СӨС үйлестіршілерге арналған семинарда қортындылар шығарылды

Салауатты өмір салтын қолдау орталығы директорының орынбасары Г.Жүсіпованың өткізуімен Павлодар қ. №3 емханада облыстық медицина ұйымдарының салауатты өмір салтын үйлестірушілері үшін облыстық семинар өтті.

Салауатты өмір салтын қолдау орталығының дәрігері Б.Сүйеукенов облыс бойынша ағымдағы жылдың 9 айында өткізілген скринингтік тексерілуге аналтикалық шолу жасады. Шолуда 2017 жылы қала тұрғындары аурудың алдын алу бойынша медициналық тексерілуден өтуде белсенділік танытуда деп айтылды.

Биыл сүт безі, өңеш, асқазан және қуықасты безі ауруларын анықтау көрсеткіштері жоғарлауда. Науқастар қант диабеті мен семіздіктің алдын алу және дұрыс тамақтану мәселелері бойынша дәргерлердің кеңестеріне жиі құлақ аса бастады.

Семинар жұмысын қараша айында АИТВ/ЖИТС алдын алу, Дүниежүзілік темекі тартудан бас тарту күніне орйлатырылған онкүндік, Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні және Дүниежүзілік инсульт күні бойынша өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыру мәселелерін қараумен жалғастырды.

Семинарға қатысушыларға инсультті алғашқы белгілер арқылы қалай білуге болатыны туралы «Инсультті қалай білуге болады?» деген тренинг ұйымдастырылып, ұсынылды.

Салауатты өмір салтын қолдау орталығының дәрігері Қ.Сәкенов инсульттің алдын алу бойынша 10 кеңес туралы айтты. Павлодар қ. №2 емханасының психологы С.Қасымова «Шылым шегуден бас тарт» деген тренинг өткізді.

Облыстық ЖИТС орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Г.Турдинова семинар тыңдармандарын АИТВ жұқпасы бойынша 2017 жылғы облыстық эпидемиологиялық ахуалмен таныстырды. Сонан соң «АИТВ жұқпасының таралу жолдары» атты тренинг өткізілді.

Семинарды қортындылай келе семинарға қатысушылар СӨС үйлестірушілердің аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша қызметтерінің нәтижесін арттыруға ұсыныс жасады.