігі) арналды.

Салауатты өмір салтын қолдау орталығының мамандары студент қыздарға слайд түрінде шылым шегудің зияны, ұзақ уақыт алкогольді ішімдікті тұтынғанда психикалық және физикалық дене деңгейінде жеке баста болатын қандайлы өзгерістер, туындайтын аурулар, жүкті кезде психикалық белсенділікті арттыратын заттарды қолданған аналардан туған балалардың болашақта денсаулықтарында болатын асқынулар туралы айтып берді.

Студент қыздармен репродуктивті денсаулық, отбасын жоспарлау, ерте жүктілік және контрацепция құралдары, сондай-ақ жыныс жолдары арқылы жұғатын аурулар мәселелері туралы ашық әңгіме болды.

Студенттердің қазіргі таңда алдын қойылған мақсаттарына және олардың өз өмірінің жақын болашағын жоспарлауына, басымдылықтарды дұрыс қоя білуге үйренуіне аса назар аударды.

Әйел денсаулығындағы құпияларды аша отырып салауатты өмір салтын қолдау орталығының дәрігерлері тыңдарман қыз студенттерге сүт безіндегі онкологиялық өзгерістерді анықтау үшін сүт безін өзі зерттеу тәсілдеріне үйретті. Онкологиялық ауруларды ерте анықтауда уақтылы медициналық қаралудан өтудің маңыздылығын атап өтті.