Өзекті мәселелерді талқылау

Павлодар қ. орта білім беру мектептері, мектепке дейінгі білім беру мекемелері балалармен жұмыс істейтін №2 емхананың медицина қызметкерлері үшін салауатты өмір салтын қолдау орталығының ұйымдастыруымен өзекті мәселелер бойынша семинар өтті.

Гепатиттің алдын алу бойынша айлықтың аясында өткізілетін іс-шаралар және балалар мен жасөспірімдер арасында аурудың алдын алу шаралары туралы емхана эпидемиологы М.Аладова айтып берді.

№2 емхананың иммундау арқылы аурудың алдын алу мәселелеріне жетекшілік етуші дәрігер А.Ишимова иммундау арқылы аурудың алдын алудың орасан роліне, қазіргі әлемде жұқпалы ауруларға қорғаныстық тосқауыл болатын екпенің маңыздылығына ерекше көңіл аударды.

Екпеден бас тартушы ата-аналармен жұмыс жүргізу тәсілдеріне қатысты тыянақты әңгіме жүргізілді. Мамандар екпеге байланысы ата-аналармен болатын жағдайларды көрсететін тренингтер өткізді.

Семинар барысында №2 емхананың траматолог дәрігері А.Алтаев білім беру мекемелерінде оқитындар мен тәрбиенушілерге жарақат алғанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек тәсілдері, сонымен қатар жарақат алған адамды қалай жатқызу, жарақат кезінде қан аққан кезде қаннның ағуын қалай тоқтату, сынған сүйекті қалай бекіту керектігі туралы егжей –тегжейлі айтты.

Семинарға қатысушылар алған ақпараттың толықтығы мен пайдалылығын атап өтті. Осындай семинарлар Павлодар қаласының басқда емханаларында өтеді.