«Психикалық белсенділікті арттыратын заттарды қолданудың алдын алу» атты облыстық конференция

Республикалық психикалық денсаулық орталығының Павлодар  қалалық филиалында Салауатты өмір салтын қолдау орталығының дәрігерлері «Психикалық белсенділікті арттыратын заттарды (әрі қарай-ПБАЗ) қолданудың алдын алу» атты облыстық конференция ұйымдастырды.

Конференцияға  облыстың медицина ұйымдарының салауатты өмір салтын үйлестірушілері, дәрігер наркологтар, медбикелер, мектеп инспекторлары қатысты.

Конференция баяндамалары презентациялық тәртіптемеде толық, қызықты, ақпаратты -танымды өтті.

Республикалық психикалық денсаулық орталығы  филиалының аға дәрігері Г. Сәдуақасова тыңдармандарды   Қазақстан мен облысымызда ПБАЗ қолданудың жағдайымен таныстырды.

Есірткіні екпе түрінде  пайдаланатын  тұлғалар арасында ВИЧ бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы Облыстық СПИД орталығының эпидемиология  бөлімнің меңгерушісі Г. Хасенова айтып берді.

Сонымен қатар конференцияға қатысушылар 2016 жылы медицина ұйымдары және оқу орындарында  қандай іс-шаралар өткізілгені туралы  ақпаратты  СӨС қолдау орталығының дәрігері Қ. Сәкеновтың  айтып берді.

Мектеп инспекторлары проблемалары бар жасөспірімдер және олардың ата-аналарымен   жүргізілетін жұмыстардың тәжрибесімен бөлісті, сонымен қатар  есірткіні тарату және қолдану кезіндегі шектеулердің құқықтық базасы, сондай ақ  егер сіз осы мәселелер бойынша заңсыз әрекеттердің куәсі болған жағдайда не істеу керектігі туралы айтты.

Тақырыпты кеңінен Павлодар облыстық наркология диспансерінің аурудың алдын алу бөлімінің меңгерушісі  В.Колпакова ашып берді. Сонымен қатар ол тыңдармандарды есірткіге  тәуелділіктің клиникалық белгілерімен және білім беру мекемелеріндегі наркологиялық пост жұмыстарының ерекшеліктерімен  таныстырды.

Республикалық психикалық денсаулық орталығының Павлодар  қалалық филиалының дәрігері Н.Гафарова халықтың есірткіні тұтынуын анықтау бойынша  жүргізілетін скрининг аясындағы жұмыстармен таныстырды.

Конференция жұмысын қортындылай келе конференцияға қатысушылар қаралған мәселелердің  маңыздылылығын  және  психикалық белсенділікті арттыратын заттарды қолданудың алдын алу бойынша өтіп жатқан айлыққа байланысты ақпараттылығын атап өтті.