Біз салауатты өмір салтына дауыс береміз!

Павлодар қ. №41 дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы жалпы орта білім беретін мектепте «Салауатты өмір салтын қалыптыстыруда заманауи мектептің ведомствоаралық әрекеттестіктегі басым бағыттары» атты облыстық семинар өтті. Семинарға 150 аса мектеп директорларының тәрбие жөнінідегі орынбасарлары мен мектептердің салауатты өмір салтын үйлеструшілері, сонымен қоса дене шынықтыру және спорт, білім беру және денсаулық сақтау басқармаларының, төтенше жағдайлар департаментінің, №3 емхананың, ИНеУ, ПМПУ, «Самал» оңалту орталығының өкілдері шақырылды. Аталмыш семинардың ұйымдастырушысы Салауатты өмір салтын қолдау орталығы болды.

Семинар барысында №41 ДНЫТМ заманауи білім беру ортасына денсаулықты қорғау технологияларын енгізудегі жұмыс тәжірибесі қаралып, инклюзивті жағдайдағы білім беру ортасының мағынасы туралы ақпарат таныстырылды. Бірнеше жыл бойы 41 мектеп өскелең ұрпақтың денсаулығын сауықтыру және нығайту бойынша базалық мектеп болып қалуда. Оқу орнының осы бағыттағы жұмысына мән берілуі кездейсоқ емес.

Соңғы жылдары оқушылар арасында психикакалық белсенділікті арттыратын заттарды қолдану, компьютерге тәуелділік, өзіне өзі қол салу жағдайлар саны көбеюде.

Осындай бірлескен ведомствоаралық шараларда келеңсіз жағдайларды анықтау және салауатты өмір салтына тарту мақсатында жасөспірімдермен қызмет көрсету алгоритмдері және олармен жеке дара жұмыс істеу тәсілдері жасалады. Семинар кезінде көрсетілімді шеберлік сағаттарында мектептің ведмоствоаралық ұйымдармен салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жүргізілетін басым бағыттарды ұсынды. Оқушылар және олардың ата-аналарымен «Судағы қауіпсіздік», «Туризм, денсаулық, өмір», «Зиянды әдеттер туралы пайдалы әңгіме», «Салауатты тамақтану бағдаршамы» атты практикалық сабақтар өткізілді.

Денсаулық сақтау технологиясы бойынша зерттеу жұмыстарын қалай ұйымдаструға ИНЕУ-дің мұғалімдерімен бірлескен шеберлік сағаты өтті.