Біздер, қыздар арасында

Павлодар мемлекеттік педагогика институтында салауатты өмір салтын қолдау орталығының мамандарымен кездесу өтті.

Салауатты өмір салтын қолдау орталығының мамандары 1-2 курс студент қыздарына сүт безі обырының пайда болу себептері және оның алдын алу шаралары туралы айтты. Сонымен қатар әңгіме әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғауға, сүт безі обырын анықтау мақсатында сүт безін әркімнің өзі зерттеу тәсілдеріне қатысты болды. Әңгіме барысында тақырыпқа сәйкес слайдтар көрсетілді.

Жыныс жолдарымен жұғатын аурулар, қалусыз жүктілік және контрацепция — «Сырлы құпия туралы ашық» әңгіме жүргізілді.

Ішімдіктің алдын алу бойынша облыста өтіп жатқан онкүндік аясында әйел денсаулығына зиянын тигізетін әдеттер туралы бейне таспа көрсетіліп, әңгіме өткізілді. Әңгіме барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды.