Без названия

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық Күні

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық Күні

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылған күні құрметіне жыл сайын 7 сәуір күні- Дүниежүзілік денсаулық Күні аталып өтіледі.
Деннің сау болуы – тұтас бір ғылым және оның бір бағыты – денсаулық мәдениетін қалыптастыру: тәндік, жандық, әлеуметтік жетілу. Соған байланысты адамның дені сау және өмірде өз жолын табуы керек. Адамның өсуі мен дамуы денсаулықтың диагностикалық деңгейіне сай келуі, дұрыс тамақтану мен дене белсенділігін ұстануы, зиянды әдеттерден аулақ болуы қажет. Денсаулық – әрбір адам үшін басты құндылық.
Халықтың денсаулығы – жай ғана медициналық ұғым емес. Адам денсаулығының деңгейі денсаулық сақтау саласы мен медициналық қызмет көрсету деңгейінің тек 8-10%-ын ғана құрайтыны белгілі болды. Қалғаны басқа көптеген факторлар арқылы қалыптасады: экологиялық, экономикалық, әлеуметтік, эндемиялық жағдай, қалыптасқан мінез-құлық әдеттері, тамақтану мәдениеті, тұқымқуалаушылық және адамдардың өздері мен денсаулықтарына қарым-қатынасы. Қазақстан Республиксында бұл мәселелердің көлемділігі бұрыннан белгілі. Сондықтан салауатты өмір салтын насихаттау жалпы мемлекеттік деңгейде жүргізілуде. Қазіргі уақытта көп адамдар сау болудың — — беделді, спортпен айналысудың, дұрыс тамақтанудың – сәнді екенін мойындаған. Жастардың көбі өмірлік басымдылықтардың бірі – өз денсаулықтарын сақтау деп есептейді, себебі салауатты өмір салты – пайдалы және сәнді, ал заманауи өмір салты – зиянды әдеттерден бас тарту, дұрыс басымдылық пен имидж.

Y1QBT-avIVI

Денсаулығңызды күтіп, уақтылы скринингтік тексеруден өтіңіз!

Денсаулығңызды күтіп, уақтылы скринингтік тексеруден өтіңіз!

Елімізде он жылға жуық өткізіліп жатқан Ұлттық скринингтік бағдарламаның маңыздылығы жылдан жылға артып келе жатыр. Бұл барлық медицина қызметкерлерінің пікірі.

Скринингтік тексеріс ең бастысы арнайы жастағы дені сау тұлғаларда түрлі ауруларды, оның дамуына зиянды әсерін тигізетін мінез құлық қауіп қатер факторларын (шылым шегушілік, артық салмақтық, ішімдікті тұтыну және дене бесенділігінің төмендігі) ерте анықтауға, ауруды емдеудің тиімділігін арттыруға, оның асқынуының алдын алуға бағытталған.

2017 жылғы 11 айдағы статистикалық мәлімет бойынша скринингтік тексерудің арқасында Павлодар облысы бойынша ертерек 8211 адамда түрлі аурулар және 46259адамда мінез құлық қауіп қатер факторлары анықталды.

Аурулар және мінез құлық қауіп қатер факторлары анықталған тұлғалардың 94,7% медициналық тіркеуге алынды.

Өз денсаулығыңыз өзіңіздің қолыңызда! Міндетті түрде скринингтік тексеруден өтіңіз!

51038c8d36c3347a4bd9e6e392ab54e0

Павлодар облысы жасөспірімдері арасында өткізілген сауалнаманың қысқаша қортындысы

Павлодар облысы жасөспірімдері арасында өткізілген сауалнаманың қысқаша қортындысы

Ағымдағы жылы салауатты өмр салтын қолдау орталығының мамандары Павлодар облысындағы 12-29 жас аралығындағы 300 жастар (151 ұл мен 149 қыз) арасында мінез құлық қауіп қатер факторларының қаншалықты таралғанын анықтау үшін арнайы сауалнама жүргізді.

Жүргізілген сауалнаманың қортындындысы бойынша 232 (77,3%) адам қала тұрғындары болса, 68 (22,7) адам ауыл тұрғындары болды. Сауалнама жүргізілген 300 адамның ішінен 265 (89,7%) шылым шекпейді, 31 (10,3%) шылым шегеді екен, шылым шегудің зиянды екенін 209 (69,7%) адам білсе, 75 (25,0%) білмейді екен.

256 (85,4%) адам ішімдік ішпейді, тек 44 (10,9%) адам анда санда алкогольді ішімдікті ішеді екен, соның ішінде 34 тек пиво ғана ішеді екен.

Таңертең жаттығу жасайтындардың адамдардың саны 196 (65,3%), дене белсенділігімен арнайы шұғылданатындардың саны 113 (37,7%) адам болды.

Сауланама жүргізгендердің ішінде 37 (12,3%) адамда артық салмақтық болды, 56 (18,7%) адам өзінде артық салмақтық бар жоғын білмейді екен.

Сіздің әр күндік ас мәзіріңіздің құрамында 300 граммнан кем емес көкөніс және жеміс-жидек бола ма? деген сұрақа 143 (47,7%) адам «ия» деп жауап берсе, 121 (40,3%)- «ұдайы емес» деген, ал 36 (12,0%) адам «жоқ» деп жауап берді.

Сауалнаманың соңында 215 (71,7%) адам өздерінде мінез құлық қауіп қатер факторлары жоқ деп санаса, 79 (26,3%) — мінез құлық қауіп қатер факторлары аздап бар деген, тек 6 (2,0 %) адам өздерінде мінез құлық қауіп қатер факторлары көп деп жауап берді.

Безымянный-2

Мінез құлық қауіп қатер факторлары дегеніміз не?

Мінез құлық қауіп қатер факторлары дегеніміз не?

Бұдан 20 жыл бұрын елімізде Елбасының бастамасымен құрылған салаутты өмір салты қалыптастыру қызметінің бірден бір маңызды саласы адамда, әсіресе өскелең ұрпақтар арасында жиі орын алатын мінез құлық қауіп қатер факторларын алдын алу, онымен күресіп, болдырмау болды.

Медициналық тұрғыдан мінез құлық қауіп қатер факторларына шылым шегушілік, ішімдікке әуестік, нашақорлық, дене белсенділігінің төмендігі, дұрыс тамақтанбау, артық салмақтық жатады.

Мінез құлық қауіп қатер факторлары деп аталуының себебі олар барлық аурулардың пайда болуына, дамуына, асқынуына міндетті түрде қауіпті әсерін тигізеді№

Сонымен қатар аталған факторлардың адамда болу болмауы оның еркіне, бойындағы туа біткен немесе кейін пайда болған мінез құлқына, өмірлік ұстанымына, көзқарасына тікелей байланысты болады.

Осыған орай облысымызда халыққа қызмет ететін салауатты өмр салтын қолдау орталығының мамандарының күнделікті жұмыстары барлық жастағы адамдар арасында аталмыш мінез құлық қауіп қатер факторларының зиянын, оның алдын алу жолдарын насихаттауға, қалыптастыруға бағытталған.

Барлығымыз салауатты өмір салтын ұстанайық! Мінез құлық қауіп қатер факторларынан ада болайық!

fn_B-BdsNWg

Инсульт – үнсіз жау

Инсульт – үнсіз жау

Инсульт туралы айтқанда уақтылы көрсетілген медициналық көмектің аурудың оң нәтижелі болтынына үлкен үміт тудыратынын еске саламыз.

Іс жүзінде жиі бәрі керісінше болып шығып, аурулар мамандырылған медициналық мекемеге кеш жүгінеді.

Тарихтан бір оқиғаны еске алсақ. 1953 жылығы наурызда И. В. Сталиннің миына қан құйылып, оны ұйықтап жатыр екен деп, әлде жаман ойладыма, әйтәуір мазалауға қорқып, ол бірнеше сағат медициналық көмексіз жатып қалып, қайтыс болады. Қазіргі таңда осындай қиын жағдай өкінішке орай жиілеп кетті.

Содан инсульт дегеніміз не? Инсульт дегеніміз артерияның кептелуінен миға қан бармай немесе қан тамырының жарылуынан миға қан құйылып нерв жасушылары өледі. Бір мезетте мида қан айналымы бұзылып, ми тіні зақымданып, содан мидың қызметі істен шығады.

Инсульттың туындауына әсер ететін факторлар: жоғарғы қан қысымы, қант диабеті, қандағы холестерин деңгейінің жоғары болуы, семіздік, дене белсенділігінің төмендігі, шылым шегушілік және ішімдікке салыну.

Инсульт қазігі таңда мүгедекттікке және өлім жітімге әкелетін бірден бір маңызды себеп болып табылады. ДДҰ мәліметі бойынша дүниежүзінде инсульттің салдарынан жылына 6,7 миллион адам көз жұмады.

Өлім жітімнің жартысынан көбінің себебі қан айналымы аурулары болып табылады, бұдан біраз уақыт бұрын инсульт негізінен 55-60 жастағы адамдарда жиі болатын болса, қазір инсульттің үштен бірі еңбекке ең қабілетті жас (30-40 жас) аралығында болуда.

Инсульттің алғашқы белгілері

Инсульттің жиі кездесетін алғашқы белгілері:

*кенеттен аяқ және/немесе қолдың әлсіреуі;

*кенеттен аяқ және/немесе қолдың ұюы;

*кенеттен сөйлеудің және/немесе сөзді түсінудің бұзылуы;

*кенеттен тепе теңдікті ұстауды жоғалту, қимыл үйлесімінің бұзылуы, бастың айналуы;

*кенеттен есті жоғалту;

*себепсіз немесе ауыр күйзелістен, артық жүктеме түсуден соң бастың қатты ауруы;

*кенеттен еріннің немесе беттің жартысының ұюы, түрдің қисаюы, осы белгілердің бәрі қан қысымының ерекше төмен немесе жоғары болуы кезінде болуы.

 

Инсульттің алғашқы белгілері пайда болған кезде не жасау керек?

Сізде, сіздің туыстарыңыз немесе таныстарыңызда инсульттің алғашқы белгілерінің біреуі пайда болған жағдайда шұғыл 103 телефоны арқылы «Медициналық жедел көмек» шақырыңыз.

Арнайы мамандырылған неврологиялық бригада келу үшін Сіз диспетчерге аурумен болған жағдайды, ауру белгілерін дәлме дәл суреттеп беріңіз.

Жіті инсультпен науқастанған адам компьютерлік томография жүргізе алатын аппараттармен жабдықталған ауруханаға жатқызылуы қажет. Сол жабдық арқылы ғана диагноз анықталып, содан кейін науқасқа адекватты ем жүргізіледі.

Назар аударыңыздар! Инсультпен ауырған адамды үйде емдеу орынсыз! Тек емханада дұрыс диагноз қойып, себебін анықтап, емдеп, ми қан айналымының бүлінуінің қайталануын алдын алу бойынша кешенді шараларды дайындау мүмкін болады.

 

«Жедел көмек» шақырған соң не жасау керек?

«Жедел көмек» шақырған соң, дәрігер келгенше мынаны жасаңыз:

  1. Ауруды үлкен жастыққа жатқызыңыз, аурудың басы төсектің деңгейінен 30 градус жоғары орналасуы керек.
  2. Бөлмеге таза ауа кіруі үшін форточканы немесе терезені ашыңыз.
  3. Аурудың денесін қысып тұратын киімдерден, белбеуден, жағаны түймелерден босатыңыз.
  4. Қан қысымын өлшеңіз. Егер қан қысымы жоғары болса, бұрын қан қысымы көтерілгенде ішіп жүрген дәрілерін беріңіз.
  5. Құсудың алғашқы белгілері бола бастағанда, құсық тыныс алу жолдарына түсіп кетпеу үшін басын иығына қарай бұрыңыз, иегінің астына кішкентай ыдыс қою қажет.

«Көйлегіңді жаңа кезде, денсаулығыңды жас кезде қорға» дейді орыс мақалы. Сондықтан сіз 40 асқан болсаңыз көңіл күйіңізге аса мән беріңіз. Жүрегіңіздің тұсы ауырса, жүрегіңіздің дұрыс соқпауын сезсеңіз, басыңыз ауырса, шуласа, жұмыс істеу, есте сақтау қабілетіңіз төмендесе, жүргенде аяғыңыздың бұлшық еттері ауырса бұлар дәрігерге шындап қаралудың нақты себептері болып табылады.

Бұрыннан келе жатқан «Бәрі өзінен өзі өтеді, қалпына келеді» деген сенім жүзеге аспай қалса не болмақ?

Осы жағдайда ең қорқыныштысы уақытты өткізіп алып, оны қайта түзету мүмкін болмай қалады…

Безымянный-2

1 желтоқсан – Дүниежүзілік АИТВ /ЖИТС -на қарсы күрес күні

1 желтоқсан – Дүниежүзілік АИТВ /ЖИТС -на қарсы күрес күні

Дүниежүзінде асқан жылдамдықпен таралып жатқан, жүре біткен иммунды тапшылығы синдромы-жұқпасын медицинаның маңызды заманауи мәселесі деп айтуға болады.

Бүгінгі таңда ДДСҰ мәліметі бойынша АИТВ /ЖИТС дүниежүзі бойынша 35 миллион аса адамның өмірін қиды.

2016 жылы АИТВ-не байланысты себептерден дүниежүзінде 1 миллион адам қайтыс болды. Дүниежүзінде 2016 жылдың соңында 36,7 миллионға жуық адамда АИТВ жұқпасы бар, соның ішінде 1,8 миллион адамда алғаш рет АИТВ жұқпасы 2016 жылы анықталған.

Қазіргі таңда АИТВ жұқпасын емдеп шығаратын дәрі жоқ. Алайда, антиретровирус (АРВ) дәрілерімен тиімді емдеудің арқасында вирусты қадағалап және оның таралуын болдырмай, АИТВ жұқтырған адамдардың ұзақ та нәтижелі өмір сүрулеріне мүмкін берді.

Сонымен қатар, бұл аурудың алдын алу мәселесі жөіндегі халықтың білім деңгейінің жоғарлауы бұл ауруды жұқтырып алу қауіп қатері бар жағдайларға жол бермеуге әкелді.

2015 жылы БҰҰ мүше елдердің қабылдаған тұрақты даму мақсаттары құжаттарының тізімінде бірден бір мақсаттың бірі болып 2030жылға қарай ЖИТС эпидемиясын жою белгіленгені кездейсоқ емес.

Қазақстанда өткізілетін Дүниежүзілік АИТВ -ке қарсы күрес күніне орайластырылған іс-шаралардың ең басты мақсаты халық арасында, әсіресе жастар арасында, АИТВ жұқыру және алдын алу мәселелері бойынша хабардарлық деңгейін арттыруға, соның ішінде психикалық белсенділікті арттыратын заттарды қолданудан бас тартуға, жауапты және қауіпсіз әдетті қалыптастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға және мүдделі тараптардың ведоствоаралық әрекеттестіктігін нығайтуға бағытталған.

3Gatpx3e_14

Ауруды ерте анықтау-сіздің денсаулығыңызды қорғайды

Ауруды ерте анықтау-сіздің денсаулығыңызды қорғайды

Кім және неге обырмен ауырады? Бұл ауру қалай өлім жітімге әкеледі? Бұл аурудан сауығуға бола ма? Онкологиялық емханада емделуші өзінің ауруы туралы білу керек пе?

Осы сұрақтар онкология мәселесі жайсыз біздің өңірдің әрбір тұрғынын мазалайды. Республикада біздің облыс бірінші жыл бойы онкологиялық аурудың анықталуы бойынша алдыңғы үштіктің ішіне енеді. Онкологтардың айтуынша аурудың алдын алу бойынша зерттеулер обыр ауруын анықтауда маңызды рөл атқарады. Алайда қатерлі ісік өзінің алғашқы даму сатысында өзіне тән белгілермен білінбейді, яғни ағза ішінде ешбір белсенділік танытпайды. Әрине онкологиялық ауру сау ағзада аяқ астынын пайда болмайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша обырдың дамуына негізінен өндірістегі қолайсыз жағдайлар, зиянды әдеттер, дұрыс емес өмір салты, еңбек және демалыс тәртіптемесін дұрыс ұстанбау. Оқымыстылардың мәлімдеуінше адамның денсаулығы 50% мөлшерде әлеуметтік-тұрмыс жағдайына байланысты, 20% мөлшерде денсаулыққа экология және тағы 20% мөлшерде тұқым қуалаушылық факторлары әсер етеді,

Медицина қызметкерлердің пікірінше қазіргі таңда облысымызда өткізіліп жатқан скринингтік тексерулер оң нәтижесін беруде, өйткені көптеген аурулар осы медициналық тексерулердің арқасынде ерте анықталуда.

Соңғы алты-сегіз жылда скрининг арқылы онкологиялық дерттер 12%-ға жиі анықтала бастады. Онкология аурулары анықталғандардың 80% жуығы 60 жастан асқан тұрғындар болды. Мамандардың айтуынша, жас кезде қатерлі ісік сирек кездеседі. Балаларда бұл аурулар негізінен тұқым қуалушылықтың салдарынан болған иммундық жүйелеріндегі өзгеріс аясында туындайды.

Жыл сайын Павлодар облысында обыр ауруы 15-20 балада анықталып, соның ішінде қан ауруы-лейкоз жиі анықталады.

Былтырғы жылдан бері Қазақстанда онкология ауруларын ерте анықтаудың жаңа тәсілдерін енгізу белсенді түрде талқылануда. Оны жылдам енгізу Өңтүстік Кореялық «ATGen» компанисы жасаған зерттеуге арналған арнайы «NKVUE» тестерінің көмегі арқылы мүмкін бола алады.

Алматылық мамандардың пікірі бойынша жаңа тестер қолдануға жеңіл, себебі ағзаның иммунды жауабына жауапты және обыр ісіктерін жоюға қабілеттігі бар NK-жасушасының белсенділігін анықтау үшін ағзадан бір миллилитр ғана қан алу жеткілікті. Бұл дегеніңіз адамға оның иммунитетінің төмендегені және ағзада ісіктің пайда болу қаупінің бары туралы белгі беру мүмкіндігінің болуы.

Қортындысында қатерлі ісіктерді пайда бола бастау сатысында ғана анықтап қоймай, уақтылы мерзімде науқасқа қатысты нәтижелі емдеу сызбасын құруға мүмкіндік туады. Сөзсіз Алматыдағы ғылыми зерттеу институты қызметкерлерінің үлкен үміт артатын тестерді тиянақты тексеру қажет. Осы мақсатта NK-жасушасының белсенділік деңгейін анықтау үшін 1200 қазақстандықтарды жуыр арада тексеруден өткізу жоспарлануда.

Айтпақшы, қатерлі ісіктерді ерте анықтап және оны жоюға қаблеттігі бар болғандықтан мамандар NK-жасушыларын «табиғи жендеттер» деп атайды.

Зерттеу тәртібі «in vitro» (латынша «шыныда, пробиркада»), яғни ағзадан тыс өткізіледі.

Пробиркаға емделушінің 1 миллилитр вена қаны, содан соң арнайы реактивтер- «табиғи жендеттер» құю арқылы қандағы лимфоциттер тітіркендіріледі. Лимфоциттер уытты заттар- интерферон гамма-ақуыз шығарып, обыр немесе вируспен зақымданған жасушыларды жояды.

