Біздің отбасымыз ерлі де мықты!

Соңғы спорттық сайыстар Павлодардың №23 мектепке дейін білім беретін мекемеде «Салауатты отбасы-салауатты ел» Ұлттық бағдарлама аясында Салауатты өмір салтын қолдау орталығының ұйымдастыруымен  бала бақшалар отбасы командылары арасында өтті.

Бұл жолы сайысқа мектепке дейін білім беретін №№  3, 7, 23, 54, 84 бес мекеменің отбасылық командалары, дене шынықтыру нұсқаушылары және жанкүйерлер қатысты.

Әке, ана және бала-отбасылық командалар «Ширығу», «Көңілді өткел», «Теңге алу», «Аралас  эстафета», «Әкелерге арналған эстафета», «Минасыздандыру» сияқты кезеңдерді  жұмылып, ептілік, мергендік, шыдамдылық және командылық рух танытып, көңілді және құмарта өткізді.

Қазылар алқасы құрамындағы білім беру бөлімі мен салауатты өмір салтын қолдау орталығының өкілдері сайыс тапсырмаларының сапалы орнындалуын қатал қадағалады.

Сайыстың қортындысы бойынша № 23 бала бақшаның Бейсенбаевтар  отбасылық «Жалын» командасы көп ұпай жинап бірінші орынға ие болды, екінші орынды  № 7 бала бақшаның Айтмуханбетовтар  отбасылық «GGG» командасы иеленді, үшінші орынды өздерінің көңілді және бірегейлі визиткасымен қазылар алқасы мен жанкүйерлерді таңдандырған № 84 бала бақшаның Дудиндер отбасылық«Жұлдыз»  командасы алды.

Жеңімпаздар дипломдар және сыйлықтармен марапатталды. Сайысқа қатысқандары үшін қалған екі отбасылық командаларға, отбасылар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған, осындай көңілді спорттық сайысты ұйымдастырушы мен  жүргізуші педагогтарға дипломдар мен алғыс хаттар табысталды.