Жарақат алғанда алғашқы көмекті көрсет!

Жарақаттар (жол-көлік жарақаты, суға кету, күю, биіктен құлау мен улану) 5-15 жастағы балалар арасында өлім-жітім мен мүгедектіктің басты үш себебінің бірі болып табылады.

Балалардың жол-көлік және тұрмыстық жарақат алу мәселелерінің әлеуметтік маңызы белгілі және осы мәселелерді шешу нені қабылдау керектігін білетін дәстүрлі медицина мен кімді және қалай оқыту немесе сақтандыру керектігін білетін педагогика ғылымдарының арасындағы шекаралық аймақта қалуда. Жас кезден бастап өзін-өзі сақтау туралы білімнің негізін қалауы қажет, сонымен қатар қауіпсіз мінез-құлыққа жауапкершілікке тәрбиелеумен дербестікті дамытуды үйлестіру маңызды.

Осы мақсаттан «Vita» қоғамдық қоры кең ауқымды ақпараттық-түсіндірме науқанын өткізді.

Павлодардың жалпы орта білім беру мектептерінің бастапқы сынып оқушылары үшін жарақаттың алдын алу бойынша дәрістер, жарақат пен жазатайым оқиға кезінде алғашқы көмек көрсету туралы тренингтер ұйымдастырылды.

Сондай- ақ мектеп командалары жыл сайынғы «Жас жол жүру инспекторы» мүшәйрасының екінші кезеңіне қатысты. Мүшәйра 2 кезеңнен «Жол қозғалыс ережелерінің білгірлері», «Білімпаз жарысы», «Жас санитар», «Жас реттеуші», «Саптық байқау» бағыттары бойынша және ең үздік насихат топтарының қойылымдарымен өтті.

«Жол қозғалысы ережесінің білгірлері» мүшәйрасы ішінен Павлодар қ. № 34 ЖОББМ оқушылары көш басшы болса, Павлодар қ. № 13 ЖОББМ командасы-екінші және Павлодар қ. № 42 ЖОББМ оқушылары үшінші орынға ие болды. Ерекше көзге көрінгендер мадақтамалар мен сыйлықтар алды.

Павлодардың мұнайгаз және бизнес колледжінің студенттері жарақат кезіндегі алғашқы көмек көрсетуде интегралды модельдің енгізілуі және жарақат алғанның өмірін сақтап қалуда «алтын сағаттың» маңыздылығы туралы білді. Жедел жәрдем көмек көрсету кезінде емдік тәсілге әсерін тигізетін жарақаттың асқынуыларын: тыныс алу жолының қызметінің бұзылуы, жарақаттан есеңгіреу және қан жоғалтуды атап өтті.

Студенттер жанның сақталуындағы маңызды қызметтерді-тыныс алу және қан айналымын қалпына келтіруге бағытталған жан сақтау тәсілдерін үйренді.