Әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселері бойынша оқыту семинары

Павлодар қ. №5 емханасында Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалалары Ұлттық орталықтың мамандарының ұйымдастыруымен екі күндік оқыту семинары өтті.

Медицина және әлеуметтік қызметкерлердің, психологтардың медициналық санитарлық алғашқы көмек ұйымдарындағы жұмыстары аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселерін шешумен байланысты болғандықтан семинар жұмысы олардың осы мәселелер бойынша теориялық және практикалық дайындықтарын жетілдіруге бағытталды.

Семинарға қатысушылар аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру технологияларын соның ішінде; ақпараттық-коммуникациялар, әлеуметтік желілердегі ақпараттық, аурудың алдын алу қызметінің нәтижесін арттыру құралы ретінде өзіндік мененджментті қолдау технологияларын оқып білді.

Медицина қызметкерлерінің науқастар және олардың отбасы мүшелеріне психологиялық және медициналық-әлеуметтік кеңес көрсетуге негізделген алгоритмдік әрекеттерді қадамдық қарастыруға аса назар аударды.

Денсаулықты қорғауда дағдылы принциптерге баулу білімдері мінез құлық қауіп қатер факторлары денсаулық мектептерінің жұмыстары үлгісінде, тренингтер өткізу тәсілдері, тұлғааралық қатынастар дағдылары, артық салмақтылықты есептеу және анықтау тәсілдерімен симуляциялық құралдарды қолдану және Дүниежүзілік денсаулық ұйымының ұсыныстары

пысықталды

Семинарға қатысушылар өздерінің алған білімдерін тақырыпқа сәйкес топ топпен дайындаған жобалар арқылы қорғады. Әрбір семинарға қатысушы «Медициналық санитарлық алғашқы көмек деңгейінде денсаулық мектеперін ұйымдастырудың негізі» сертификатын алды.