99299344

Болашақ есірткісіз-таңдау өзіңде!

Болашақ есірткісіз-таңдау өзіңде!

26 маусымда Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналысымен күрес күні аталып өтіледі. Қазақстанда осы күнге орайлыстырылған, «Жақсы әдеттер марафоны» Ұлттық бағдарлама бастау алды.

Біздің ел үшін нашақорлық проблемасы аса  алаңдатушылықты тудырады, себебі Қазақстан есірткінің Афганистаннан Россияға және Европаға таралуының транзиттік жолында тұр.

Zakon.kz ақпараттық порталдың мәліметі бойынша тек 2016 жылы елімізде 10 мыңнан аса есірткіге байланысты заң бұзушылықтың жолы кесіліп, 28 тонна есіртке тәркіленді.

Қазіргі таңда Қазақстандағы наркологиялық диспансерлерде есірткіге тәуелді 52 137 адам есепте тұрады, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 9,5% көп.  Бұл мәліметтер 2017 жылдың соңында Қарағандыда ҚР ІІМ есіртке бизнесімен күрес Комитетінің өкілдерінің қатысуымен  өткен республикалық «Білім беру мекемелерінде есірткелік заттарды тұтынушыларды анықтаудың заманауи тәсілдемелері» атты  семинар-жиында айтылды.

Елдегі жағдайды жақын уақыттан бері маскүнемдік, шылымқорлық пен токсикомания көбінесе ата-аналары бейәлеуметтік өмір салтын ұстанатын нашар отбасынан шыққан балаларға зиянын келтіретіні қиындатын отыр. Қазірде жас нашақорлардың саны табыс деңгейі жоғары бай қуатты қоғам отбасынан шыққан жасөспірімдер жеткілікті деңгейде толығып отыр. Әдеттегідей, отбасындағы балаларға жеткіліксіз көңіл аудару мен моральдық-этикалық нормалардың төмендігі жасөспірімдердің қаржылық еркіндігімен үйлеседі. Дәл осы отбасылардан шыққан балалар басты құндылығы өмір салты ретінде нашақорлықпен үйлесімді еркін уақыт өткізу болып табылатын жастардың ерекше қосалқы мәдениетін қалыптастырады.

Нашақорлық адамзаттың тектік қорына әдәуір залалын тигізуде, жастар арасындағы өлім-жітім көрсеткіші көбейді,  отбасылық қарым қатынас, мәдени, ата-баба құндылықтары жойыла бастады.

Есірткі бизнесімен күресуде, есірткі заттарына тәуелділіктің алдын алу мен емдеуде ғылыми дәлелді және тиімді тәсілдерді дамыту Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың Жолдауларында бірнеше рет аталған. Ел нашақорлық пен есірткі бизнесімен күресу саласында халықаралық жүйелер мен бағдарламаларды құру мен қолдауға, оның ішінде 2017-2022 жылдарға арналған ШСҰ мүше елдердің есірткіге қарсы стратегиясына белсенді қатысуда.

Барлық  деректерді сараптаудың нәтижесіде нашақорлық проблемасын күшпен шешуге болмайтынына көз жетті.

Сондықтан нашақорлық зиянына қарсы  белсенді теке тірес,  нәтижелі алдын алу, соның ішінде ерте жастан бастап психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға тұрақты жағымсыз көзқарас қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстануға ұмтылдыру. Оны жүзеге асыру мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның мақсаты.

 

20180426165916

Медицина қызметкерлерінің VII жаздық облыстық спартакиадасы

Медицина қызметкерлерінің VII жаздық облыстық спартакиадасы

Өткізілетін күні: 23 маусым

Басталу уақыты: сағат 09.00.

Өтетін орны: Павлодар жоғарғы медицина высшего колледжінің спорт алаңы (Павлодар қ., Иса Байзақов көшесі, 151)

 

Республикамызда 17 мамырдан медицина қызметкерлерінің кәсіби мейрамына орайластырылған «Сау дәрігер-сау пациент» атты ұлттық бағдарлама бастау алды.

Бағдарлама аясында 23 маусымда «Денсаулық бәрімізге!» ұранымен Павлодар жоғарғы медицина колледжінің спорт алаңында медицина қызметкерлерінің VII жаздық облыстық спартакиадасы  өтеді.

Спартакиада медицина қауымының өкілдері, медицина колледждерінің, ЖОО  мұғлімдер құрамы мен  студенттеріне, физикалық  белсенді өмір салты мен спортты,  өз денсаулығына ортақ жауапкершілікті қалыптыстыруды насихаттау мақсатына қызығушылық танытқан тұрғындарға  арналған.

Спартакиада аясында ерлер арасында мини-футболдан және гір көтеруден, әйелдер арасында волейболдан, ерлер мен әйелдер арасында жеңіл  атлетикадан, армрестлингтен, арқан тартудан сайыстар өтеді.

Дене белсенділігі өмір бойы  денсаулыққа  қажетті маңызды фундамент. Дене белсенділігінің  денсаулыққа белгілі әсерлері, соның ішінде: жүрек-қан айналымы ауруларының, жоғарғы қан қысымының, диабеттің, кейбір обыр түрлерінің  қауіп қатерлерінің төмендеуіне, дене белсенділігімен  кешенді  шұғылдану кезінде созылмалы аурулардың дұрыс ағымына пайдалы

Дене белсенділігінің бәріне танымал пайдасын білесе де дүниежүзінде  ересектерге ұсынылатын  дене белсенділігінің деңгейі 1/3 аспайды.

Дене белсенділігінің жетіспеушілігінің туындайтын себептер: кешенді  және ортадағы факторлар: күнделікті өмір сүру жағдайының өзгеруі, жұмыс түрінің негізінен отырып істейтін болғандығы.

Адамдардың  тұратын жерінен оның жұмыс істейтін, дем алатын, дүкендердің орналасқан орындардың  алыстауынан, олар автокөліктерге жиі  жүгіне  бастады.

Республика халқының денсаулығын нығайту мақсатында  медицина қызметкерлерінің  жеткілікті дене белсенділігін қолдаушы ретінде имидждік рөлі өте маңызды.

Павлодар облысындағы спартакиаданың қолдаушылары: облыстық денсаулық сақтау басқармасы, медицина қызметкерлері кәсіподағының өкілдері, жоғарғы медицина колледжі және салауатты өмір салтын қолдау орталығы.

 «Салауатты өмір салтын қолдау орталығы» ЖШС, телефоны: 50-85-55. 

3931dbd3-97d8-4914-af31-366889b01eea

31 мамыр — Дүниежүзілік темекі шегумен күресу күні

31 мамыр — Дүниежүзілік темекі шегумен күресу күні

2018 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен оның серіктестері темекі шегумен байланысты денсаулыққа төнетін қауіп-қатер мен темекі тұтыну деңгейін төмендету бойынша тиімді саяси шараларға назар аударту мақсатында Дүниежүзілік темекісіз күнді «Темекі және жүрек аурулары» ұранымен  өткізеді.

Науқан келесі мәселелер жөнінде ақпарат алуды арттыруға бағытталады: — темекі мен жүрек аурулары және басқа жүрек-қантамыр аурулары, оның ішінде әлемдегі өлім-жітімнің басты себебі болып табылатын инсульт арасындағы байланысқа.  Республикамызда «Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз!» ұлттық бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Жыл сайын ғаламдық темекі індеті 7 миллионнан аса адамды өлімге душар етеді, оның 900 000-ға жуығы шылымқор емес және темекі түтінімен демалғанның нәтижесінде қаза табатындар.Темекіде бар зиянды заттардың жартысын темекі шегуші  түтінмен сыртқа  шығарып ауаны ластайды.

Жанындағы  адамдар осы ауамен дем алуға мәжүбір болады. Оларға еріксіз (енжар) шылым шегушілерге темекі түтініндегі зиянды  заттар денсаулықтарына әсер етеді. Темекі шегушілер өздерінің өмірлерін 6-дан 20 жылға дейін қысқартады. Темекі шегушілерде жүрек және қантамырлары, өкпе (бронхының қабынуы, демікпе, обыр), асқазан (обыр, жара) аурулары, көз көру, есту қаблеттері төмендейді, ауыз қуысы, көмей  обыры жиі дамиды.

Баларға темекі тарту ересектерге қарағанда, екі есе қауіпті. Ересек адамды өлімге әкелетін  темекінің зиянды  мөлшері 1 қорап темекіні бірден тартқанда болса,  жасөспірім өлімі жарты қорап темекіні бірден тартқанда болады. Кейде балалардың   2-3 дана темекіні бірден тартып, жүрегі тоқтап қаза болған жағдайлар тіркелген.

Көптеген елдерде жасөспірімдердің темекі тартуына ұрықсат бермейтін заңдар қабылданған, соның ішінде Қазақстанда да темекі шегуге қарсы  заңдар қабылданған.

Біздің елде  спорт, білім және медицина орындарында, санаторийлерде, курорттарда, жол жүру көліктерінде, ресторан мен кафелерде темекі шегуге болмайды.

Бүгінгі таңда темекі шегу мода емес. Модада тегіс, таза тері, әдемі келбет, көз шағылыстратын аппақ тіс, спорттық денебітім және қатты, жұмыр бұлшық ет.

Шылым шегуден бас тарт, әлемді  өзің және маңындағылар үшін таза және қауіпсіз ет!

42339342

Сау болу-әдемі

Сау болу-әдемі

Сау болу ол бүтіндей бір ілім, оның бір бағыты салауатты болу мәдениетін қалыптастыру:  физикалық, рухани, әлеуметтік денсаулықты кемеліне  жеткізу.

Осыған орай адам өзін өзі жасай білуі қажет: сау болып, өмірде өз жолын табу керек. Денсаулық -әрбір адамның ең негізгі құндылығы, сондықтан салауатты өмір салтын насихаттау  жалпы мемлекеттік деңгейде жүргізіледі.

Қазақстанда жылына 7 сәуір күні Дүниежүзілік денсаулық Күні аталып өтеді. Биылғы жылы ол-халықты денсаулық сақтау қызметімен жаппай  қамтуға алуға  орайластырған, «Денсаулық бәріне» атпен, жалпы ДДСҰ қызметі  және осы науқанның жетекші принципі ретінде кең ауқымды, узақ мерзімді науқан  болып  басталады.

Елімізде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген  көлемі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметтері, Ұлттық скринингтік бағдарлама бойынша халыққа тегін ұсынылатын медициналық, аурудың алдын алудағы қаралу қарастырылған.

Облысымызда іс-шаралар  әрбір адамның денсаулығын қорғау және нығайтуға, салауатты өмір салтын ұстануына бағытталып, «Сау болу-әдемі» ұранымен өтеді.

Ең маңыздысы әрбір адамға дұрыс таңдау алуға,  өзінің ғана емес, бүкіл отбасының  денсаулығын қорғауға және нығайтуға  қатысты дұрыс  шешім қабылдауына,  аурулардың алдын алу және мінез-құлық қауіп қатер факторлары мәселелерін (салаутты тамақтану және дене белсенділігімен шұғылдану  дағдыларын тәрбиелеу, темекі шегушілік пен ішімдіктен бас тарту )  дұрыс шеше білуіне көмек беру.  Сонымен қатар халықтың   әлеуметтік бағыттағы кешенді медициналық көмектің дамуы, халқымыздың барлық тұрғындарына қолжетімді медициналық қызметтермен қамтамасыз ететін Ұлттық скринингтік бағдарламаның қызмет істеу мәселелері бойынша  хабардарлығын  арттыру үлкен маңызды орын алады.

Қазіргі таңда көптеген адамдар сау болудың абройлы екенін түсінді, қазір спортпен шұғылдану, өзінің салмағын қадағалау, дұрыс тамақтану- әдемілікке жатады,  заманауи тұрмыс стилі-ол зиянды әдеттерден бас тарту, салаутты және беделді болуға басымдылық беру.

Без названия

Туберкулезге жол жоқ!

Туберкулезге жол жоқ!

2018 жылғы Ұлттық бағдарламаның ұраны-«Өзіңді туберкулезден қорға!» Павлодар облысында 24 ақпаннан 24 наурыз аралығында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күресу күніне орайластырылған іс-шаралар өтуде.

