Күн тәртібінде-өзекті мәселелер

Павлодар қаласының темір жол ауруханасында облыстың медицина ұйымдарының салауатты өміс салтын үйлестірушілері үшін семинар өтті.

Денсаулық сақтау саласының дамуының 2016–2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдараламаны жүзеге асыру аясында таяу айдағы іс-шара жоспары талқыланды. Семинарда басқада өзекті мәселелер қаралды.

Облыстық онкологиялық диспансердің онколог дәрігері С. Борисенко қатерлі ісік белгілерін қалай білуге болатыны, слайдты көрсету арқылы сүт безін өзін өзі тексеру жолдары туралы хабарлады, осы ауруға қатысты скринингтік және медициналық тексерілістің зор маңыздылығын атап өтті. Ол жыл сайынғы скринингтің арқасында обыр ауруын ерте анықтау көрсеткішінің жоғарлағанын, обардың аса асққынған түрлерімен сырқаттанушылықтың 20% төмендегенін атап өтті.

Қоғамдық денсауықты қорғау департаментінің эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы З. Шадиева өткен эпидеиологиялық кезеңдегі жіті респтраторлы вирусты жұқпа және тұмау бойынша аналитикалық шолуды ұсынып, биыл ауа темперетурасының күрт төмендеуіне байланысты жіті респтраторлы вирусты жұқпа және тұмау бойынша эпидеиологиялық кезеңнің ерте басталатынын атап өтті. Сөз соңында балаларына екпе салудан бас тартқан ата-аналарды көрнекті үйрету жұмыстары туралы қызықты және танымды ақпараттар ұсынды.

Облыстық психоневрологиялық диспансердің меңгерушісі Т.Ашкен тыңдармандарды психикалық денсаулықты қорғау мәселелері туралы хабарлай отырып, Павлодар облысы Республика бойынша алғашқылардың бірі болып психикалық денсаулық бойынша бірден бірнеше пилоттық жобалар енгізді, соның ішінде жасөспірімдер арасында өзіне өзі қол салудың алдын алу жұмысын жандандыру үшін сенім телефондары, тәулік бойы істейтін жедел желісі бар Дағдарыс орталығының ашылуы.

Біздің облыстың үлгісімен едел жедел осындай орталықтар Респуликаның басқа өңірлерінде ашылып, соның нәтижесінде елімізде өзіне өзі қол салған адамдардың саны азайды.

Павлодар облыстық наркологиялық диспансердің аурудың алдын алу бөлімінің меңгерушісі В.Колпакова өз сөзінде адамның жас мөлшеріне байланысты ішімдікке тәуелділіктің ерекшеліктері мен дамуы туралы айтып, мектептегі наркологиялық пост, психологтардың және наркологтардың көп жылғы жұмыс тәжрибесімен бөлісті. Өткізіліп жатқан «мектеп-ата-ана-оқушы» бірлескен жобасының аса маңыздылығын атап өтті.

Семинарға қатысушылар қызығушылықпен сұрақтар қойып, семинардың пайдасы мен ақпараттарының мазмұндылығын атап өтті.