Павлодар онкологиялық диспансердің статистикалық мәліметіне сәйкес 2016жылы обыр ауруы алғаш рет өңірдің 2365 адамында анықталды. 2015 жылда осындай дерт емханаға қаралуға келген 2250 адамда анықталып, 2016 жылы 115 адамға артты.

Қазіргі таңда медицина қызметкерлері біздің өңір тұрғындарының назарын өзінің денсаулғы мәселесіне байсалдылық білдіріп, дәрігерлерге уақтылы, соның ішінде аурудың алдын алу мақсатында қаралуына ерекше аударуда.

QtYW9Ghq490

Тұмаудан қоғанудың қарапайым жолдары

Тұмаудан қоғанудың қарапайым жолдары

Адамдардың тұмауға шалдығыштығы абсолютті. Тұмаудың асқынулары-өкпенің, бүйректің, қуықтың, мидың, ми қабыршығының, нервтердің қабынулары, ангина-өте қауіпті. Бұл асқынулар адамды мүгедектікке, ауыр жағдайларда өлім жітімге әкелуі мүмкін. Тұмаумен ауырғаннан кейін бронхы демікпесі, созылмалы бронхының қабынуы жүрек-қанайналымы және ағзадағы зат алмасуының бұзылуы аурулары сияқты созылмалы аурулар өршиді.

Жіті респираторлы вирусті, певмококкті жұқпалар және тұмаудың алдын алу мақсатында төмендегі қарапайым жолдарды ұстану қажет:

  • жоғарыда айтылған аурулармен ауырған адамдармен қатынаста болмауға тырысу, қатынаста болған жағдайда маска киіп алу;
  • ауруды таратпау үшін қолды сабынмен немесе құрамында спирті бар сұйықтармен жуу;
  • жөтелгенде немесе түшкіргенде ауызды және мұрынды бір реттік қол орамалымен жабу;
  • адамдар көп жиналатын орындарда (ойын-сауқ шаралары, жиналыстар, кездесулер) болмауға тырысу;
  • бөлмелерді ұдайы желдетіп отыру;
  • кір қолды ауызға салып, кір қолмен көзді уқалап, мұрынды шұқуға болмайды;
  • ағзаның кез келген жұқпаға төтеп беруі үшін салауатты өмір салтын ұстану, соның ішінде: толыққанды ұйқының, таза ауада қыдырудың, белсенді демалыстың, үйлесімді, дәруменді емдәмнің болуы.

Спецификалық емес алдын алу шаралары ретінде вируске зиянды әсер ететін дезинфекциялық заттарды қолдана отырып, бөлмелерді ылғалды жинау.

Ауаны дезинфекциялау үшін ультракүлгін сәулесімен сәулелеу, аэрозольды дезинфекторларды және катализді ауа тазартқыштарды қолдану қажет.

3iychsPfZio (1)

29 қыркүйек — Дүниежүзілік жүрек Күні

29 қыркүйек — Дүниежүзілік жүрек Күні

29 қыркүйекте әлем Дүниежүзілік жүрек Күнін атап өтпекші. Әлемнің жүрек-қантамырлар ауруына осынша назар аударуы тегін емес.

Инфекциялық емес аурулар әлемде және Қазақстан Республикасында өлім-жітім, аурушаңдылық пен мүгедектіктің басты себебі болып табылады.

Қазақстанда мезгілсіз өлім-жітім деңгейі – Дүниежүзілік денсаулық сақтай Ұйымынның Еуропалық өңірлік елдерінің арасында аса көп болатын деректердің бірі, ол 2012 жылы 30-69 жастағы 100 000 халыққа шаққанда 648,31-ді құраған.

Жүректің ишемиялық ауруы, инсульт пен қант диабетінің ІІ типінің дерегінің 80%-ға дейін, сондай-ақ обыр дерегінің үштен бір бөлігінен көбін темекіні тұтыну, дұрыс тамақтанбау, дене белсенділігінің жеткіліксіздігі мен ішімдікті шамадан тыс тұтыну секілді жалпы қауіпті факторларды жою арқылы алдын алуға болады.

Статистканың мәліметі бойыншаҚазақстанда былтырғы жылы жүрек қантамырлар аурулары өлім-жітім көрсеткіші жүректің ишемиялық ауруы мен инсульттен болатын өлім-жітімнің артуының салдарынан 100 мың адамға шаққанда 180 адамды құрады.

Халықтың денсаулық көрсеткіштері мемлекеттің жүргізіп отырған саясаттына байланысты. Қазіргі таңда Республикамызда халқтың өсуіне айтарлықтай әсер ететін инфекциялық емес аурулар мен жіті жүрек инфаркті, мидағы қанайналымының жіті бұзылуы (инсульт), қатерлі ісік, жарақаттар, жүктілік пен босандыру секілді басты әлеуметтік маңызды аурулар бойынша медициналық көмек көрсетудің интеграцияланған үлгісі енгізілген.

Медициналық қызметті біріктіруді күшейту және аса жоғары клиникалық нәтижелерді қамтамасыз ету мақсатында артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі мен қант диабеті секілді аурулар бойынша Ауруларды басқару бағдарламасын кезең-кезеңімен енгізу жүзеге асырылуда.

Жүрек қантамырлар аурулары өлім-жітім көрсеткіші деңгейін төмендету үшін жүрек-қанатамырлар жүйесі ауруларының себептері, оның алдын алу мәселелері бойынша қоғамның хабардарлығын, сектораралық өзара іс-қимылды арттыру маңызды. Сонымен қатар әрбір адамның өзінің денсаулығына, салауатты өмір салтына саналы дұрыс көзқараспен қарауы қажет.

WKJfVsW7iAo

2017 жылғы 10 қыркүйек Ұлттық отбасы күні

2017 жылғы 10 қыркүйек Ұлттық отбасы күні

Халықтың денсаулықты сақтау, соның ішінде еркектер мен әйелдердің репродуктивтік денсаулықтарын сақтау бойынша, өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығына қатысты жауапты қауіпсіз мінез-құлыққа дағдылану, сондай-ақ дені сау баланы дүниеге әкелу үшін жағдай жасау туралы хабардарлығын арттыру мақсатында .республика өңірлерінде 2017 жылдың 10 қыркүйегінде «Отбасы, білім және әл-ауқат!» тақырыбында Ұлттық отбасы күніне арналған кең ауқымды акция өткізіледі.

