Біз вакциналауды қолдаймыз!

Қазақстанда 24-30 сәуір аралығында «Біз вакциналауды қолдаймыз!» ұранымен Дүниежүзілік иммундау апталығы өтеді.

Өткізілетін іс-шаралардың негізгі мақсаты вакцина арқылы басқарылатын жұқпалы ауруларды болдырмау, халықтың хабардарлығын арттыру, қоғамның назарын екпеден (вакцинадан) бас тартуға байланысты салдарға және қауіп қатерлерге  аудару.

Дүниежүзілік иммундау апталығы әрбір адамның екпе (вакцина) арқылы  аурулардан қорғану әрекетіне  назар аударуға шақырады.

Вакциналау балаларды жұқпалы аурулардан қоғайтын ең нәтижелі және қолжетімді құрал екенін сіздер біле бермейсіздер. Өкінішке орай, жағымсыз әсер барлық дәрілік заттарға тән, соның ішінде екпелерге (вакциналарға да) де. Осыған орай  екпенің асқынуынан болатын қауіп қатерлердің болу саны, екпе алмаған балаларда жұқпалы аурулардың салдарынан болатын қауіп қатерлер санынан мейлінше аз болады.

Түрлі жұқпалы ауруларға қарсы иммунитеті бар адамдар көп болса, онда қалған иммундалмаған адамдардың жұқпалы аурулармен ауруы және ол аурудың эпидемиясы болу мүмкіндігі төмен болады.

Жайлы, дұрыс эпидемиологиялық ахуал сақталып тұру үшін балалар санының  95%-дан кем емесі, ересек адамдар санының 90%-дан кем емесі екпе (прививка) алуы қажет.

Дүниежүзілік тәжірибе бойынша, иммундау арқылы аурудың алдын алуда бүгінгі таңда қызылша, көкжөтел, баспа, сіреспе, полиомиелит, эпидпаротит, қызамық, вирусты В гепатиті және т.б сияқты жұқпалы ауруларға қарсы ең қолжетімді, нәтижелі және экономикалық тұрғыдан пайдалы күрестің түрі болып табылады. 2018 жылдың тақырыбы: «Біздің ортақ қорғанымыз: вакциналар жұмыс істейді». Вакцинациялауды таңда-ол сенің  салауатты өмірге апаратын жолың!