2017 жылғы 24 ақпаннан 24 наурыз аралығында туберкулездің алдын алу жөнінде айлық өткізілуде

Қазақстанда 2017 жылғы 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне (24 наурыз) ұштастырылған туберкулездің алдын алу жөнінде айлық өткізіледі.

Айлық кезінде өткізілетін шаралар туберкулездің алғашқы белгілері, уақытында медициналық көмекке жүгінудің маңызы және уақытында емделудің тиімділігі туралы халықтың хабардарлығын арттыруға бағыталады.

Елбасының қолдауының және туберкулезге қарсы кешенді шараларды сапалы іске асырудың арқасында соңғы 10 жылда Қазақстанда туберкулезбен аурушаңдылық көрсеткішінің 2,2 есеге және өлім-жітім көрсеткішінің 5 есеге төмендегенін атап өту керек.

Халыққа әрі қарай туберкулезге қарсы көмек көрсетудің сапасын жетілдіру үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының басты қағидаларымен және ДДҰ-ның 2016-2035 жылдарға арналған туберкулезді жою жөніндегі стратегиясымен үйлестірілген ДДҰ-ның «End TB» Стратегиясына сәйкес 2016-2025 жылдарға арналған Туберкулезді бақылаудың біріктірілген моделі әзірленген.

Елдегі туберкулезбен күрес бойынша шаралар медициналық-санитарлық алғашқы көмек жүйесіне енгізілген.

Осы бағыт аталған стратегияның аса маңызды басымдылығы болып табылады, себебі туберкулез барлық қоғамдық денсаулық саласының мәселесі болғандықтан, бірлесе әрекет ету барлық індетке қарсы эпидемиологиялық және клиникалық шаралардың тиімділігін арттырады.