Қоғамдық денсаулық сақтау саласы үшін балалар, жасөспірімдер мен жастардың денсаулығы, оның ішінде әлемде өте тез таралып жатқан дененің артық салмағы мен семіздік алаңдатады. Балалардың семіздігі ересектердің семіздігінің маңызды боламалы факторы болып табылатынын, көбінесе жұқпалы емес аурулардың (жүрек-қантамыр аурулары, қант диабеті, қатерлі ісіктің) дамуының және психикалық бұзылулардың қауіпті факторы екенін атап айту қажет.

Қоғамдық денсаулық сақтау саласын балалар, жасөспірімдер мен жастардың денсаулығы, оның ішінде әлемде өте тез таралып жатқан дененің артық салмағы мен семіздік алаңдатады. Ол балалардың семіздігі ересектердің семіздігінің маңызды боламалы факторы болып табылатынын, көбінесе жұқпалы емес аурулардың (жүрек-қантамыр аурулары, қант диабеті, қатерлі ісіктің) дамуының және психикалық бұзылулардың қауіпті факторы екенін атап айту қажет.

Бала жастағы ауруларды ықпалдастыра қарау технологиясын іске асырудың арқасында пневмония деректерінің саны 14%-ға төмендеп, баланы 6 айға дейін тек ана сүтімен емізуді қамту 84%-ды құрды.

Республикада 4 683 Денсаулық мектебі, оның ішінде отбасын жоспарлау бойынша 478, босануға дайындық бойынша 435, жас аналарға арналған 413 мектеп жұмыс істейді. Мектептерде Өзін-өзі бақылау күнделіктерін тарату арқылы пациенттерді репродуктивтік денсаулықты қорғау, отбасын жоспарлау, баланы емізуді қолдау, мінез-құлықтық қауіпті факторлар (шылымқорлық, маскүнемдік, нашақорлық), өзін-өзі басқару, денсаулықты бақылауға дағдыландыру бойынша оқыту жүргізіледі.

Сонымен, 2016 жылдан бастап өмір бойы профилактикалық, диагностикалық, емдеу, сауықтыру, әлеуметтік қызмет пен диспансерлік бақылаудың сапасын арттыруға мүмкіндік беретін, елдің демографиясына айтарлықтай әсер ететін келесі негізгі аурулар мен жағдайлар бойынша медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісін енгізу басталды: жіті миокард инфаркті, инсульт, қатерлі ісік, жарақаттар, жүктілік ағымы, босануға көмектесу және балалық жас.

Ұлттық отбасы күні аясындағы ақпараттық-түсіндіру науқаны отбасы денсаулық сақтау дағдылары мен жауапты қауіпсіз мінез-құлықты, репродуктивтік денсаулықты сақтау мен дені сау баланы дүниеге әкелуге жауапкершілікті қалыптастыруда әр адамның денсаулығын нығайту мен сақтауға бағытталған.

1432046570_1

Жаңа туылған балаларды күту бойынша перзентханалар мен ауруханалар үшін баланы жемісті емізудің он қағидасы

Жаңа туылған балаларды күту бойынша перзентханалар мен ауруханалар үшін баланы жемісті емізудің он қағидасы

Баланы емізу нәрестенің дені сау өсуі және дамуы үшін қажетті нәрлі заттектермен қамтамасыз етудің мінсіз тәсілі болып табылады. Барлық ана баланы отбасының және денсаулық сақтау саласының тарапынан нақты ақпарат пен қолдау алған жағдайда емізе алады. Алғашқы алты ай бойы тек емізу, одан кейін қосымша тамақ бере отырып, екі жасқа немесе одан үлкен жасқа дейін емізуді жалғастыру қажет.

ДДҰ/ЮНИСЕФ ұйымы жаңа туылған балаларды күту бойынша перзентханалар мен ауруханалар үшін баланы жемісті емізудің он қағидасын әзірлеген, ол еліміздің медициналық ұйымдарында 2014 жылдан бастап енгізілуде:

1.баланы емізудің белгіленген ережелерін қатаң ұстану және осы ережелерді медицина қызметкерлері мен босанған аналарға айту;
2. медицина қызметкерлеріне баланы емізу әдістеріне үйрету;
3. баланы емізудің артықшылығы мен техникасы туралы барлық жүкті әйелдерді ақпараттандыру;

4. аналарға босанғаннан кейін алғашқы жарты сағатта емізуді бастауға көмектесу;

5. аналарға баланы қалай емізу және уақытша өз балаларының қасында болмаса да сүттің шығуын сақтап қалуды көрсету;
6. жаңа туылған балаларға емшек сүтінен басқа ешқандай тағам мен сусынды (медициналық көрсеткіш болмаған жағдайда) бермеу;
7. ана мен жаңа туылған баланың бір палатада тәулік бойы болуын дағдыландыру;

8. емізуді кесте бойынша емес, баланың қалауымен ынталандыру;
9. емшектегі жаңа туылған балаға ананың омырауына ұқсайтын ешқандай тыныштандыратын құралдарды (емізік және т.б.) бермеу;

10. баланы емізуді қолдайтын топтарды ұйымдастыруды ынталандыру және осы топтарға перзентханадан немесе ауруханадан шыққан аналарды бағдарлау.

Untitled-3-1030x343

«Денсаулык жолы – 2017» науқаны

«Денсаулык жолы – 2017» науқаны

Қазақстанда 1 шілдеден «Денсаулык жолы – 2017» ақпараттық-түсіндірме науқаны бастау алды.

Әлемдегі денсаулық сақтау саласына инфекциялық емес аурулардың (ИЕА) таралуының және олар тудыратын қиындықтардың өсуіне мемлекет дұрыс тамақтанбау, дене белсенділігінің төмендігі, темекі шегу мен ішімдікке салыну секілді қауіпті факторларды төмендету мен жоюға бағытталған басым стратегияларды қабылдады.