Мамандардың пікірінше туберкулез ауруына қатысты проблемаларды шешудегі алғашқы қадамдар, ол-халықты туберкулездің алдын алудағы жекедаралық және қоғамдық шаралар, туберкулездің ағашқы белгілері, туберкулездің қаупі мен салдары, алдын алу іс-шаралар туралы хабардар ету.

Туберкулез бұрын емделмейтін, аса қауіпті ауру болып есептелді, одан жылына миллиондаған адамдар өлім-жітімге ұшырап отырды.

Қазіргі таңда екпе арқылы туберкулез ауруын алдын алудың және оған қарсы нәтижелі химиялық дәрі -дәрмектердің болуының арқасында туберкулез ауруын бақылауда ұстауға мүмкіндік бар.

Алайда қазір де туберкулезбен ауырған адамдар оның асқынған түрінен қайтыс болады, сондықтан қай жаста болмасын туберкулездің алдын алуға қатысты дәрігерлердің барлық ұсыныстарын бұлжытпай орындау өте маңызды.

Балалар арасында туберкулездің алдын алу шаралары оларда туберкулезді болдырмай, оның дамуына жол бермеуге бағытталған.

Балаларда туберкулездің алдын алу шаралардың ең негізгісі туберкулезге қарсы екпе (БЦЖ) және алдын ала химиялық (дәрімен) емдеу.

Ересектерге Манту пробасы тек дәрігердің ұсынысы бойынша салынады.

Еске сала кетейік Манту пробасы зиянсыз. Манту пробасының құрамындағы туберкулинде тірі микроағза (микроорганизм) жоқ, туберкулинді қолданатын өлшемде ол бүкіл ағзаға және ағзаның иммунды жүйесіне әсер етпейді.

Жастайынан адам гигиеналық талаптарды бұлжытпай орындап отыру қажет, ас ішердің алдында, қолдар ластанғанда оны жуу, сонымен қатар бетті, құлақты жуу, тістерді тазалаау, ауызды шаю, қол орамалын пайдалану, әжетхана құралдарын мұқият қолдану және әжетханада болғаннан кейін міндетті түрде қолды жууды ұмытпау және т.б.

Сонымен қатар дене шынықтырумен, шынығумен айналысу, іспен шұғылдану мен демалыыс ережелерін сақтау, күніне 2 сағатқа жуық таза ауада дем алу, уйде, түзде тазалықты сақтау.

Иммунды жүйенің дұрыс қалыптасуына дұрыс тамақтану зор рөл атқарады.. Тағамның құрамында ағзаға қажет заттардың бәрі: ақуыз, көмірсулар, майлар, дәрумендер және минералды заттардың болуы қажет.

Туберкулездің алдын алудағы ең басты жағдайлар: олар- қолжетімді және расталған ақпарат, әркімнің өзінің денсаулығына жауапты қарау, міндетті түрде аурудың алдын алу тексерістерінен және флюрографиядан өту

Назар аударыңыздар: медициналық аурудың алдын алу бойынша тексеріс өткізу ережелеріне өзгертулер енгізілді

Назар аударыңыздар: медициналық аурудың алдын алу бойынша тексеріс өткізу ережелеріне өзгертулер енгізілді

Арнайы мақсатты топтағы халыққа медициналық аурудың алдын алу бойынша тексеріс өткізу ережелеріне түзетулер енгізілді.

Бұйырыққа сәйкес скринингтік қаралу саны оңтайландырып, қуық асты безі, өңеш және асқазан обырын ерте анықтауға  бағытталған скринингтер алынып тасталды, сонымен қатар 17 жастан бастап  одан жоғары жастағы жалпы орта білім беретін мектеп,  арнайы орта және жоғарғы білім  беретін оқу орындағы оқушылар арасында псхикалық бесенділікті артыратын заттарды  тұтыну қауіп қатер деңгейін ерте анықтау және ескерту үшін сұрау және тестілеу арқылы өткізілетін скринингтік зерттеулер алынып тасталды.

Скрининг өтетін  жас тобы кеңейтіліп, қайталанып тексерілу  мерзімдері анықталды. Қан қысымы, ишемиялық жүрек аурулары, глаукома және қан диабеті скринигісі 40 жастан 70 жас аралығында, 2 жылда 1 рет өткізіледі. Жатыр мойны обырының скрингісін 30-70 жас аралығындағы әйелдер 4 жылда 1 рет өтсе, сүт безі обырының скринигісін 40-70 жас аралығындағы әйелдер 2 жылда 1 рет өтеді, бұрын бұл скриниг 50-60 жастағы әйелдер арасында өткізілді. Жуан және тік ішек обырын ерте анықтауға бағытталған скринингті, жуан шек полипозы және обыры бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын, бұрынғыдай 50-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер 2 жылда 1 рет өтеді.

Сонымен қатар скринигтік қаралудан өтетін балалардың мақсаттық тобы толықтырылды. Еске сала кетейік, скрининг баланың жергілікті тұратын жеріне сәйкес  бекітілген емханаларда өтеді.

Скринигтік қаралуды оңтайландыру қатерлі ісіктерді  және жұқпалы емес ауруларды ерте анықтап, халыққа көрсетілетін  медициналық  көмектің қолжетімді болып, сапасының көтерілуіне  мүмкіндік береді.

1

14 қараша – Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні

14 қараша – Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні

14 қарашада Қазақстанда Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні атап өтіледі.

Павлодар облысында қоғамның назарын диабет және оның асқынуларынан туындаған проблемалаларға, қант диабетін ерте анықтаудың өзектілігіне, салауатты өмір салтын қалыптастыру, мінез құлық қауіп қатер факторларын (тамақтану, дене белсенділігі, зиянды әдеттерден бас тарту, күйзелісті меңгере білу) алдын алу мәселелерінің, спортпен шұғылданудың маңыздылығына аударуға бағытталған кең ауымды ақпараттық-түсіндірме науқаны өріс алады.

ДДҰ эксперттерінің анықтамасы бойынша «қан диабеті-бәр жастың және халықтың проблемасы», себебі оның кең ауқымды географиялық таралуына, сырқаттанушылығының ерекше өсуіне, жұмысқа қабілетті жастағы халықтың ерте мүгедікке ұшыруына және асқынуынан болатын өлім жітімнің жиі кездесуіне байланысты.

Қант диабеті Қазақстанда мемлекет тарапынан жүйелі шешім мен шара қабылданатын әлеуметтік маңызы бар аурулар дәрежесіне енді.

Статистикалық мәлімет бойынша 2016 жылы 100 мың адамға шаққанда қан диабетімен шалдыққандар саны 200,4 болса, 2015 жылы — 172,7 болды.

Қандағы қанттың деңгейінің жоғары болуы көздің көрмей қалуына, инфаркттің, инсульттің, белсіздіктің, бұйрек қызметінің жетіспеушілігінің пайда болуына әсер етеді немесе аяқтан айырылып қалуына әкеліп соғады.

Мысалы, диабетпен ауыратындардың аяғын алып тастау көрсеткіші 10-20 есе артық болады. Өкінішке орай, диабет ауыруын жиі асқынған жағдайда анықтайды, сол себепті оны емдеу қиынға түседі.

Скринг диабеттің белгілері барлардың үштен бірінен диабет ауруын ерте анықтауға көмектеседі. Көп жағдайда диабет ауруын алдын алуға болады.

Қазақстандағы диабетологиялық көмектің басымды бағыттарының бірі ауруларды басқару бағдарламасын енгізу.

Диабеттің асқынуын болдырмау үшін ем-дом қолданып, оны бақылауда ұстап, әсер етуге барлық мүмкіндік бар.

Диагностикалық мүмкіндіктердің қолжетімділігінің кеңейюі, дұрыс әдеттерге оқыту және қолжетімді ем алу осы ауруға қарсы тұратын маңызды шаралардың элементтері болып саналады.

Өмір салтын өгертуге бағытталған қарапайым шаралар, дене салмағын тиісті деңгейде ұстап тұру, тұрақты дене жүктемесі және салаутты тамақтану рационы 2 типтегі диабеттің тиімді түрде алдын алуға немесе аурудың ауру мерзімін ұзартып, ұзақ та, сапалы өмір сүруіне мүмкіндік беретіні дәлелденген.

Осы туралы толық әңгіме 24 қарашада «Ертіс» телеарнасының «Денсаулык жолы» хабарында айтылатын болады. Хабарға облыстың жетекші эндокринолог дәрігерлері қатысып, олар қант диабеті ауруының диагностикасы, емі және алдын алу жолдары туралы айтып, ауруға байланысты өздерінің кеңестерін береді.

6nzZgxyoh9g

2017 жылғы 13 — 22 қарашада – Халықаралық шылым шегушіліктен бас тарту күніне орайлыстырылған онкүндік

2017 жылғы 13 — 22 қарашада – Халықаралық шылым шегушіліктен бас тарту күніне орайлыстырылған онкүндік

Қарашаның 13-22 аралығында республика өңірлерінде Халықаралық шылым шегушіліктен бас тарту күніне (2017 жылғы 19 қараша) орайлыстырылған онкүндік өткізіледі.

Шылым шегушілік Европа өңіріне кіретін 900 млн. халқы бар, оның 252 млн (28%) шылым шегетін 53 мемлекттің қоғам денсаулығының өзекті проблемасы болуда.

ДДҰ дерегі бойынша шылым шегудің салдарынан жыл сайын 7 миллиоға жуық адам көз жұмады және 2030 жылға таман темекі шегудің салдарынан өлім жітім 8 миллионнан асып кетуі мүмкін.

Өлім жітімнің негізгі себебі, өмір сапасына ауыр соққы болушы, өмір ұзақтығын елеулі қысқартатын, созылмалы аурулар болуда. Оларға жүрек-қан айналымы аурулары, бронхының созылмалы қабынуы, эмфизема, демікпе және түрлі онкологиялық аурулар, соның ішінде өкпе обыры жатады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалалар Ұлттық орталығының деректері бойынша Қазақстанда 2015 жылы шылым шегушіліктің таралымы 18,3% (ерлер арасында- 28,5%, әйелдер арасында 8,5%) болды. Жастар арасындағы ғаламторлық сауалнама бойынша көрсеткіш 3,2% асты, соның ішінде 3,9% ер балалар, 2,3% қыздар арасында болды.

Халықаралық Конвенцияда жазылған іс қимылдарға адамдарды темекі түтінінен қорғау, жарнамаға тосқауыл қою, кәмілет жасын жетпегендерге темекі сатпау, темекі қораптарына темекінің ағзаға зияны туралы ескертулерді жазуды талап ету, темекі тұтынуды азайтуға ықпал ету, темекіге салықты көтеру және темекі шегушілікке қарсы күресті үйлестіру бойынша ұлттық механизмдерді құру енгенін айта кеткен жөн.

Ақпараттық түсіндірме науқанын жүргізу мерзімінде мінез құлық қауіп қатер факторлары, бронхы демікпесі, артериялық қан қысымы, жүректің ишемиялық аурулары, қант диабеті денсаулық мектептерінің жұмыстары жандана түседі. Денсаулық мектептерінде шылым шегуден бас тартудың маңыздылығы және шылым шегушінің ауруының асқыну қаупін болдырмауда шылым шегушіліктің алдын алу мәселелеріне баса назар аударылатын болады.

Емханаларда топтай және жекелей кеңес бере отырып, темекі шегуден бас тарту әдеттерін қалыптастыру мәселелеріне баса назар аударылады, шылым шегуден бас тартуға ынталанған адамдарға кеңес беруге медицина және әлеуметтік қызметкерлердің, психологтардың баруы мүмкін.

Әрбір адам ешқашан темекіні тұтынбайтыны туралы міндетті қабылдай отырып, темекісіз тұрақты әлем құруға өз үлесін қоса алады.

Q0y_9SplgDA

2017 жылғы 10 қарашадан 10 желтоқсан аралығында АИТВ /ЖИТС-ның алдын алу бойынша айлық

2017 жылғы 10 қарашадан 10 желтоқсан аралығында АИТВ /ЖИТС-ның алдын алу бойынша айлық

2017 жылғы 10 қарашадан 10 желтоқсан аралығында Қазақстанда Дүниежүзілік АИТВ -ке қарсы күрес күніне орайластырылған АИТВ -ның алдын алу бойынша айлық өтеді.

2030 жылға қарай ЖИТС эпидемиясын жою 2015 жылы БҰҰ мүше елдер қабылдаған тұрақты даму мақсаттары құжаттарының тізімінде тұрған бірден бір мақсаттың бірі.

Республикалық ЖИТС алдын алу және күрес орталығының мәліметі бойынша 2017жылғы 9 айдың ішінде Қазақстан азаматтары арасынан 2087 АИТВ-жұқпасы тіркелді, соның ішінде 1266 ер адамдар ішінен, 821-әйелдерден.

Бүгінгі таңда өзінің АИТВ бар ауру адам мәртебесі барын білмейтін немесе АИТВ/ЖИТС емделуге және күтімге қолы жетпей жүрген адамдар баршылық. Олар бұл вирусты басқаларға таратуымен қауіпті, себебі бұл өзіне және қоғамға аса қауіпті.

Сондықтан ең басты мақсат республика халықының, әсіресе жастар арасында, АИТВ жұқыру және алдын алу мәселелері бойынша хабардарлық деңгейін, соның ішінде психикалық белсенділікті арттыратын заттарды қолданудан бас тарту, жауапты және қауіпсіз әдетті қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және мүдделі барлық тараптардың ведоствоаралық әрекеттестіктігін нығайту арқылы арттыру.

Ақпараттық-түсіндірме науқанын жүргізу кезінде емханаларда ашық есік күндері өтеді. Тұрғындарға әр салалы мамандар- наркологтар, гинекологтар, фтизиатрлар, инфекционистер кеңестер береді.

Медицина қызметкерлері үшін оқыту семинар тренингтер өткізу жоспарланған, ұжымдар мен оқу орындарында акциялар, дөңгелек үстелдер, диспуттар, кездесулер өтіп, БАҚ сөйлеп, мақалалар беріледі.

АИТВ жұқпасы, аурудың спецификалық емес алдын алу шаралары, аурудың негізгі белгілері, ауру адамдарды ерте анықтаудың маңыздылығы, салауатты өмір салтының негізгі аспектілері туралы толық ақпараттар бар ақпараттық-ағарту құралдары таратылады. Облыс көлемінде тағы басқа да іс-шаралар өтеді.

mctCYUCY-AQ

2017 жылғы 23 қазанынан 1 қарашасы аралығы – Ұлттық алкогольден бас тарту күніне орайластырылған онкүндік

2017 жылғы 23 қазанынан 1 қарашасы аралығы – Ұлттық алкогольден бас тарту күніне орайластырылған онкүндік

28 қазанда Ұлттық алкогольден бас тарту күні өткізіледі. Биыл ішімдікті шамадан тыс тұтынудың алдын алу бойынша онкүндік 2017 жылғы 23 қазанынан 1 қарашасы аралығында «Біз ұрпағымыздың сау болуын қолдаймыз!» ұранымен өтеді.

Өткізілетін іс-шаралардың негізгі мақсаты-ішімдіктің зияны, ішімдікті, соның ішінде пиваны, тұтынуды төмендетуге бағытталған тиімді шаралар туралы білімділік деңгейін арттыру.

Әлемдік деңгейде ішімдік — қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы басым үш мәселенің бірі. Еуропа одақтарындағы елдерде ішімдікті тұтынуға жыл сайынғы 120 000-ға жуық мезгілсіз өлім-жітім дерегі, яғни еркектер арасындағы әр 7-ші дерек пен әйелдер арасындағы әр 13-ші дерек байланысты.

Әсіресе Европада ішімдіктің есебінен болатын өлім-жітім ауыртпалығының үлесі созылмалы аурулар – бауыр циррозы, қатерлі ісік пен жүрек-қантамыр ауруынан болатын өлім-жітім категориясына және жіті себептер – оқыс пен қасақана алған жарақаттың салдарынан болатын өлім-жітім категориясына тиесілі.

Ішімдіктің есебінен болатын басқа өлім-жітімдердің үлесі инфекциялық ауруларға (туберкулез, АИТВ мен пневмония), психикалық-неврологиялық жағдайларға (қояншық, ішімдікті тұтынудың салдарынан болған бұзылыстар) және неонаталды жағдайларға (фетальді алкогольді синдром) тән болады.

ДДҰ-ның ғаламдық мақсаты 2025 жылға дейін ішімдікті шамадан тыс тұтынуды кемінде 10%-ға біршама шектеу болып табылады.

2012-2020 жылдарға арналған Ішімдікті шамадан тыс тұтынуды шектеу жөніндегі Еуропалық іс-қимылдар жоспарының мәліметтері бойынша ұлттық деңгейде қызмет шеңберінде жүзеге асырылатын аса тиімді араласу шараларының бірі ішімдіктің қолжетімділікті реттеу жүйесі болып табылады.

Сонымен қатар, жас тұлғалар мен жасөспірімдердің ішімдікті тұтынуы мен қолжетімділікті төмендету үшін барлық қолданыстағы заңнамалық нормаларды сақтауда барлық қоғамның, оның ішінде отбасы, академиялық орта, құқық қорғау органдары, ҮЕҰ, БАҚ және басқа да мүдделі тараптардың өзара әрекеттерін күшейту үлкен маңызға ие.

m00kpkH_uQs

2017 жылғы 10 қазан- Дүниежүзілік психикалық денсаулық Күні

2017 жылғы 10 қазан- Дүниежүзілік психикалық денсаулық Күні

10 қазанда Республика өңірлерінде «Жаның сау болмай, денің сау болмас!» ұранымен психикалық денсаулық күніне арналған іс-шаралар өтеді.

Іс-шаралар қоғамды психикалық денсаулықты сақтау мен нығайтудың маңызы туралы ақпараттандыруға бағытталған. Өзіне өзі қол жұмысаудың алдын алу, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуды алдын ала ескерту мәселелері өзінің маңыздылығын жойған жоқ.

ДДҰ-ның мәліметтері бойынша психикалық бұзылыстардың ауыртпалығы өсуін және әлем бойынша денсаулық сақтау жүйесіне елеулі әсер етуін жалғастырып, әлеуметтік сала, адам құқығы мен экономика үшін салдары қауіпті болады. Қазір денсаулыққа зиянды күйзелісті төмендетуге бағытталған шаралардың әлеуетті оң тиімділі және олардың өзіне-өзі қол жұмсау көрсеткіштерін төмендетудегі маңызы белгілі.

Сонымен, мысалы, ата-аналар тарапынан қолдаудың нашар болуы, балаларға қатал болу мен емшектегі және ерте жастағы балалардың ата-аналарының психикалық аурулары осы балалардың өмірінің соңғы кезеңдерінде депрессия мен қорқынышты дамытуға әкелуі мүмкін, сонымен қатар болашақ ұрпақтың ата-аналар мен балалар арасындағы берік байланыстар мен әлеуметтік қолдау мұндай қауіптерді азайтуы мүмкін.

Жүктілік кезінен бастап ата-аналарды тиімді қолдау мен ағарту — балалардың ауруларға төзімділігін арттыруға, олардың оқудағы жемістері мен психикалық саулығын жақсартуға, сонымен қатар өмірде алаңдаушылық пен депрессияның даму қаупін азайтуға қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Динамикалық бақылаудағы психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстармен ауыратын науқастар контингенті 2016 жылдың соңында ел бойынша 100 000 тұрғынға шаққанда 1092,1-ті құрап, аса көп көрсеткіш Қарағанды облысында (100 000 тұрғынға шаққанда 1910,4), Қостанай облысында (100 000 тұрғынға шаққанда 1859,5) және Шығыс Қазақстан облысында (100 000 тұрғынға шаққанда 1421,4) анықталған.

Психикасы бұзылған тұлғаларға көмек пен қолдауды басқа айналадағылар да көрсетуі қажет. Мұндай адамдарға олардың қажеттіліктеріне бейімделген оқу бағдарламаларына мүмкіндік алуға, қоғамдық өмірге белсенді қатыса алулары үшін жұмыс пен тұрғын үй іздеуге жиі көмек көрсету қажет.

TdSBy4y087I

16-25 қазан аралығы-әйелдер денсаулығын қорғау онкүндігі

16-25 қазан аралығы-әйелдер денсаулығын қорғау онкүндігі

Қазақстанда 16-25 қазан аралығында сүт безі обыры туралы хабардарлықтың Дүниежүзілік Күні аясында әйелдер денсаулығын қорғау онкүндігі өткізіледі.

Іс-шаралардың басты мақсаты: қоғам назарын сүт безі обыры деген ауруға аударып, осы ауру туралы, сүт безін ерте анықту және сәтті емдеу мүмкіндігін жоғарлататын скринингттік және медициналық қаралудың маңызы туралы хабардарлық деңгейін жоғарлату, сондай-ақ әрбір қазақстандықтың өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру.

Көз алдыңызға елестетіп көрсеңізші: бүгінгі таңда дүниежүзінде онкологиялық аурулар сырқаттанушылық пен өлім жітімнің ең негізгі себебі болып, жақын арадағы 20 жылда обыр ауруымен жаңадан ауырғандардың саны 70% өсуі күтілуде.

2015 жылы обыр ауруынан 8,8 млн. адам көз жұмса, соның ішінде 571000 сүт безі обырынан. Соған қарағанда әйелдер арасында сүт безі обыры барлық обырлардың түрінен гөрі жиі кездеседі.

Дүниежүзінде жыл сайын 1,5 миллион әйелде жаңадан сүт безі ісігі анықталып, соның 400 мыңнан астамында нәтижесі өлім жітіммен аяқталады. Қазақстанда 2016 жылы онкологиялық аурудың электрондық регистрінің мәліметі бойынша 895 әйелде жаңадан сүт безі обыры анықталды. Орташа есеппен обыр ауруынан болған өлім жітімнің себебі дағды мен тамақтану рационына қатысты негізгі 5 қауіп қатерге байланысты болған. Олар-салмақ индексінің жоғарлығы, дене белсенділігінің жоқтығы, көк-өніс, жеміс жидекті төмен деңгейде, темекі мен ішімдікті аса көп тұтыну.

Сүт безі обырының алдын алу, тек әйелдердің сауттылығы, құқығы мен мүмкіндіктерін пайдалану ғана емес, ол-дәргерлердің кәсіби біліктілігі.

Аурудың алдын алу стратегиясына, белсенді түрде қауіп қатер факторларынан аулақ болу, адам папилломасы тудыратын жұқпалы аурулар мен В вирусты гепатитіне қарсы екпе алу, жұмыс орынында қатер тудыратын көздермен күресу, ультра күлгінді сәулелердің әсерін қысқарту, жұмыс орнында және медициналық тексеріс кезінде болатын ионды сәуленің әсерін төмендету, қауіп қатерлер: дұрыс тамақтанбау, семіздік, дене белсенділігінің жоқтығы, шылым шегушілік және ішімдіктің зиянды мөлшерде тұтынудың келеңсіз әсерлерін болдырмау үшін еркін таңдау арқылы дұрыс дағдыларға бұру енеді.

Is9obX3woL4

2017 жылғы 1 қазаннан 1 желтоқсанға дейін- жіті респираторлы вирусті, пневмококкті жұқпалар және тұмаудың адлын алу айлығы

2017 жылғы 1 қазаннан 1 желтоқсанға дейін- жіті респираторлы вирусті, пневмококкті жұқпалар және тұмаудың адлын алу айлығы

2017 жылғы 1 қазаннан 1 желтоқсан аралығында біздің республикамызда жіті респираторлы вирусті, пневмококкті жұқпалар және тұмаудың адлын алу бойынша айлық өтеді.

Кең ауқымды ақпараттық-түсіндірме науқаны халықтың, әсіресе ауруға қарсы қауіп қатері жоғары адамдардың, соның ішінде ана сүтін еметін, сәби, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалары бар ата-аналардың жұқпалы аурулардың адлын алу және уақтылы екпе алу туралы парақшалар мен буклеттерді тарату арқылы білімділік деңгейін көтеруге бағытталған.

Сондай-ақ иммунды алдын алу мәселелері бойынша қоғамдық ұйымдар және діни конфессиялармен әрекеттестікте болу жоспарланған.

Дүниежүзілік денсаулық ұйымының бағалауы бойынша вирусты эпидемиялық маусым кезінде дүние жүзі бойынша жылына 250-500 мың адам өлім жітімге ұшырайды, оның көпшілігі 65 және одан жоғарғы жастағы түлғалар. Эмидемия кезінде жұмысты, мектепті босату күндерінің деңгейі өте жоғары болып. еңбек өнімділігі төмендейді. Аурудың және оның асқынуының алдын алудың ең тиімді түрі екпе. Дені сау адамдарды тұмауға қарсы екпе орта мөлшерде қорғай алады. Алайда егде адамдарды тұмауға қарсы екпе тиімсіз деңгейде қорғауы мүмкін, бірақ аурудың ауыр түрі мен өлім жітімін төмендетуі мүмкін.

Екпе дені сау ересек адамдардың тұмаумен ауыршаңдығын 70-90% төмендетуге мүмкіндігі бар, ал егде адамдар арасында аурудың асқынуын 60% өлім жітімді 80% төмендетеді.

Біздің елімізде Ұлттық екпе арқылы аурудың алдын алу кестесі жасалып бекітілген. Осы кесте бойынше 21 жұқпадан қорғануға болады.

Осы ақпараттық-түсіндірме науқаны аралығында Павлодар облысында медицина қызметкерлері арасында сандаған үйретуші семинар-тренингтер, аурудың алдын алу акциялары, дөңгелек үстелдер, диспуттар, екпенің артықшылығы, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін сақтау туралы кеңес беретін мамандарды жұмылдыру арқылы ашық есік күндерін, тәрбиелеу және білім беру ұйымдарының балалар және жасөспірімдері арасында ақпараттық-ағарту құралдары-парақшалар және буклеттер таратып, иммунды алдын алудың өзектілігі бойынша дәрістер, шығармалар және мүшәйралар өткізу, иммунды алдын алу және салауатты өмір салты аспектілері бойынша қоғамдық ұйымдар және діни конфессияларды жұмылдыра ақпараттық құралдарды басып шығару, тұратын жерге байланысты емханаларда профилактикалық қаралуды ұйымдастыру жоспарланған.

fZIcarG7aLc

Жүрегіңізді қорғаңыз

Жүрегіңізді қорғаңыз

Қазақстан Республикасының өңірлерінде 20-29 қыркүйек аралығында Дүниежүзілік жүрек күніне-29 қыркүйек, орйластырылған қанайналымы жүйесінің ауруларының алдын алу бойынша онкүндік өткізіледі.
Біздің облысымызда ақпараттық-түсіндірме науқаны аясында жұртты қанайналымы жүйесі ауруларынан туатын мәселелердің өзектілігіне және қанайналымы жүйесі ауруларының алдын ала отырып мәселелерді шешуге бірлескен күшті жұмылдыруға, жауапкершіліктерін арттыруға, қанайналымы жүйесі ауруларын ерте анықтау мен оның асқынуының алдын алуға скринингтік тексеруден уақытында өту қажеттілігі және өз денсаулығына ортақ жауапкершілігін арттыру туралы ақпараттандыруға бағытталған бірнеше іс-шаралар өтеді.
Осы мақсатта оку орындарында студенттер мен оқушылар арасында және басқа мүдделі тараптардың қатысуларымен қанайналымы жүйесі ауруларының, мінез-құлықтық қауіпті факторлардың алдын алу (темекіден, ішімдікті шамадан тыс тұтынудан бас тарту, дұрыс тамақтану мен дене белсенділігі қағидаларын сақтау) және биологиялық қауіпті факторлардың алдын алу мәселелері бойынша семинар–тренингтер, конференциялар, дөңгелек үстелдер өтеді.
Педагогтардың қатысуларымен түрлі акциялар өткізіліп, қанайналымы жүйесі ауруларының алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және денсаулықты нығайту, халыққа салауатты тамақтану дағдыларын қалыптастыру туралы ақпараттық-ағарту құралдары таратылады.
Салауатты өмір салтынының артықшылығы және аурудың алын алу бойынша қаралу мен скрингтен өтпеген жағдайда болатын әсерлері туралы жергілікті БАҚ сөйлеп, басылымдарда мақалалар жарияланып, ұйымдарда баспасөз коферециялар және семинарлар өткізіледі.
Медициналық санитарлық алғашқы көмек ұйымдарда кардиолог, эндокринолог, ЖПД, невропатолог, психолог және әлеуметтік қызметкерлерді тарту арқылы әрі қарай Денсаулық мектептерінде қауіпті факторларды түзеу арқылы жеке бастық қауіпті анықтау үшін артериялық қан қысымын өлшеу, қан құрамындағы қант пен холестерин деңгейін, физикалық параметрлерді, дене салмағы индексін анықтау арқылы Ашық есік күндерін өткізу.
28 қыркүйек сағат 15.00-те«Квазар» СҮ Салауатты өмір салтын қолдау орталығы емхананың медицина қызметкерлерінің қатысуымен «Жүрегіңді қорға» атты акция өткізеді. Акция барысында қан қысымы өлшеніп, салмақ индексі анықталады, жеке дара кеңестер беріліп, салауатты өмір салтының негізгі аспектілері және дұрыс тамақтану туралы ақпараттық- ағарту құралдары таратылады.
Сонымен қатар, Салауатты өмір салтын қолдау орталығының бастамасымен 29 қыркүйек сағат 19.00-да облыстық «Казахстан-Павлодар» телеарнасында мемлекеттік тілде «Денсаулык жолы» хабары эфирге шығады. Хабар жүрек-қантамырлар жүйесі ауруларын алдын алу, емдеу және осы мәселелер бойынша Павлодар облысында атқарылып жатқан жұмыс тәсілдеріне арналған.

Безымянный-45

Отбасы, білім және әл-қуат

Отбасы, білім және әл-қуат

Осындай атаумен Павлодар облысында 10 қыркүйекте Ұлттық отбасы күніне арналған кең ауқымды Шара өтеді.

Кең ауқымды Шара салаутты өмір салтын насихаттауға, әрбір адамның денсаулығын қорғауға және нығайтуға, отбасын жоспарлау мәселесіне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға, репродуктивті денсаулықты қорғауға және толық қанды, бақытты отбасылардында дені сау балалардың дүниеге келуіне мүдделі екенін тәрбиелеуге бағытталған.

Жоспарланған іс-шаралардың ішінде ана сүтімен емізудің пайдасы, дұрыс гигиеналық дағдылар, жыныс жолдарымен берілетін жұқпалы аурулардың алдын алу туралы теле-радиоарналарда айту және баспасөз құралдарында жариялау жоспарланған.

Халық көп жиналатын орындарда, сауда үйлерінде, емханалардың тіркеу орындарында мінез құлық қауіп қатер факторлардың (щылым щегушіліктің, маскүнемдіктің, психикалық белсенділікті арттыратын заттарды қолданудын және т.б.) алдын алу, иммунды екпе және аурудың алдын алу үшін алдын ала тексерілуді насихаттау туралы ақпараттық-ағарту құралдары таратылады.

Медициналық санитарлық алғашқы көмек ұйымдарында арнайы мамандардың (диетолог, окулист, ортапед, хирург психолог және т.б.) жұмылдырылыуымен ашық есік күндері өтеді.

Ашық есік күндері емханаға келушілердің қан қысымының, қанның құрамындағы қантың және холестериннің деңгейін, Кетле индексін анықтайды. Емханадағы жас ана, сау бала, мінез құлық қауіп қатер денсаулық мектептері белсенді жұмыс істейді.

Отбасы жұптары отбасын жоспарлау, босануға дайындық мәселелері бойынша алдын ала кеңес ала алады.

Әрине көбісі білімін Әлемдік ғаламтордан алады. Ғаламтордың арқасында біз түрлі аурулардың пайда болу себептерін, сондай-ақ денсаулығымызды сақтай отырып, ұзақ ғұмыр бойы ширақ та, іс-әрекетіміз қаблетті болу үшін не істеу керектігін білеміз.

Салауатты өмір салтын қолдау орталығының сайтында және әлеуметтік желілерде салауатты тамақтану, пайдалы азық-түлік (ол-көк-өніс, жеміс жидек, фортофицирланған, рафинарлыемес, төмен калорийлі, табиғи тағамдар және физиологиялық толық құнды ас су) туралы ақпараттар орналастырылған.

Мамандардың тәтті тағамдарды, жануарлар майларын, трансмай қышқылдарын, тұзды пайдалануды шектеу және оларды шектеусіз пайдаланған жағдайда денсаулыққа зиян болатыны туралы ұсыныстары орналастырылған, сонымен қатар онда күнде денеге түсетін қажетті ауырлық, бүкіл отбасы мүшелеріне арналған гимнастикалық және сауықтыру іс-шаралар ұсыныстары туралы ақпарат табуға болады.

27-08-14-nankin_kazakhstan-1-500x332

«Денсаулық фестивалі» 2017 жылы «Біздің денсаулығымыз өзіміздің қолымызда!» девизімен өтеді

«Денсаулық фестивалі» 2017 жылы «Біздің денсаулығымыз өзіміздің қолымызда!» девизімен өтеді

Жеткіліксіз дене белсенділігі әлемдегі өлім-жітімнің басты факторларының бірі болып табылады және оның деңгейі барлық елдерде өсіп, жұпалы емес аурулардың (әрі қарай-ЖЕА) ауыртпашылығын арттырып, әлем бойынша жалпы денсаулыққа әсер етуде. Дене белсенділігі жеткіліксіз адамдарда дене белсенділігіне жеткілікті уақыт бөлетіндермен салыстырғанда өлім-жітім қаупі 20%-30%-ға жоғары.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша дене белсенділігінің жеткіліксіздігі инсульт, қант диабеті және обыр секілді жұқпалы емес аурулардың қауіпті факторы болып табылады. Көптеген елдерде адамдардың дене белсенділігімен айналысуы күннен-күнге азайып барады.

Әлемде мектепке баратын ересектердің 23%-ы және жасөсіпірімдердің 81%-ы дене белсенділігінің жеткіліксіздігін көруде.

Барлық денсаулық сақтау ұауымының міндеті белсенді өмір салтын төмен деңгейден жоғары деңгейге дейін көтеруге ақпараттандыру мен жігерлендіру деңгейін көтеру үшін барлық мүдделі тараптармен бірлескен жұмысын күшейту.

2017 жылдың 9 қыркүйегінде «Біздің денсаулығымыз – өз қолымызда!» ұранымен Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметіннің 20 жылдығына орайластырылған «Денсаулық фестивалі — 2017» өткізіледі.

Денсаулық фестиваліне қатысуға облысымыздың барлық тұрғындары мен қонақтары жас мөлшеріне қарамай, оқушылар мен студенттер, белсенді өмірлік ұстанымы бар ардагерлер, зейнеткерлер шақырылады.

Әрбір ниет білдіруші өзін спорттық сайыстар және денсаулығын нығайтуда шығармашылық жол табу арқылы көрсетіп, позитивті көңіл –күй ала алады.

«Жаяу жүру марафоны», «Менің денім сау болса-елім сау» девизімен флешмоб, Павлодар қаласының Орталық жағалауында түрлі түсті шарларды ұшыру ұйымдастырылады. Сонан соң «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» шара өтеді, онда кез келген ниет білдіруші Денсаулық фестивалі бағдарламасы туралы фото түсіріп, оны «Біз слауатты өмір салтын ұстанамыз» хэштегімен әлеуметтік желілерге сала алады.

Ең физикалық белсенді спорттың түр-түріне әуесқойлар және спортшылар үшін «Салауатты рух» атты сайысы ұйымдастырылады.

Әрбір ниет білдіруші өзінің көңіліне және әл қуатына сай ермек таба алады.

020714_600

Балалардың өмірін сақтайық!

 

Балалардың өмірін сақтайық!

Осы ұранмен республикамызда 2017 жылдың 1-10 қыркүйегі арасында «Назар аударыңыз, бағдаршам!» девизімен жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша онкүндік өткізіледі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының мәліметтері бойынша жол-көлік оқиғасының (әрі қарай-ЖҚО) нәтижесінде өлім-жітім деректерінің саны (2013 жылы 1,25 миллион) 2007 жылдан бастап өзгеруде. Бұл соңғы жылдары іске асырылып отырған ғаламдық жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту бойынша шаралардың адам өмірін сақтауға әкелетінін болжауға мүмкіндік береді.

