20171207_100427

№104 балабақшадағы спорттық шара

№104 балабақшадағы спорттық шара

2017 жылғы 7 желтоқсанда Павлодар қаласының №104 балабақшасында ересек топ балалары үшін ведомствоаралық өзара әрекеттесу шеңберінде салауатты өмір салтын қолдау орталығының мамандарымен бірлескен «Көңілді әткеншек» атты спорттық шара өткізілді.

Спорттық шараның мақсаты мектеп жасына дейінгі балаларға достық қарым-қатынасты, бір-біріне өзара көмек көрсетуді, шапшандылық пен төзімділікті тәрбиелеу арқылы баланың жалпы физикалық дамуын нығайтып, арттыру болды. Спорттық шараға тәрбиешілермен бірге 18 бала қатысты. Шара балаларға қатты ұнады, олар позитивті сергекті қуат алды.

Безымянный-45

Отбасы, білім және әл-қуат

Отбасы, білім және әл-қуат

Осындай атаумен Павлодар облысында 10 қыркүйекте Ұлттық отбасы күніне арналған кең ауқымды Шара өтеді.

Кең ауқымды Шара салаутты өмір салтын насихаттауға, әрбір адамның денсаулығын қорғауға және нығайтуға, отбасын жоспарлау мәселесіне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға, репродуктивті денсаулықты қорғауға және толық қанды, бақытты отбасылардында дені сау балалардың дүниеге келуіне мүдделі екенін тәрбиелеуге бағытталған.

Жоспарланған іс-шаралардың ішінде ана сүтімен емізудің пайдасы, дұрыс гигиеналық дағдылар, жыныс жолдарымен берілетін жұқпалы аурулардың алдын алу туралы теле-радиоарналарда айту және баспасөз құралдарында жариялау жоспарланған.

Халық көп жиналатын орындарда, сауда үйлерінде, емханалардың тіркеу орындарында мінез құлық қауіп қатер факторлардың (щылым щегушіліктің, маскүнемдіктің, психикалық белсенділікті арттыратын заттарды қолданудын және т.б.) алдын алу, иммунды екпе және аурудың алдын алу үшін алдын ала тексерілуді насихаттау туралы ақпараттық-ағарту құралдары таратылады.

Медициналық санитарлық алғашқы көмек ұйымдарында арнайы мамандардың (диетолог, окулист, ортапед, хирург психолог және т.б.) жұмылдырылыуымен ашық есік күндері өтеді.

Ашық есік күндері емханаға келушілердің қан қысымының, қанның құрамындағы қантың және холестериннің деңгейін, Кетле индексін анықтайды. Емханадағы жас ана, сау бала, мінез құлық қауіп қатер денсаулық мектептері белсенді жұмыс істейді.

Отбасы жұптары отбасын жоспарлау, босануға дайындық мәселелері бойынша алдын ала кеңес ала алады.

Әрине көбісі білімін Әлемдік ғаламтордан алады. Ғаламтордың арқасында біз түрлі аурулардың пайда болу себептерін, сондай-ақ денсаулығымызды сақтай отырып, ұзақ ғұмыр бойы ширақ та, іс-әрекетіміз қаблетті болу үшін не істеу керектігін білеміз.

Салауатты өмір салтын қолдау орталығының сайтында және әлеуметтік желілерде салауатты тамақтану, пайдалы азық-түлік (ол-көк-өніс, жеміс жидек, фортофицирланған, рафинарлыемес, төмен калорийлі, табиғи тағамдар және физиологиялық толық құнды ас су) туралы ақпараттар орналастырылған.

Мамандардың тәтті тағамдарды, жануарлар майларын, трансмай қышқылдарын, тұзды пайдалануды шектеу және оларды шектеусіз пайдаланған жағдайда денсаулыққа зиян болатыны туралы ұсыныстары орналастырылған, сонымен қатар онда күнде денеге түсетін қажетті ауырлық, бүкіл отбасы мүшелеріне арналған гимнастикалық және сауықтыру іс-шаралар ұсыныстары туралы ақпарат табуға болады.

9441579538

2017 жылғы 1-7 тамыз аралығында ана сүтімен тамақтандыру Ұлттық апталығы

2017 жылғы 1-7 тамыз аралығында ана сүтімен тамақтандыру Ұлттық апталығы

Қазақстанда 2017 жылғы 1-7 тамыз аралығында «Баланы емізу – тұрақты дамудың кілті!» тақырыбында ана сүтімен тамақтандыру Ұлттық апталығы өткізіледі. Апталықтың мақсаты: 2 жасқа дейін баланы емізу, оның балалардың ақыл-ойының дамуына әсеру етуі, өмір бойы денсаулықты күшейту мен сақтау туралы халықты (оның ішінде жас аналарды) ақпараттандыруды арттыру.

Айта кету керек, жаңа туған баланың алғашқы 28 күнде — «нәрестелік кезең» — балалар өздерінің өміршеңдігі жағынан өте осал болып табылады және динамикада төмендеуіне қарамастан Қазақстан Республикасында балалардың өлім-жітімі Экономикалық ынтымақсатық және даму ұйымдарының (ЭЫДҰ) көрсеткіштерінен үш есеге артық.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2016 жылдан бастап ана мен бала өлімінің көрсеткіштерін төмендетуге бағытталған шараларды қарастыратын 2019 жылға дейін босану мен балалық шақ қызметтерінің біріктірілген үлгісі бойынша Жол картасын енгізуде.