2016 жылдың 1 қаңтарында 2030 жылға дейін тұрақты даму саласындағы Күн тәртібінде баяндалған тұрақты даму саласында 17 мақсат ресми түрде күшіне енген, ол 2015 жылы қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымының тарихи саммитінде әлемдік көшбасшылармен қабылданған. Тұрақты даму саласындағы мақсаттардың бірі салауатты өмір салтын қамтамасыз ету мен барлығына кез келген жаста сау болуға ықпал ету болып табылады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қуат теңгерімінің бұзылуын азайту және дұрыс дене салмағын қолдау үшін ас үлесі мен дене белсенділігіне қатысты кешенді ғаламдық ұсыныстарды ұсынған. Дұрыс тамақтануға қатысты басты ұсыныстар күнделікті жемістер мен көкөністерді жеткілікті мөлшерде (400 г немесе одан көп) тұтынуға және өндірушілер, аспаздар және тұтынушылардың азық-түліктер мен сусындарға қосатын бос қанттар мен бал, шәрбәт, жеміс шырыны және жеміс шырыны концентранттарында болатын қантты (жалпы тәуліктік қуаттың жұмсаулынан 10%-дан аз немесе 5%-дан аз), майларды (жалпы майлардың есебінен жалпы тәуліктік қуаттың жұмсалуынан 30%-дан аз, қаныққан майлар есебінен жалпы тәуліктік қуаттың жұмсалуынан 10%-дан аз(майлы ет, сары май, пальма мен кокос майы, кілегей, ірімшік, шошқа майын)және тұзды (тәулігіне 5 г аз) тұтынуды шектеу.

2013 жылы Еуропалық одақ тұрғындарының 59%-ы ешқашан жаттығу жасамаған немесе спортпен айналыспағанын немесе өте сирек жасағанын, ал 30%-ның ешқашан басқа дене белсенділігінің түрлерімен айналыспағанын көрсететін мәліметтер алынған.

ДДҰ ересектердің аптасына кемінде 150 минут бірқалыпты қарқында аэробтық дене белсенділігімен немесе жоғары қарқындылықтағы дене белсенділігімен аптасына 75 минут және аптасына 2 немесе одан көп рет бұлшықеттерді нығайтатын жаттығулармен айналысуды ұсынады. ДДҰ 5-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге бірқалыптыдан жоғары қарқындылыққа дейін күніне кемінде 60 минут дене белсенділігімен айналысуды ұсынады.

Зерттеу мәліметтері бойынша дұрыс және түрлі ас үлесінің (физикалық, сондай-ақ бағаға қатысты) қолжетімділігін қамтамасыз ету халықтың денсаулығы, саулығы мен өмірінің сапасын арттыруда, сау қартаю мен денсаулыққа қатысты теңсіздікті шектеуге ықпал ететін маңызға ие. Оған қосымша күш пен ресурстар ұсынуды талап етеді және мұнда тамақтануға қатысты сауаттылық, білім мен қабілетті арттыру үшін бұдан әрі қабылданатын шаралардың рөлі зор.

Безымянный-1

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ішек инфекциясының алдын алудың он «алтын ережесін» ұсынады:

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ішек инфекциясының алдын алудың он «алтын ережесін» ұсынады:

1. Қауіпсіз азық-түлікті таңдау. Олардың жарамдылық мерзімін қадағалаңыз.

2. Тамақты мұқият дайындаңыз. Ұсынылатын термиялық өңдеу мерзімін сақтаңыз.

3. Дайындағаннан кейін мүмкіндігінше тағамды бірден тұтыну.

4. Азық-түліктерді мұқият сақтаңыз. Сақтаудың температуралық тәртібін сақтаңыз.

5. Алдын ала дайындалған тағамды мұқият жылытыңыз.

6. Шикі және дайындалған тағамдардың бірге тұруына жол бермеңіз.

7. Қолыңызды жиі және тамақ ішер алдында міндетті түрде жуыңыз.

8. Ас үйді тазалықта ұстаңыз. Шикі және дайындалған азық-түліктерге бір тақтай мен бір пышақты қолданбаңыз.

9. Тағамды жәндіктерден (шыбыннан!), кеміргіш пен басқа жануарлардан қорғаңыз.

10. Тек сапалы таза немесе қайнатылған суды пайдаланыңыз.

Сарапшылар тағамды әзірлеумен айналысатындар арасында, олардың азық-түліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөліне қатысты ағарту жұмыстарын жүргізу қажеттігін мойындайды.

Қолдың тазалығы – өте қарапайым шара – инфекцияның таралуын азайтып, барлық жерде адамдардың қауіпсіздігін күшейтеді.

Берілген ұсыныстарды ұстаныңыздар және дендеріңіз сау болсын!

Безымянный-188

Ішек жұқпасының алдын алудың он «алтын ережесін» есіңе сақта

Ішек жұқпасының алдын алудың он «алтын ережесін» есіңе сақта

Азық-түліктен болатын ауру індеті айтарлықтай маңызды: жыл сайын әр оныншы адам ауырып, 33 миллион сау өмір жасын жоғалтады. Азық-түліктен ауыру әсіресе нәрестелер үшін ауыр болуы мүмкін. Іштің өтіп ауыруы — таза емес тағамнан туындаған ең көп таралған ауру. Онымен жыл сайын 550 миллион адам, оның ішінде 5 жастан кіші 220 миллион бала ауырады.

Азық-түліктен болатын аурулар — залалды су немесе тағам арқылы ағзаға түсетін жұқпалы аурулар немесе бактериялар, вирустар немесе химиялық заттектер тудыратын ағзаның улануы.

Азық-түліктен болатын аурулар қоздырғыштары іштің жедел өтуін немесе ағзаны әлсірететін инфекциялар, оның ішінде менингитке шалдықтыруы мүмкін. Азық-түліктен болатын аурулар ұзақ мерзімді мүгедектіктің және өлім-жітімнің себебі болуы мүмкін. Қауіпті азық-түлік түрлеріне жануардың шикі өнімдері, ластанған жемістер мен көкөністер, сондай-ақ теңіз биоуыттары бар шикі моллюскалар жатады.

8cff992s-960

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні

Қазақстан Республикасында 2017 жылдың 1 маусымында «Бұл әлемді балаларға сыйлаймыз» ұранымен Халықаралық балаларды қорғау күні өткізіледі. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы әр қоғам үшін маңызды. Тіпті материалдық жағынан жоғары қоғамның өзінде осы саланы жетілдіру үшін жалпы мемлекеттік тәсіл мен тегіс қамтитын стратегияларды ілгерілетуді талап етеді, ол балалар мен жасөспірімдердің денсаулықтарының көрсеткіштеріне қатысты әділдікті қамтамасыз ету мақсатында жүйелі өзгерістерді де жиі қамтиды.

ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің ресми мәліметтері бойынша соңғы бес жылда Қазақстанда балалардың өлім-жітім көрсеткіші 2011 жылғы 17,9-дан 2015 жылы 1000 туылған балаға шаққанда 12,2-ге дейін азайған. Балалардың өлім-жітімінің жастық құрылымында нәрестелер өлімі 82,5%-ды құрайды. Соңғы 10 жылда елде жыл сайын балалардың аурушаңдылық көрсеткішінің (2006 жылы 100 балаға шаққанда 98,2 деректен 2015 жылы  87,2 дерекке дейін) төмендеуі байқалуда.

Тұқым қуалайтын ауруларды ерте анықтау мен оларды уақытында емдеуді қамтамасыз ету және мүгедектікке апаратын ауруларды тоқтату үшін уақытында туа біткен гипотиреоз, фенилкетонурияға  неонаталдық скрининг және есту мүкістігіне аудиолық скрининг жүргізу қажет.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметтері бойынша 2016 жылы ҚР Профилактикалық екпелердің ұлттық күнтізбесіне сәйкес орта есеппен 90-99% балаға екпе егілген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау  ұйымының (әрі қарай-ДДҰ) анықтамасы бойынша иммундау жыл сайын 2-3 миллион өлім-жітім оқиғасының алдын алады. Бұл ең қиын және осал халық топтарының өзін иммундаумен қамтамасыз ететін тексерілген стратегиясы бар құны жағынан ең тиімді денсаулық сақтау саласына қаржы салу түрінің бірі.

ҚР Профилактикалық екпелердің ұлттық күнтізбесі 21 жұқпалы ауруға қарсы профилактиканы қарастырып, ДДҰ-ның ұсыныстарына сәйкес келеді. Халықты иммундау тегін жүргізіліп, вакцинация үшін ДДҰ сертификаттаған, яғни сапасына кепілдік берілген вакциналар қолданылады.

Адам денсаулығы кішкентай кезінен қалыптасады. Еліміздің әр азаматы өз денсаулығын және толықтай қоғамдық денсаулықты сақтауға ортақ жауапты, әсіресе бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде маңызды.

Жыл сайын Халықаралық балаларды қорғау күнінде өткізілетін іс-шаралар қоғамның жастайынан өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайтып қорғау, әркімнің өзнің денсаулығына жауапкершілігін, денсаулық сақтау дағдыларына әдеттендіру бойынша хабардарлығын арттыруға бағытталған.

2017-05-11-pic3952650-A3

2017 жылғы 15 мамыр Халықаралық отбасы күні

2017 жылғы 15 мамыр Халықаралық отбасы күні

15 мамырда қазақстандықтар «Отбасы, салауатты өмір салты және тұрақты болашақ!» ұранымен Халықаралық отбасы күні өткізуде.

Халықаралық отбасы күніне арналған Науқан отбасылық дәстүрлердің жаңаруына, отбасылық рухани құндылықтардың нығайуына, халықтың балалық, жасөспірім шақтан бастап репродуктивтік денсаулықты қорғау туралы хабардарлықтың жоғарлауына, денсаулықты қорғау әдеттерін және қауіпсіз дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Бүгінгі таңда мемлекет саясатының бағдары отбасын қорғап сақтау, ана болу мен балалық шақты қорғу.

Қазақстанда бірнеше бағдарламалар жүзеге асырылуда, соның ішінде БМСК, перзетханалар, балалар денсаулығын сақтау ұйымдары және т.б. деңгейінде қауіпсіз босануды жоспарлау, бала күтімі денсаулық мектептерін дамыту бағдарламасы.

Отбасының ең маңызды қызметі — баланың тек қоғам мүшесі ғана болмай, қоғамға пайдалы мүше болу үшін әлеуметтік ортаға бейімделуіне көмектесу.

Отбасында адамдар арасында ғана болатын ең жақын қарым-қатынас болып, онда әлеуметтік мирас заңы байқалады. Балалар мінезіне және мінез-құлқының стилімен өз ата-аналарына ұқсайтын болады.

Жақсы отбасы балаға оған ықыласпен қарауға дағдыландырып, дұрыс тамақтану, еңбек пен демалыс тәртібі, сонымен қатар денсаулыққа ненің зиянды болатыны туралы түсінік қалыптастырады. Отбасының денсаулыққа әсері өмір бойы байқалады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының жүргізген зерттеудің нәтижелерінің қортындысы бойынша 84,8 % сұхбат беруші анасымен қарым-қатынасын «өте жеңіл» және «жеңіл» деп, ал тек 69 %-ы әкесімен қарым-қатынасын белгілеген. Әкесімен қиын қарым-қатынаста сұхбат алынған 7.8% қыз бен 15,0% ұл бала құрайды. 7,3% қыз бен 16,0% ұл бала әкесімен сөйлеспейді.

Ата-анамен қарым-қатынас денсаулықты қалыптастырудың, құндылықтарды дамытудың ресурстарының бірі болғандықтан, күйзеліске төзімділіктің негізі болып табылады.

Қоғамдық денсаулықты қорғауға, салауатты болашақтың дамуына салауатты өмір салты қағидаларын сақтаушы, ерте жастан бастап одан әрі өмір бойы өзін өзі қорғау дағдыларын қалыптастыруға ұмтылушы әрбір қазақстандықтардың қатысуы өте маңызды.

Осы орайда отбасында адами мінез құлықты ахуалды тәрбиелеуде, салауатты өмір салты және дене белсенділігіне жауапты көзқарасқа негізделген отбасылық дәстүрлерді сақтауда отбасының рөлі айрықша.

b71756415868c60114521a1ce4c39992_XL

13 мамырда Казахстан Дүниежүзілік Артериялық гипертониямен күрес күнін атап өтеді

13 мамырда Казахстан Дүниежүзілік Артериялық гипертониямен күрес күнін атап өтеді

Артериялық гипертония қоғамдық денсаулық сақтау саласының ғаламдық мәселесі болып табылып, жүрек ауруы, инсульт пен бүйрек жеткіліксіздігіне себепші болады, сондай-ақ мезгілсіз өлім-жітім мен мүгедектікке алып келеді.

Күйзелісті бақылаудың жеткіліксіздігі жүрек-қантамыр аурулары, қант диабеті, созылмалы респираторлық аурулар және онкологиялық аурулар секілді қауіпті жұқпалы емес ауруларды дамытатын маңызды мінез-құлықтық қауіпті факторлар болып табылады.

Қазақстан Республикасында ересек тұрғындарды скринингтік тексеруден өткізу жалғасуда. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының мәліметтері бойынша қанайналымы жүйесі ауруларын анықтауға скринингтік тексерумен 2016 жылы республика бойынша мақсаттық топтағы ересек адамдардың 1 458 506 қамтылды, содан қанайналымы жүйесі аурулары, соның ішінде артериялық гипертония 106 129 адамда  анықталды.   