Алайда 5-18 аралығындағы жастар арасында ЖКО өлім-жітімнің негізгі себебі болуда. Қазақстанда 2014 жылмен салыстырғанда ЖКО-дан зардап шеккен кәмелеттік жасқа толмағандардың санының 1,5% (1 519/1 542) өсуі байқалады. Сонымен, 17 жасқа дейінгі ЖКО-дан зардап шеккен кәмелеттік жасқа толмаған тұлғалардың 862-сі (56%) –жаяу жүргінші болса, 605-і (39, 2%)-жолаушы, тек 52-сі (3,4%)–велосипедші, 22-сі (1,4%) — жүргізуші.Сонымен, ай сайын 5 кәмелеттік жасқа толмаған жаяу жүргінші қаза тапса, орта есеппен 167-сі зардап шегеді.

Біздің республикамызда жол полициясы қызметкерлермен бірлесіп мектепке дейінгі ұйымдардан бастап, мектептерде, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жарақаттың алдын алу бойынша жұмыстар өткізілуде, жол жүру жас инспекторларының «Қауіпсіз жол» слетін өткізу жоспарланған.

Онкүндік өткізу аясында медицина санитарлық алғашқы көмек ұйымдарында арнайы мамандар: травматолог, хирург, нейрохирург, окулист, психоневрологов және т.б. жұмылдырылған дәстүрлі ашық есік күндері өтеді.

Жол-көлік жарақаттың алдын алу, соның ішінде жол ережесін сақтау мәселелері, алғашқы медициналық көмек бойынша семинарлар, тренингтер өткізу жоспарланған.

Халықтың ақпараттың білімін көтеру үшін жергілікті теле и радио- араналарда

медицина санитарлық алғашқы көмек ұйымдары, ІІД мамандарының жол жүру ережелерін сақтау, елді мекендер ішінде, републикалық жол трассаларында жылдамдық ережелерін сақтау, жасөспірімдер мен жастардың демалатын орындарда, сондай ақ қоғамдық тамақтану орталықтарында, әуежәйларда, көлік-теміржол бекеттерінде мінез құлық қауіпсіздігін сақтау ережелелері туралы сөз сөйлеуі ұйымдастырылады.

Ақпараттық-түсіндірме нуқаны кезінде автокөлікті жүргізуге кедергі жасайтын ағзаның ақымдануын және ауруын ерте анықтау үшін уақтылы аурудын алдын алу бойынша тексерістен өту керектігіне аса назар аударылады.

Осы кездегі іс-шараларға қатысушы әрбір адам жарақаттың алдын алу, соның ішінде, жол ережелерін сақтау, уақтылы алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері, салауатты өмір салты аспекталары туралы (мысалы, ішімдікті, психикалық белсенділікті арттыратын заттарды шектен тыс қолданудың зияны туралы) ақпараттық-ағарту құралдарын ала алады.

 

9441579538

2017 жылғы 1-7 тамыз аралығында ана сүтімен тамақтандыру Ұлттық апталығы

2017 жылғы 1-7 тамыз аралығында ана сүтімен тамақтандыру Ұлттық апталығы

Қазақстанда 2017 жылғы 1-7 тамыз аралығында «Баланы емізу – тұрақты дамудың кілті!» тақырыбында ана сүтімен тамақтандыру Ұлттық апталығы өткізіледі. Апталықтың мақсаты: 2 жасқа дейін баланы емізу, оның балалардың ақыл-ойының дамуына әсеру етуі, өмір бойы денсаулықты күшейту мен сақтау туралы халықты (оның ішінде жас аналарды) ақпараттандыруды арттыру.

Айта кету керек, жаңа туған баланың алғашқы 28 күнде — «нәрестелік кезең» — балалар өздерінің өміршеңдігі жағынан өте осал болып табылады және динамикада төмендеуіне қарамастан Қазақстан Республикасында балалардың өлім-жітімі Экономикалық ынтымақсатық және даму ұйымдарының (ЭЫДҰ) көрсеткіштерінен үш есеге артық.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2016 жылдан бастап ана мен бала өлімінің көрсеткіштерін төмендетуге бағытталған шараларды қарастыратын 2019 жылға дейін босану мен балалық шақ қызметтерінің біріктірілген үлгісі бойынша Жол картасын енгізуде.

Өткізілетін ақпараттық-түсіндірме науқаны халықпен, соның ішінде жас отбасылары, отбасын жоспарлау, босануға дайындық, жас аналар, дені сау балалар денсаулық мектептертеріне қатысушылар, әлеуметтік дәрежесіне қарамай ана сүтімен қоректендіретін әйелдер, барлық деңгейдегі медицина қызметкерлермен жұмыс жүргізуге бағытталған

Туғаннан 2 жасқа дейін баланы ана сүтімен емізудің маңыздылығы, оны қолдау және мадақтау мәселелері бойынша, өмір бойы денсаулықты күшейту мен сақтауда салауатты өмір салтының артықшылығы, салауатты тамақтанудың және дене белсенділігінің маңыздылығы мәселелері бойынша

жергілікті теле- радиоарналар эфирінде арнайы дайындалған бағдарламалар жүргізіледі.

Босандыру ұйымдарының, ауруханалардың неонаталды бөлімдерінің, МСАК, ауылдық дәрігерлік амбулаториялардың және басқа да медицина ұйымдарының медицина қызметкерлері үшін ана сүтімен емізуді қолдау және оның принциптері бойынша семинарлар, тренингтер өткізіледі.

Ашық есік күндерінде педиатр, неонатолог, акушер-гинеколог, хирург, ортопед, нейрохирург, невропатолог және т.б. мамандардың қатысуымен алдын ала қаралудың, неонаталды және есту қабілетін тексеру скринигінің, балалардың аурушаңдығын алдын алуға және болашақта оның денсаулығын қорғауға әсерін тигізетін екпенің маңыздылығы, ана сүтімен емізетін әйелдердің салауатты тамақтануы, жек бас гигиенасы туралы кеңес беріледі.

Барлық ерік білдірушілер тақырыпқа сәйкес ақпараттары бар парқшалар, буклеттер ала алады, емханалар мен медициналық орталықтарда олардың қан қысымы өлшенеді, қанның құрамындағы қанттың және холестериннің деңгейі, Кетле индексі анықталады.

Отбасы жұптарына ынталандыру принциптерін ескере отырып, жеке тұлға деңгейінде денсаулықты қорғау әдеттерін дағдыландыру, тамақтану мәдениеті, дене белсенділігі бойынша алын алу кеңестері жоспарланған.

Денсаулық мектептерінің жұмыс істеу кестесі, ашық есік күндерінің өткізілуі жөнінде толық ақпаратты өзіңіз тіркелген емхананың тіркеу бөлімінен ала аласыз.

280716_1

2017 жылғы 28 шілде — Дүниежүзілік вирустық гепатитпен күрес күні

2017 жылғы 28 шілде — Дүниежүзілік вирустық гепатитпен күрес күні

28 шілдеде республика өңірлерінде Дүниежүзілік вирустық гепатитпен күрес күні өткізіледі.

Бүгінгі таңда вирустық гепатит халықаралық деңгейдегі салыстыруға келетін басқа АИТВ, туберкулез және безгек секілді инфекциялық аурулармен қоғамдық денсаулыққа айтарлықтай қауіп тудырады. Әлемде шамамен 240 миллион адам В гепатитінің вирусымен, ал 130-150 миллион адам С гепатитінің вирусымен созылмалы ауырады. Инъекциялық есірткілерді қолданумен байланысты С гепатитінің індеті барлық өңірлерде байқалады; анықтамаларға сәйкес инъекциялық есірткілерді тұтынатын тұлғалардың шамамен 67%-ы С вирустық гепатитін жұқтырған.

А және Е вирустық гепатиттерімен күресудің негізі санитарлық-гигиеналық жағдайды жақсарту мен азық-түлік пен судың қауіпсіздігін қамтамасыз ету секілді факторлар болып табылады.

В және С вирустық гепатиттерінің жұғуының алдын алу үшін жеке тазалық ережелерін ұстану, оның ішінде тек жеке бастың гигиена құралдарын (қырынуға арналған білдек, қайшы, манюкирге арналған жиынтықтарды) қолдану ережесін, қауіпсіз жыныстық байланысты сақтау, медицина қызметкері тарабынан құрал-жабдықтардың залаласыздандырылуы мен қолданылуын қатаң бақылау, сондай-ақ В гепатитінің алдын алудың ең тиімді шарасы ретінде уақытында вакцинациялау қажет.

Сонымен қатар, гепатиттің алдын алу шаралары басқа облыстардағы халықтың денсаулық көрсеткішін жақсартуға, оның ішінде АИТВ инфекциясы, жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардың және қан арқылы жұғатын басқа инфекциялардың алдын алуға ықпал етеді.

Гепатитпен күресте аурудың алдын алуды күшейту, бауыр циррозы, гепатоцеллюлярлық обыр түріндегі асқынулардан болатын өлім-жітімді төмендету, барлық қоғамды тарту, оның ішінде В гепатитіне қарсы вакцинациямен қамтуды кеңейту, ауруды ерте диагностикалау мен емдеу мақсатында вирустардың жұғу жолдары туралы халықты ақпаратттандырудың рөлі зор.

Осы тақыпқа қатысты проблема мәселерін шешу үшін қоғамның бірлескен күш жігері қажет, соның ішінде В гепатитіне қарсы вакцинациямен қамтуды кеңейту, ауруды ерте диагностикалау мен емдеу және әрине салауатты өмір салтын насихаттау, әрбір ересек адамның өзінің және өзінің балаларының денсаулығына деген ынтымақты жауапкершілікті қалыптастыру.

Безымянный-17

5 — 14 маусым аралығында жіті ішек жұқпасы бойынша онкүндік

5 — 14 маусым аралығында
жіті ішек жұқпасы бойынша онкүндік

2017 жылдың 5-14 маусымы аралығында Қазақстан өңірлерінде жіті ішек жұқпасының алдын алу жөнінде онкүндік өтуде.
Іс-шаралар қоғамның азық-түлік пен жеке тазалықты сақтауға қатысты адамның өзінің қауіпсіздігінің тиімді жүйесін және денсаулықты нығайту үшін қауіпсіз тамақтанудың маңызды қағидаларын қамтамасыз ету мәселелеріне назарын аудару.
Азық-түліктің ластануы өндірістік-саты тізбегінің кез келген кезеңінде болуы мүмкін, ал қауіпсіздікті қамтамасыз етуге басты жауапкершілік азық-түлікті өндірушілерге артылады. Дегенмен көп жағдайда тағамдық аурулармен байланысты оқиғалар үйде, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында және базарларда азық-түлікке қарау ережелерін сақтамаудан болады. Тамақ өнер кәсібінің жұмыскерлері мен тұтынушылардың бәрі өз денсаулығы мен толықтай қоғам мүшелерінің денсаулықтарын қорғауды қамтамасыз етудегі, мысалы азық-түліктерді сатып алғанда, сатқанда және дайындағанда негізгі гигиена ережелерін сақтауда өздерінің рөлдерін түсіне бермейді. Әр адам азық-түліктердің қауіпсіздігін қаматамсыз етуге үлестерін қоса алады. Қолдың тазалығы инфекцияның таралуын азайту үшін басты шара болып табылады.
Онкүндік аясында халық арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Медициналық алғашқы санитарлық көмек мекемелерінде ашық есік күндері өтеді. Денсаулық мектептерінде педиатр, гастроэнтеролог, инфекционист мамандарды жұмылдыру арқылы тақырыпқа сәйкес ЖІЖ алдын алу, ана сүтімен тамақтандырудың маңызы, қауіпсіз тамақтану қағидалары және жеке тазалықты сақтау мәселелерін түсіндіру мақсатында сабақтар өтеді
Қоғамдық денсаулық сақтау комитеттері департаменттері өкілдерін және бейінді мамандарды тарту арқылы ЖІЖ-на қарсы сақтандыру шаралары, алғашқы белгілері, ЖІЖ кезіндегі алғашқы көмек, соның ішінде мектеп жанындағы, жаздық және сауықтыру лагерлерінде, балалар үйінде, интернаттар және басқада мектеп және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде жеке және қоғамдық гигиена дағдыларына баулу.
Сонымен қатар емханаға келушілер ЖІЖ болдырмау үшін парақша және буклет түрінде пайдалы да қызықты ақпарат ала алады, стенд пен санитарлық бұрыштарында, санбюллетеньдерде қауіпсіз тамақтану және жеке тазалықты сақтаудың 5 қағидаларын оқи алады.

vsemirnii-den-borbi-s-kureniem.orig

31 мамыр Дүниежүзілік темекі шегумен күрес күні

31 мамыр Дүниежүзілік темекі шегумен күрес күні

31 мамырда Қазақстан Дүниежүзілік темекі шегумен күрес күнін атап өтеді.