Өткізілетін ақпараттық-түсіндірме науқаны халықпен, соның ішінде жас отбасылары, отбасын жоспарлау, босануға дайындық, жас аналар, дені сау балалар денсаулық мектептертеріне қатысушылар, әлеуметтік дәрежесіне қарамай ана сүтімен қоректендіретін әйелдер, барлық деңгейдегі медицина қызметкерлермен жұмыс жүргізуге бағытталған

Туғаннан 2 жасқа дейін баланы ана сүтімен емізудің маңыздылығы, оны қолдау және мадақтау мәселелері бойынша, өмір бойы денсаулықты күшейту мен сақтауда салауатты өмір салтының артықшылығы, салауатты тамақтанудың және дене белсенділігінің маңыздылығы мәселелері бойынша

жергілікті теле- радиоарналар эфирінде арнайы дайындалған бағдарламалар жүргізіледі.

Босандыру ұйымдарының, ауруханалардың неонаталды бөлімдерінің, МСАК, ауылдық дәрігерлік амбулаториялардың және басқа да медицина ұйымдарының медицина қызметкерлері үшін ана сүтімен емізуді қолдау және оның принциптері бойынша семинарлар, тренингтер өткізіледі.

Ашық есік күндерінде педиатр, неонатолог, акушер-гинеколог, хирург, ортопед, нейрохирург, невропатолог және т.б. мамандардың қатысуымен алдын ала қаралудың, неонаталды және есту қабілетін тексеру скринигінің, балалардың аурушаңдығын алдын алуға және болашақта оның денсаулығын қорғауға әсерін тигізетін екпенің маңыздылығы, ана сүтімен емізетін әйелдердің салауатты тамақтануы, жек бас гигиенасы туралы кеңес беріледі.

Барлық ерік білдірушілер тақырыпқа сәйкес ақпараттары бар парқшалар, буклеттер ала алады, емханалар мен медициналық орталықтарда олардың қан қысымы өлшенеді, қанның құрамындағы қанттың және холестериннің деңгейі, Кетле индексі анықталады.

Отбасы жұптарына ынталандыру принциптерін ескере отырып, жеке тұлға деңгейінде денсаулықты қорғау әдеттерін дағдыландыру, тамақтану мәдениеті, дене белсенділігі бойынша алын алу кеңестері жоспарланған.

Денсаулық мектептерінің жұмыс істеу кестесі, ашық есік күндерінің өткізілуі жөнінде толық ақпаратты өзіңіз тіркелген емхананың тіркеу бөлімінен ала аласыз.

01-molek2

24 шілдеден 22 тамызға дейін Павлодар облысында гепатиттің алдын алу мәселелеріне арналған айлық өтеді

24 шілдеден 22 тамызға дейін Павлодар облысында гепатиттің алдын алу мәселелеріне арналған айлық өтеді

24 шілдеден 22 тамыз аралығында Павлодар облысында Дүниежүзілік вирусті гептитпен күрес күніне ұштастырылған «Гепатитті жою» ұранымен айлық өткізіледі.

Вирустық гепатит халықаралық деңгейдегі салыстыруға келетін басқа АИТВ, туберкулез және безгек секілді инфекциялық аурулармен қоғамдық денсаулыққа айтарлықтай қауіп тудырады.

Егер кең ауқымды жауапты шаралар кідіртпей қабылдамаса 2015 жылдан бастап 2030 жылға дейін осы аурудан әлемде 20 миллион адам қаза табады.

Өқінішке орай осы адамдардың басым көпшілігінде өмірді сақтау үшін қажетті тестілеу мен емделуге мүмкіндігі жоқ.

Вирусті гепатиттің жұғуының тиімді алдын алу шараларына инъекция, қан мен хирургиялық араласулардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Денсаулық сақтау мекемелерінде B және C вирустық гепатиттерінің жұғуын барлық ішкі медициналық шараларды жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау, инъекция жасау кезінде қауіпсіздік шараларын күшейту және қан өнімдерін жеткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы жоюға болады, инъекциялық есірткілерді тұтынушылар үшін зиянды төмендету –залаласыздандырылған инъекциялық құралдарға қолжетімділік пен есірткіге тәуелділікті емдеудің тиімді әдістерімен қамтамасыз ету инъекциялық есікткіні тұтынушылар арасында В және С вирустық гепатитінің індетінің алдын алуға ықпал етеді; емдеу – созылмалы С гепатитімен ауыратын тұлғаларға жағатын жаңа дәрі-дәрмектер мен емдеу сызбалары 90%-дан аса деректі толықтай қамтамасыз ете алады

Айлық өткізу барысында халықтың вирусты гепатит туралы хабардарлығын арттыруға, аурудың алдын алу, таралу жолдары және ауруды жұқтырудың алдын алуға, салауатты өмір салтын насихаттауға аса көңіл бөлінеді.

Айлық кезінде өткізілетін іс-шаралар қоғамның назарын осы проблемаға, соның ішінде, В гепатитіне қарсы вакцинациямен қамтуды кеңейтудің, бауыр циррозы, гепатоцеллюлярлық обыр түріндегі асқынулардан болатын өлім-жітімді төмендетуге әсерін тигізетін медициналық көмекке уақтылы жүгінудің, ауруды ерте диагностикалау мен емдеудің маңыздылығына назар аудартатын жақсы мүмкіндік.