Біз салауатты болашақты қолдаймыз !

Халықаралық  балаларды қорғау күні аясында Павлодар қ. мәдениет және демалыс саябағында салауатты  өмір салтын қолдау  орталығының дәрігерлері  «Темекіні қақ» тренингін өткізді. Бұл іс-шараға қатысуға балалар ғана емес,  жасөспірімдер мен бала-шағасымен дем алуға келген ересектер де жұмылдырылды. Тренингке қатысушылар  шын мәнінде ағаштан жасалған темекінің макетіне, темекі тартпаймын,  немесе  бұл зиянды әдеттен айырылуға талпынамын деп уәде  беріп шегелер қақты.

Жасөспірімдерге темекі шегудің зияны туралы айтылып, темекі шегудің салдарынан болатын никотин смоласына толған адам өкпесінің макетін көрсетілді.

Іс-шараға облыстық балалар тіс емханасының мамандары қатысып, «Салауатты күлкі» тренингісін өткізді. Іс-шараға жиналған балаларға  ауыс қуысының  егде жасқа дейін сау болуы үшін, тісті қалай дұрыс тазалап, қызыл иеккті дұрыс күту керектігі туралы толыққанды ақпарат алды.

Науқанға қатысушыларға, соның ішінде балаларды өзімен бірге ертіп келген тәрбиешілерге, мұғалімдерге және жетекшілерге жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау туралы пайдалы ақпараттар бар парақшалар мен буклеттер таратылды.