Осы күн аясында Павлодар облысы бойынша 1 мамырдан бастап «Темекі – даму үшін қауіпті» тақырыбында айлық өтуде.

Ақпараттық-түсіндірме науқанының, оған қатысушылардың  бірі салауатты өмір салтын қолдау орталығы, негізгі мақсаты- темекі бұйымдарын тұтынудың түрлі аурулардың, соның ішінде жүрек-қантамырлары, онкологиялық,  созылмалы обструктивті өкпе арулары және диабеттің дамуына өзара  байланысын атап өту, сондай-ақ адамдардың темекі бұйымдарын ешқашан тұтынбауға немесе осы әдеттен бас тартуға міндет қабылдау арқылы темекісіз тұрақты әлемді құру әрекетіне халықты жұмылдыру.

Жыл сайын темекіні тұтынудың нәтижесінде 6 миллонға жуық адам қаза табады, егер күш жұмылдырылмаса, болжамға сәйкес 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш жылына 8 миллион адамнан асады. Темекіні тұтыну кез келген адамның жынысына, жасына, нәсіліне, мәдениеті немесе біліміне қарамай қауіп тудырады.

Халықаралық агенттіктің обырды зерттеу жөніндегі қорытындысы бойынша темекі шегумен өкпе обырының пайда болуының 70-95% дерегі байланысты, ал шылымқорлар арасында оның даму қаупі орта есеппен темекі шекпейтіндерге қарағанда 10 есе жоғары. Әлемде темекі шегу еркектер арасында өлім-жітімнің 12%-ның және әйелдер арасында 6%-ның себебі болып табылады.   Темекі шегудегі ахуалды дұрыс  жаққа өзгертіп, әлемді темекінің зиянды әсерінен арылту үшін белгілі бір күнді тосу міндетті емес.

Әр адам ешқашан темекі бұйымдарын тұтынбауды міндетіне ала отырып, темекісіз тұрақты әлемді құруға өз үлесін қоса алады.

Ал темекіні тұтынатындар осы әдеттеріне бас тарта немесе тиісті көмекке жүгіне алады, ол да олардың денсаулықтарын сақтап, пассивті шылым шегуге ұшырайтын адамдарды, соның ішінде балалар, басқа отбасы мүшелері мен достарының денсаулықтарын сақтайды.

Темекіге жұмсалмаған ақша, өз кезегінде басқа маңызды қажеттіліктерге, соның ішінде дұрыс тамақтану үшін азық-түлік сатып алуға, дене белсенділігімен айналысуға және басқа денсаулық сақтайтын технологияларға жұмсалуы мүмкін.

e5cc9179b12ae8dcdebc45f2caa6551a

2017 жылғы 15 мамырдан Қазақстанның барлық өңірлерінде «Сау болған — өте жақсы!» ұранымен спартакиада бастау алды

2017 жылғы 15 мамырдан Қазақстанның барлық өңірлерінде «Сау болған — өте жақсы!» ұранымен спартакиада бастау алды

15 мамырдан Қазақстанда «Сау болған — өте жақсы!» ұранымен Медицина қызметкерлері күніне орайластырылған медицина қызметкерлерінің спартакиадасы бастау алды.

Іс-шаралардың негізгі мақсаты – медицина қызметкерлері арасында жеткілікті дене белсенділігінің маңызы туралы ақпарат беруді арттыру, дене белсенділігімен айналысуға медицина қауымын жұмылдыру, медицина қызметкерлерінің өз денсаулықтарына ортақ жауапкершіліктерін, соның ішінде МӘМС-ті енгізу шеңберінде қалыптастыру және халық арасында насихаттау.

Спартакиада шеңберінде волейболдан, мини-футболдан, жеңіл атлетикадан, үстел теннисінен, армреслингтен және Ұлттық спорт түрлері: арқан тарту, асық ату, қазақша күрес, қыз қуу, көкпар,тоғызқұмалақ бойынша жарыс өткізіледі.

Дене белсенділігі – адамның басты қызметтерінің бірі. Бұл өмір бойғы денсаулықтың маңызды іргетасы. Денсаулық үшін дене белсенділігінің белгілі пайдалы тиімділігіне жүрек-қантамыр ауруы, гипертензия, қант диабеті мен обырдың кейбір түрлерінің қаупін төмендету жатады, сондай-ақ кешенді жүргізген кезде кейбір созылмалы жағдайларға пайдалы. Сонымен қатар, ол психикалық денсаулыққа оң әсер етіп, күйзелісті, алаңдаушылық пен депрессияны төмендетеді. Дене белсенділігі қартайғанда денсаулықты, қозғалыс пен қызметтік тәуелсіздікті сақтауға және ұзақ ғұмыр кешуге оңды ықпал етеді.

Алайда, дене белсенділігінің пайдасының бар екені белгілі балғанымен дене белсенділігінің жеткілікті деңгейін ұстап тұру қиындай түсуде, себебі соңғы жылдары біздің күнделікті өміріміз өтіп жатқан сыртқы ортада көп жағдайлар елеулі өзгерістерге ұшырады. Жеткіліксіз дене белсенділігінің себептері біртіндеп күнделікті өмір жағдайы мен жұмыста көп отыруға алып келетін жүйелі және жағдаятты факторлар себеп болуда. Тұратын жер мен жұмыстың, бос уақытты өткізетін оры мен дүкеннің арақашықтығы артқандықтан адамдар көбінесе көлікті қолданып, аз жаяу жүретін және велосипедті аз тебетін болды.

Салауатты өмір салтына назар аудару және спортпен шұғылдануды насихаттау мақсатында спартакиада медицина қызметкерлерінің, медицина қауымдастығының, медицина колледждерінің, жоғарғы оқу орындарының студенттерінің, мұғалімдер құрамының, мүдделі халықтың қатысуларына есептелген. Павлодар облысында спартакиаданы ұйымдастырушылары болуға денсаулық сақтау басқармасы, медицина ұйымдары, салауатты өмір салтын қолдау орталығы, сонымен қатар әкімдіктер, дене шынықтыру және спорт басқармасы, медицина қызметкерлерінің кәсіподақтар комитеті, ҮЕҰ, БАҚ ниет білдірді.

image002

2017 жылғы 1маусымнан 1 шілдеге дейін нашақорлықтың алдын алу бойынша айлық

2017

Қазақстан Республикасының өңірлерінде «Жастар есірткілерге қарсы!» ұранымен 2017 жылдың 26 маусымында Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналысымен күрес күні және оған ұштастырылған 2017 жылдың 1-маусымы мен 1 шілдесі аралығында нашақорлықтың алдын алу жөнінде айлық өткізіледі.

Айлық негізгі мақсаты: психологиялық белсенді заттектерді тұтынудың салдары туралы халықты ақпараттандыру деңгейін арттыру; ПБЗ-ға кері көзқарасты және қазақстандық қоғамда есірткілік құралдарды тұтынудың әлеуметтік өрескел бейнесін қалыптастыру.

Ойланып көріңізші: ДДСҰ мәліметі бойынша психологиялық белсенді заттектерді тұтыну жылына 400 000 аса өлім-жітім дерегінің себебі болып табылады!

2014 жылы есірткіні 15-64 жас аралығындағы әр жиырмасыншы ересек адам тұтынған, барлығы миллиардтың төрттен бір бөлігі, яғни Германия, Италия, Біріккен Корольдік пен Франция бәрін бірге алғанда халық санына сәйкес. Соның ішінде, есірткіні тұтынатын 29 млн. аса адам осы түрлі бұзылулардың нәтижесінде зардап шегеді, оның ішіне есірткіні ине арқылы тұтынатын, оның 14 %-ы АИТВ-ға шалдыққан 12 млн. адам кіреді.

Есірткілерді тұтынудың бастапқы алдын алу – өзін-өзі сақтайтын мінез-құлыққа жағдай жасауға және жасөспірімдер мен жастардың ПБЗ тұтыну мүмкіндіктерін жоюға барлық мүдделі тараптардың, соның ішінде отбасы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, ішкі істер салалары, бұқаралық ақпарат құралдарының міндеттері.

89448-preview-image

МӘМС жүйесінде сіз өзіңіздің мәртебеңізді анықтадыңыз ба?

МӘМС жүйесінде сіз өзіңіздің мәртебеңізді анықтадыңыз ба?

2017 жылғы 30 маусымға дейін еліміздің барлық тұрғындары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өзінің мәртебесін анықтауы қажет. Соған байланысты сақтандыруды кім төлейтіні анықталады: мемлекет, жұмыс беруші, әлде өздігінен.

Егер де адамда сақтандыру болмаса жедел медициналық көмектен басқа жоспарлы түрінде медициналық көмек көрсетілмейді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі Қазақстанда 2018 жылдың 1 қаңтарынын енгізіледі. Қазір таңда еліміздің тұрғындарына жаңа жүйенің қалай жүзеге асатыны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстанда 2017 жылғы 5 сәуірден 30 маусым аралығында «МӘМС жүйесінде сіз өзіңіздің мәртебеңізді анықтаңыз!» атты тұрғындардың емханаларға бекітілу науқаны бастау алды.

Әрбір азамат өзінің шынымен емханаға бекітілгенін анықтау үшін кез келген емхананың колл-орталығының телефонына звондай алады.

Қазір ең маңыздысы өзіңіздің мәртебеңізді анықтап алу: жалдамалы жұмысшысыз ба, жекеменшік кәсіпкерсіз бе, зейнеткерсіз бе, студентсіз бе және т.б. Әрбір адам өзінің халықтың қандай санатына жататынын түсіну қажет.

Егер сіз жекеменшік кәсіпкер болсаңыз, сіз салық төлеушілерге жүгінуіңіз қажет, олар жарнаны қалай дұрыс төлеу керектігін айтып береді.

Егер сіз жұмыссыз болсаңыз, онда қалалық, аудандық, облыстық жұмыс беру орталықтарында сізге қалай тіркелу және мәртебе алу жөнінде түсінік береді.

Егер адам жұмыс істейтін болса, онда 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап ол үшін сақтандыру жарнасын жұмыс беруші төлейді, ал 2018 жылдың басынан бастап жарнаға қосымша өз төлемі қосылады.

Тағы да назарларыңызды аударғымыз келетіні, жұмыссыз адам міндетті түрде жұмыс беру орталықтарында тіркеуге тұру қажет. Тек сонда ғана оның сақтандыруын мемлекет төлейді.

2017 жылғы 1 маусымнан бастап төлеушілер болып жекеменшік кәсіпкер саналады. Олардың қатарына азаматтық-құқықтық еңбек келісм шарты бойынша еңбек етушілер жатады, мысалы нотариустер, меншікті сот орындаушылар, адвокаттар. Олар ең төменгі екі айлық жалақының 5% мөлшерінде жарна төлейді. Ендігі жылы ол сома айына 2828 теңгені құрайды.

Өзін–өзі жұмыспен қамтыған халық мәселесі алаңдатушылық тудыруда.

Бұл санатқа заңды кәсіпкерлікпен айналыспайтын, жеке өз бетінше үй шаруашылығымен немесе ресми тіркелмеген жұмыстармен айналысатын тұлғалар жатады. Бұларға тағы ауылшаруашылық кооперативтері және шаруа қожалықтары мүшелері, үй шаруасындағы әйелдер жатады. Белсенді емес тұлғалар медициналық сақтандыруды өздері төлейді-ең төменгі бір айлық жалақының 5% мөлшерінде, 2018 жылы төлем 1414 теңге жобасында болады.

Полисті еліміздің әрбір азаматы алуға тиіс. 14 санат бойынша жеңілдік берілгендерге сақтандыруды мемлекет төлейді Олар: 18 жасқа дейінгі балалар, зейнеткерлер, мүгедектер, ҰОС қатысқандар, «Күміс алқамен» марапатталған көп балалы аналар, «Алтын алқамен» марапатталған батыр аналар, 1 және 2 дәрежелі ана даңқы медалінің иегерлері, ресми тіркеуде тұратын жұмыссыздар, сырттай оқитын студенттер.

