«Мен салауатты өмір салтын қолдаймын!» денсаулық аптасы

Бүкіл Қазақсан  бойынша 14 — 20 мамыр аралығында «Мен салауатты өмір салтын қолдаймын!» атты денсаулық аптасы өткізіледі. Апталықтың  басты міндеті денсаулықты нығайту, салауатты өмір салтын ұстануға ұстамдылықты қалыптастыру жөнінде оқушылардың білім деңгейін арттыру болып табылады.

Аптаның әрбір күні түрлі тақырыптарға арналатын болады: салауатты тамақтануды, дене белседілігін, жеке бас және қоғамдық гигиенаны, темекі шегушіліктің алдын алуды, ішімдікті, психикалық белсенділікті арттыратын заттарды  тұтынбауды,  күн тәртібі мен гигиенаны насихаттау.

Сынып сағаттарында, кеңестерде, сайыстарда, диспуттарда, викториналарда және ата-аналар жиналыстарында жаттығудың неге керектігі, дұрыс тамақтану деген не,  неліктен  күндік азықтың құрамында темірдің, жездің, цинктің, В6 и С дәрумендердің, ақуыздардың, көмірсулардың, майлардың күндік мөлшерінің болуының маңыздылығы жөнінде ақпарттар беріледі.

Сонымен қатар, дәрігер мамандар оқушылар қандай күн тәртібін таңдау, физикалық жүктемелерді қалай үлестіру, қалай шынығу, еңбек қабілеттілігіне толық қанды ұйқының керектігі жөнінде  ақпараттар айтады.

Денсаулық — адам өміріндегі ең маңызды құндылық, қуаныш көзі  деген негізгі ойды ересектер мен балалар ұғып алу қажет.

Әрбір адам жас кезінен  бастап өзінің денсаулығының қамын ойлау қажет. Нашар денсаулық, ауыршаңдық, жөнсіз өмір салты бойдың өсуіне, оқуда нашар үлгерімде, жаман көңіл күйде болуына себепкер болады.

Адамға байлық немесе даңқтың қайсысы құнды деген сұраққа ерте кездің бір философының: «Бай, бірақ ауру патшадан дені сау қайыршы бақыттырақ»-деп жауап беруі тегін емес шығар.