Бұл тізімге кәмілет жасына келгенше мүгедек балаларды күтушілер, бір жасқа дейінгі балалармен отырған аналар, оралмандар, қамау орындары және тергеу изоляторындағылар енгізілуі мүмкін.

1336635652_gipertoniya

Павлодар облысында Дүниежүзілік Артериялық гипертониямен күрес күні аясында бірталай іс-шаралар өтеді

Павлодар облысында Дүниежүзілік Артериялық гипертониямен күрес күні аясында бірталай іс-шаралар өтеді

Акциялар  Дүниежүзілік Артериялық гипертониямен күрес күніне  арналған іс-шаралар аясында өтеді (13 мамыр- Дүниежүзілік Артериялық гипертониямен күрес күні).

Акциялардың негізгі мақсаты — жоғары артериялық қан қысымы бар тұлғаларды анықтау, халықтың назарын осы аурудың қауіптілігі мен оның салдарына аудару, қан қысымын бақылаудың маңыздылығы, уақтылы алдын алу және медициналық көмекке жүгінуіне   қатысты ақпараттарды арттыру.

Стресстік жағдайларды жеткіліксіз қадағалау жүрек-қантамырлары, диабеттің, созылмалы тыныс жолдарының және онкологиялық аурулардың дамуындағы ең маңызды қауіп қатер факторы болып саналады.  Осы күні облыстың барлық емханаларында белсенді жұмыс жасайтын  қан қысымы мектептеріндегі сабақтарда үйдегі жағдайда қалай қан қысымын өлшеуді, ауру белгілерін анықтауды, аурудың басталуын білуге үйретеді.

Медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарында бейінді мамандар кардиолог, эндокринолог, ЖТД, невропатолог, психолог және әлеуметтік қызметкерлерді тарту арқылы Денсаулық мектептерінде әрі қарай қауіпті факторларды түзетумен артериялық қан қысымын,  холестерин мен глюкоза деңгейін, физикалық параметрлерді, жеке қауіп-қатерді анықтау үшін дене салмағы индексін анықтаумен ашық есік күндерін, облыстың ұйымдары мен мекемелерінде жергілікті теле- және радиоарналардың журналистерінің қатысуымен  МӘМС енгізілу барысын тиімді және сапалы хабарлау мәселелері бойынша кездесулер мен дөңгелек үстелдер  өткізу жоспарланған.

Халық көп жиналатын орындардығы шаралар барысында, халыққа тұрмыстық көмек көрсету орталығында, салық комитетінде, қалалық әлеуметтік қорғау орталығында,  автобекетте, «Манакбай», «Квазар», «Керуен», «Артур» сауда үйлерінде қан қысымын өлшейтін орындар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар әрбір ерік білдіруші әлеуметтік маңызды аурулардың, артериялық гипертонияның алдын алу, салауатты өмір салты аспектілері, дамып келе жатқан ағзаға темекінің  және темекі түтінінің зиянды әсері, ішімдіктің әсері, дұрыс тамақтану туралы буклеттер, парақшалар, ескертпелер түрінде ақпараттық-ағарту құралдарын ала алады, сондай-ақ міндетті медициналық сақтандыру бойынша «Тіркелу ережесі», «Сақтандыруды қалай төлеу қажет», «МӘМС шеңберінде медицина қызметтерін қалай қолдану керек», «ТМККБК мен МӘМС пакетінің айырмашылығы» т.б. ақпараттар алады.

Емханаға тіркел де

Емханаға тіркел де

Қазақстанда 5 сәуірден бастап «Емханаға тіркел де – МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» аттыемханаларға тіркелу науқаны басталады

Ол туралы бүгін пресс-конференция аясында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаева мәлімдеді.

«Емхана – ол қандай да бір медициналық көмек алу үшін «кіреберіс» болып табылады. Онда Сіз шын мәнінде тіркелгеніңізді тексеру маңызды. Өйткені, жиі азамат бір қалада, ауданда тұрады, ал басқа мекен-жайы бойынша тіркелген.Мұндай жағдайларда медициналық қызмет көрсету бойынша қиындықтар туындауы мүмкін.Осыған байланысты, 5 сәуір мен 31 маусым аралығында әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебесін анықтау керек», — деді пресс-конференция аясында Лязат Ақтаева.

Өз кезегінде, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Елена Бахмутова тіркелу науқанының ерекше маңыздылығына тоқталып өтті. Айтуынша, бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін енгізуге дайындық шараларының бірі болып табылады.

«Қазірден бастап өзіңіздің азаматтардың қай санатына жататыныңызды анықтап алыңыз. Жарнаны сіз үшін кім төлейді: мемлекет пе, жұмыс беруші ме, әлде, өзіңіз бе? Осыны түсініп алу керек», — деп түсіндірді Е.Бахмутова.

Қор төрағасы МӘМС заңы бойынша, әлеуметтік жағынан аз қамтылған 15 санаттағы азаматтар үшін жарнаны мемлекет төлейтінін тілге тиек етті.

Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарына (бұдан әрі – АМСК ) тіркеу тұрақты немесе уақытша тұратын жері, жұмыс, оқу, дәрігерді еркін таңдау, медициналық ұйымды бір әкімшілік-аумақтық бірлік құзыретібойынша жүзеге асырылады. Азаматтар дәрігер мен емхананыеркін таңдаған кезде емханаға тіркелу бір реттен жиі емес жүзеге асырылады.

АМСҚ ұйымдары азаматтар жеке өтініш білдірген кезде тіркеуді жүзеге асырады.

Отбасы мүшелерін тіркеуотбасы мүшелерінің бірінің негізінде отбасы мүшелерінің олардың жазбаша келісімі болған жағдайдажәне еркін нысандағы өтініштіотбасының әрбір мүшесінежеке басын куәландыратын құжаттарынберу кезінде жүзеге асырылады.

«Емхананы таңдау кезінде медициналық қызмет көрсету үшін оның сіздің үйіңізге орналасу бойынша аумақтық жақындығын ұмытуға болмайды. Емхананыңжақын орналасуы Сізге және Сіздің учаскелік дәрігеріңізге ыңғайлы. Дәрігерді үйге шақыру кезінде Сізге ол уақтылы және сапалы қызмет көрсете алады» — деді ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева.

Сонымен қатар, ҚР денсаулық сақтау вице-министрініңайтуыншаазаматтарды емханаға тіркеу МӘМС жүйесіне қатысу үшін өте маңызды.Өйткені емхана арқылы денсаулық сақтау жүйесіне жіне атап айтқанда, сақтандырылған азаматтар – медициналық сақтандыру пакеті аясында медициналық қызметтер пакетіне қол жеткізеді».

Еліміздің әр тұрғыны емханаға тіркелу науқаны аясында бастапқы медициналық ұйымға тіркелгенін тексерумен қатар, өзінің категориясы туралы мәлімдеуі қажет. Сіз кімсіз — жалдамалы қызметкер, жеке кәсіпкер, өзін-өзі қамтушы азамат,әлде ресми кірісі жоқ немесе еш жерде жұмыссыз болып тіркелмеген жұмыссыз азаматсызба?

Ертеңсақтандырылған адамның мәртебесін және оған қатысты қажетті медициналық көмекалу кезінде қиындықтар туындатпау үшін барлығын қазіранықтаумаңызды болып табылады.

МӘМС жүйесіне қатысу туралы барлық ақпаратты, жарналармөлшері және төлеу схемаларын Сіз өз емханаңыздағы тіркеу орны немесе сіздің учаскедегі медициналық қызметкерге жүгіну арқылы біле аласыз.

Сонымен Сіз емхананы таңдадыңыз, енді оған қалай тіркелу керек? Мұны жүзеге асыру өте оңай.

Бұл үшін Сізге емханаға жеке басын куәландыратын құжатпен келіп, бас дәрігердің атына өтініш жазу керек. Ешқандай атаулы анықтама талап етілмейді. Сізді тіркеу өтініш түскен күні жүзеге асырылады.

Емханаға тіркелудің екінші тәсілі интернет пайдаланушылар үшін ыңғайлы.»Электронды үкімет» (еgov.kz)порталы арқылы электрондық құжат нысанында азаматтың мәліметтерін көрсете отырыпсұрау салу қажет.Емханадағы жауапты қызметкер электрондық сұрау салуды тиісті ақпараттық жүйелерден алады және Сіздің тіркеу туралы талоныңызды ресімдейді, сондай-ақ электрондық түрде. Тіркелгеніңіз жөніндегі туралы ақпаратты «еgov» порталындағы «Емхананы таңда» бөлімінде анықтай аласыз.

«Сондай-ақ, азамат тек бір емханада ғана тіркеле алады және біруақытта бірнеше емханада тіркелуімүмкін емес. Азаматтардың өздері өтініштермен келіпАМСК ұйымдарына тіркеу кезінде, бұдан бұрын бекітілген БМСК ұйымдарынан автоматты түрдешығару «Азаматтарды тіркеу регистрі» порталы арқылы жүзеге асырылады» — атап өтті Ажар Төлеғалиева.

ҚР ДСМ Баспасөз қызметі, 74-31-37, 74-32-41

Анықтама:ҚР ДСМ-нің Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитетінің 2017 жылғы қаңтардағы ақпараты бойынша 17 млн.635 мың.937 адам тіркелген. Оның ішінде: ер адамдар 8 млн. 460 мың 120 адам және 9 млн.175 мың 817 әйел адам. 18 жасқа дейінгі балалар саны 6 млн. жуық, жұмысқа белсенді 60 жасқа дейін – 9,6 млн., 60 жас және одан жоғары егде жастағы адамдар саны 2 млн. асады.

ҚР бойынша АМСК ұйымдарының саны – 479, оның ішінде қалалық – 268, ауылдық – 211, соның ішінде жекеменшік – 97.

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі (ТМККК) шеңберінде медициналық қызмет көрсететін жеткізушілер барлығы – 1043, оның ішінен 70,4% мемлекеттік медициналық ұйымдар.

f_5695869901366375814

24 сәуірден 30 сәуірге Дүниежүзілік иммундау апталығы

Дүниежүзілік иммундау апталығы

Қазақстан бойынша 2017 жылғы  24-30 сәуір а аралығында  «Екпе-жұмыс істейді » ұранымен  Дүниежүзілік иммундау апталығы өтеді.

Иммундау миллиондаған өмірді сақтай отырып  денсаулық саласындағы ең пәрменді және  нәтижелі  шара ретінде кең танымал болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша иммундау арқылы  жылына 2-3 миллион адамның өмірін  сақтап қалуға болады.

Бұл иммундауды  қиын жететін, халықтың осал топтарына қолжетімділігін қамтамасыз ететін бағасына қарамай стратегиясы тексерілген денсаулық саласына ең тиімді инвестицияның түрі.

Қазіргі таңда дүниежүзінде әлі күнге дейін 19,4  миллион  бала  мүлдем немесе толығымен екпе алмаған.

2016 жылы Қазақстан Республикасында аурудың алдын алу бойынша  Ұлттық екпе күнтізбесіне байланысты  21 жұқпалы аурудан қорғауға кепілдік  беретін екепелердің түрімен  орта есепен балалардың 90-99% екпе алды.

2017 жылы   екпеге байланысты Жаһандық іс-шара жоспарының жарты мезімі аяқталуда. Бұл жоспарды 2012 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына  мүше 194 ел мақұлдады және 2020 жылға дейін жалпыға бірдей қолжетімді иммундау арқылы миллиондаған адамда екпенің көмегі арқылы қорғануға болатын аурудан өлім жітімді болдырмауға шақыру.

Науқанның негізгі мақсаты  өмір бойы толық екпе алудың маңыздылығы  жөнінде халықтың хабардарлығын көтеру, және де халықтың иммундау арқылы аурудың алдын алуға болатынына  сеніммен қарауды қалыптастыру, иммундау арқылы аурудың алдын алудың қауіпсіз екені, жұқпалы ауруларға қарсы қорғанудың қажеттілігі  және  қоғамға иммундаумен толық қамтымаудың салдары туралы  хабардар ету.

725x483_0xc0a8392b_9259951451288931

Дүниежүзілік денсаулық күні

Дүниежүзілік денсаулық күні

Дүниежүзілік денсаулық күні жыл сайын  7 сәіурде  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұйымдастырылған атап өтіледі. 2017 жылығы Дүниежүзілік денсаулық күнінінің ұраны «Депрессия: кел сөйлесейік» («Depression: Let’s talk»).

Депрессия дегеніміз не?         Ол- үнемі уайымға түсіп жүруді және әдетте қанағаттандыратын іс-әрекет түріне қызығушылықты жоғалтуды, сондай-ақ кемінде екі апта бойы күнделікті істерді орындай алмауды сипаттайтын ауру. Депрессиядан зардап шегетін адамдарда келесі белгілер байқалады: қуаттың жетіспеуі, тәбеттің төмендеуі, ұйқышылдық немесе ұйқысыздық, алаңдау, зейіннің төмендеуі, батылсыздық, мазасыздық, өзін мүсәпір, кінәлі немесе шарасыз сезіну, сондай-ақ өзіне зиян келтіру немесе өзіне-өзі қол жұмсау туралы ойлау.

Депрессиядан барлық жастағы адамдар, барлық халық тобы зардап шегеді. Депрессия психикалық зардап әкеліп, адамға күнделікті ең қарапайым міндеттерді орындау қабілетіне де кері әсерін тигізеді және кейде адамның жақындарымен және достарымен өзара қарым-қатынасына да, сонымен қатар адамның өзіне жұмыс істеу қабілетіне де зияны тиюі мүмкін. Ең ауыры депрессия адамның өз-өзіне қол жұмсауына әкеп соғуы мүмкін. Қазір 15-29 жас аралығындағы адамдардың өлім-жітімінің екінші жетекші себебі депрессия болып отыр. ДДҰ-ның бағалауынша депрессиядан әлемде 250 миллион адам зардап шегеді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми статистикалық мәліметтеріне сәйкес 2016 жылы бірінші рет қойылған психикалық және мінез-құлықтың бұзылуының салдарынан болған аурушаңдылық ел бойынша 100 000 халыққа шаққанда 60,8-ді құрады. Динамикалық бақылаудағы психикалық және мінез-құлықтың бұзылуымен ауыратындардың саны 2016 жылдың соңында ел бойынша 100 000 халыққа шаққанда 1092,1-ді болды.

Депрессияның алдын алу бойынша бағдарламалар індетті азайтуға алып келетіні дәлелденген. Жеке қоғам деңгейінде депрессияның алдын алу бойынша жасалатын тиімді тәсілдерге балалар мен жасөспірімдер арасында дұрыс ойлауды оқыту бойынша мектептерге бағытталған бағдарламалар кіреді.

Мінез-құлықтық мәселелері бар балалардың ата-аналарына арналған шаралар олардың ата-аналарының депрессиялық белгілерін азайтуға және балаларының нәтижелерін жақсартуға ықпал етеді. Қарт адамдарға арналған дене жаттығулары бағдарламалары депрессияның алдын алу үшін де тиімді

Барлық денсаулық сақтау мамандарының міндеті депрессиядан зардап шегіп отырған адамдарға қолдау көрсету бойынша барлық мүдделі тараптармен бірлескен жұмысты күшейту болып табылады.

Депрессияның алдын алуға және емдеуге болады! Өзіңіз сенім артқан адаммен әңгімелесу депрессиядан айығудың бірінші қадамы болуы мүмкін.

64658

Жарақат алу деңгейінің төмендеуі және оның салдары

Жарақат алу деңгейінің төмендеуі және оның салдары

Сәуір айы бойы Павлодар облысында айлық кезінде  өткізілетін іс-шаралардың негізгі мақсаты жарақаттың алдын алу, жарақат алу деңгейінің төмендеуі және оның салдары болмақ.

Тұрғындар айлық кезінде медицина ұйымдарында өтетін ашық есік күндері мамандардың кеңестерінен, әлеуметтік желілердегі ақпараттардан, теле-радио-араналарда сөйлеген сөздерден, басылымдардағы мақалалардан  тұрмыстық және жол көлік жарақаттары туралы көптеген қызықтарды естіп, көріп біледі, ерік білдіргендерге ішімдікті, психологиялық белсенді заттектерді (ПБЗ) шамадан тыс тұтынуды төмендету үшін уәждемелік кеңес беру қағидаларын есепке ала отырып, жеке тұлғалық деңгейде мінез-құлықты өзгерту бойынша профилактикалық кеңес беріп, парақшалар, буклеттер таратылады, жарақат кезінде медициналық көмек көрсетудің біріктірілген моделі, салауатты өмір салты аспектілері және профилактикалық тексерулерден бас тартудың салдары жөнінде бейнероликтер көрсетіледі.

Мамандар денсаулық мектептеріндегі барлық білім беру барысына қатысушыларға өзін-өзі диагностикалау, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі түзету, өзін-өзі бақылау әдістерін үйретіп, өзін-өзі бақылау күнделіктерін таратады.

Дені сау бала кабинеттерінде тұрмыстық жарақаттың алдын алу мәселелері (ыстыққа, тоққа, ұялы телефон қуаттағышына күю, биіктен, әткеншектен, терезеден және т.б. құлау), иммунопрофилактика жөнінде (0-5 жастағы) балалардың ата-аналарына арналған семинар өткізіледі. Білім беру ұйымдарында  ішкі істер департаменті және басқада мүдделі  мамандарының қатысуымен  акциялар, семинарлар, дәрістер, тренингтер, ата-аналар жиналысын өтеді.

Адамзаттың назары ертеден жарақат проблемасына бағытталған. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметтері бойынша жарақат, улану және басқа сыртқы себептердің әсерінен болатын өлім-жітім көрсеткіші республикада 2015 жылы 100 мың халыққа шаққанда 2014 жылғы 87,6-ге қарағанда  82,5-ті құрап,  5,8 %-ге төмендеген.

Жарақат, улану және басқа сыртқы себептердің әсерінен болатын өлім-жітім көрсеткіші 2014 жылмен салыстырғанда 5,8 %-ге төмендеуі мүдделі қызметтердің, қоғамның, ата-аналардың, жүргізушілердің тек бірлескен еңбектерінің  арқасында  халықтың жол-көлік, тұрмыстық жарақаттардың адлын алу мәселелері бойынша білімділігін,  жол-көлік, тұрмыстық жарақат алғанға  алғашқы дәрігералды көмек көрсету бойынша білімі мен дағдысын, жолмен жүретіндердің жолда, үйде  мәдени тәртіп дағдысына жауапкершілігін  арттыру арқылы мүмкін екендігін, соның салдары ретінде жолдарды және  тұрмысыңды  өзің және жақындарың үшін  аса ауіпсіз ет.

siroed_chaild1

Дұрыс тамақтану – болашақ ұлт саулығы!

Дұрыс тамақтану – болашақ ұлт саулығы!

Осы ұранмен біздің облыста 1 сәуірден бастап мектепте тамақтануды ұйымдастыру бойынша онкүндік өтуде.

Өткізілетін іс-шаралардың негізгі мақсаты — өмір бойы тәжірибеден өткен және оң тәжірибеге негізделген дұрыс тамақтану негізін құру, өмір салтын ұстануға қажетті дағдылар мен сенімділікті қалыптастыру.

Осы мерзімде семіздікке, есте сақтау қаблетінің төмендеуіне, жүрек-қан тамыры және басқада аурулардың дамуына әкелетін тамақтарды пайдаланудан болатын проблемаларды түсіндіруге бағытталған әртүрлі іс-шаралар өткізіледі.

Тұрғындардың назарына жергілікті теле- радиоарналар арқылы балалардың, әсіресе мектеп жасындағы балалардың дұрыс тамақтануы мәселесіннің маңыздылығы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу бойынша ақпараттар ұсынылады, жергілікті баспаларда аурудың, мүгедектік пен өлім-жітімнің алдын алуға ықпал ететін құрал ретінде мектеп жағдайында үйлесімді тамақтану тақырыбында мақалалар жарияланады.

Ниет білдірушілер мектептердегі шаралар, кездесулер, отырыстарда және денсаулық клубтарында ақпараттық-ағарту құралдарын, парақшалар және буклеттерді ала алады.

Емханаларда әр саладағы мамандар, диетологтар жұмылдырылып оқушылар мен олардың ата-аналарына салауатты тамақтану туралы тегін кеңес беріліп, ашық есік күндері өткізіледі. Сол күндері емханаларда балалардың қанындағы қанттың және холестериннің деңгейін, Кетле индексін, белдің аумағын анықтайды.

Оқу орындарында тренингтер, диктанттар, «Мен салауатты өмір салтын қолдаймын», «Ақылды тамақтан», «Фаст-фудтар мен үшін емес» «Менің келбетім – тамағымның көрінісі!» атты мүшәйралар, азық-түлік қауіпсіздігінің 5 белгісі, денсаулықты күшейту мен сақтаудағы құндылықтар қалыптастыру мәселелері, аурудың алдын алу үшін қаралудың маңыздылығы бойынша ақпараттық сағаттар, «Таза тағамдар», «Дәрумендер туралы не білемін?» атты тақырыптарда рөлдік ойындар ұйымдастырылып, соңынан «дұрыс-дұрыс емес» атты тестілеу өткізіледі.

Мектептер мен медицина ұйымдарында оқушылардың ата-аналарымен кеңестер, мактеп асхана қызметкерлері үшін «Тағам гигиенасы – оқушылар денсаулығының кепілі», «Тамақтану тәртібі» және т.б тақырыптарда семинарлар өткізіу жоспарланған.

main

Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні

24 наурыз-Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні

Қ азақстанда Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні 24 наурызда аталып өтеді. Павлодар облысында 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында өткізілетін іс-шаралар осы күнге ұштастырылған.

2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан туберкулез жөніндегі ахуалын 2015 жылмен салыстырғанда (140 елдің ішінен 101 орын) өз орнын 9 жайғасымға жақсартып, 138 елдің ішінен 92 орынды иеленді.

Жалпы туберкулез бүкіл қоғамдық денсаулық саласының проблемасы, сондықтан тек жұмыла істеген қимылдар, барлық эпидемиологиялық және клиникалық іс-шаралардың тиімділігін арттырады.

Осы мақсатта барлық медицина ұйымдарында ашық есік күндері, денсаулық мектептері сабақтары, туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша кеңес беріумен қатар шаралар өтеді.

Қартарға арналған денсаулық мектептерінде үйлесімді емдәм, тиісті дене белсенділік жүктемесі, зиянды әдеттерден құтылу және туберкулез ауруын ерте анықтау үшін флюорографиялық тексерілудің маңыздылығы туралы айтылады.

Диспансерлік есепте тұратын тұлғалар (созылмалы спецификалық емес өкпе аурулары және қант диабетімен ауыратындар, ішімдікке салынғандар, нашақорлар және т.б.) мінез-құлық қауіп қатер факторлары және олардың туберкулездің дамуына әсері, сондай-ақ жыл сайын міндетті түрде флюорографиялық тексерілуден өту керектігі туралы ақпарат алады.

np-471-660x330

28 қыркүйек- Дүниежүзілік жүрек Күні

28 қыркүйек- Дүниежүзілік жүрек Күні

2016 жылғы қыркүйектің 19-28 аралығында Павлодар облысында Дүниежүзілік жүрек Күніне арналған қан айналымы жүйесі ауруыларын алдын алу бойынша онкүндік өтеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша қан айналымы жүйесі ауруылары өлім-жітімнің жетекші себебі болып табылады. Жыл сайын ишемиялық жүрек ауруынан болатын өлім-жітім саны 7 миллионнан астам ол 12,8%  құрайды

2015 жылы  Қазақстан Республикасында қан айналымы жүйесі ауруылары ішінен  ишемиялық жүрек ауруы мен инсульттан болған өлім-жітімі 100 мың тұрғынға шаққанда 200,2 құрайды.

Ағымдағы жылы денсаулық сақтау саласы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді алдағы төрт жылдың басты басымдылығы елдің демографиялық ахуалына айтарлықтай әсері бар аурулардың 5 нозологиясы бойынша: миокардтың жіті инфаркті, инсульт, қатерлі ісік аурулары, жарақаттар, жүктілік және босандыру бойынша медициналық көмекті көрсету жөніндегі біріктірілген қызметтерді қалыптастыратын ҚР ДСӘДМ 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» атты жаңа мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Министрліктің жаңа саясатының басты қағидаларынан басталды.