Ұлттық скринингтік бағдарламаның ерекшелігі терең (жеке және топтық) профилактикалық кеңес беру түрінде МСАК ұйымдарындағы Денсаулық мектептерінің қызметінің шеңберінде іске асырылатын созылмалы жұқпалы емес ауруларды тудыратын қауіпті факторларды анықтау және әрі қарай оны түзетуге халықты бағдарлауда. Аталған түзету көбінесе қауіпті факторларды төмендету бойынша стратегиялар, сонымен қатар артериялық қан қысымын, қан құрамындағы глюкоза мен майлар деңгейін бақылаумен байланысты халықтың өмір салтын өзгертуге бағытталған, ол ауруларды тұрақтандыруға, ауру белгілерін бақылау дағдыларын қалыптастыруға, ауруханаға жату санын төмендетуге және созылмалы жұқпалы емес ауруларымен ауыратын адамдардың өмірінің ұзақтығы мен сапасын арттыруға алып келіп, сау өмір ұзақтығын арттырады

             Қазақстанда аурудың асқынуының алдын алу, мүгедектік пен өлім-жітімді болдырмау, үздік клиникалық тәжірибені қолдану арқылы пациенттердің денсаулықтарын жақсарту және азаматтардың өз денсаулықтарына жауапкершіліктерін арттыру үшін мультитәртіпті команда мамандары мен созылмалы аурулармен, соның ішінде артериялық гипертензия, қант диабеті мен созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар белсенді хабардар пациенттердің өзара әрекеттерін күшейту мақсатында Ауруларды басқару бағдарламасы (АББ) енгізілу жалғастырылуда.

         Сондай-ақ Қазақстанда Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, жүзеге асырылуда. Оның негізгі бағыттарының бірі барлық кезеңде өлім-жітімді төмендету, ел азаматтарының өмірінің ұзақтығы мен өмір сапасын арттыру мақсатында жіті миокард инфаркті мен инсульт кезінде медициналық көмек көрсету бойынша біріктірілген үлгіні қалыптастыру анықталған.

         Әрине  қан қысымының көтерілуі бойынша  алдын алу шараларының нәтижелі болуы республика халқының және нақты  өзінің денсаулығына жауапты, белсенді, хабардар  әрбір адамның  орасан рөліне тиесілі.

photo_1307

Депрессия-тоқта!

Депрессия-тоқта!

ДДҰ-ның сарапшылары төмендегілерді әр адамға ұсынады:

  • Есіңізде болсын, сіз жалғыз емессіз. Сіздің басыңыздан өткен жағдайды көп адамдар да көрген және тірі қалған.
  • Есіңізде болсын, өз-өзіне қол жұмсау туралы айтқаныңыздың ешқандай әбестігі жоқ. Бұл тақырыпты қозғау арқылы өзіңізді жақсы сезінуіңіз мүмкін.
  • Сіздің жазылып кетуіңіз мүмкін екенін естен шығармаңыз.
  • Сізге көмектесетін адамдар бар екенін естен шығармаңыз.

Әр адам егер уайымға түссе немесе депрессия болуы мүмкін деп ойласа келесі шараларды қабылдауына болады:

  • Сенетін адамыңмен, яғни отбасы мүшесі, досың немесе ұжымдасыңмен сезіміңді бөлісу.
  • Маманға, учаскелік немесе отбасы дәрігеріне жүгіну, психологпен немесе әлеуметтік қызметкермен сөйлесу.
  • Өзіңе ұнайтын істермен айналысуды жалғастыру немесе ұқсас іс табу.
  • Бөлектенуден аулақ болу. Отбасымен және достармен байланыста болу.
  • Үнемі тамақтану және қанып ұйықтау қажет.
  • Үнемі дене жаттығуымен, соның ішінде серуендеумен айналысу қажет.
  • Алкогольді ішімдіктерді тұтынудан бас тарту және дәрігер тағайындаған дәрілерді ғана қабылдау.
  • Егер сіз қауіпті және өзіңізге зиян келтіретініңізді сезінсеңіз жедел көмек қызметіне хабарласыңыз, мысалы «қызыл желі – 150», елдің кез келген бұрышынан қоңырау шалып, психологтың тегін кеңесін алуға болады немесе тұрғылықты мекенжай бойынша маманға жүгініңіз немесе тәулік бойы жұмыс істейтін Павлодар облысы тұрғындарына арналған психологиялық көмек қызметінің сенім телефонына-Дағдарыс орталығы 34-13-31 звондаңыз, сізге білікті көмек көрсетеді. Және де тегін қалааралық желі 8 800 080 34 34 жұмыс істейді.

Дағдарыс орталығы мына мекен жайда орналасқан: Павлодар қ. Ломов көшесі 47/1, тіркеу орнының телефоны: 57-07-94.

Өз ойыңызбен жалғыз қалмаңыз,өз проблемаңыз туралы мамандарға айтыңыз және есіңізде болсын-депрессия емделеді!

2016_11_07

Бәріміз жарақатты тоқтатамыз!

Бәріміз жарақатты тоқтатамыз!

Ойлап көрсеңіз, Дүниежүзілік денсаулық  сақтау ұйымының мәліметі бойынша жыл сайын  жол-көлік апат салдарынан 1,25 миллионға жуық адам көз жұмады.

Ендігі бір жағдай- жарақаттар (жол-көлік жарақаты, суға бату, күю, биіктен құлау мен улану) 5-15 жастағы балалар арасында өлім-жітім мен мүгедектіктің басты үш себебінің бірі болып табылады. Орташа жылдамдықты 5%-ға дейін төмендету қауіпті апат санын 30%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Балаларға арналған орындық және қосымша құралдар (жастықтар) балалардың өлім-жітімін апат болған жағдайда 54-тен 80%-ға дейін төмендете алады. Шынында бұл  ойландыратын жағдай емес пе?

Ел жолдарындағы апаттарды төмендетуге 2014 жылы қабылданған «Жол қозғалысы туралы» Заң ықпал етті.«Жол қозғалысы туралы» жаңа Заңды іске асыру жол қозғалысы саласына тартылған барлық субъектілер арасындағы жауапкершілік аймағын нақты бөлуге, сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қызметтерге талапты күшейтуге мүмкіндік берді.

Үнемі өткізіліп отыратын «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Назар аударыңыз – балалар!» және т.б. кең ауқымды профилактикалық шаралардың нәтижесінде Жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау 0,5% (1 млн.687 мыңға дейін) артқан. Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы үш жыл ішінде көлік құралдарының тоқтаусыз өсуіне қарамастан (+8%, 4,5млн. дейін) елде апат көрсеткішінің төмендеуінің тұрақты беталысы байқалуда.

Айта кету керек, 2016 жылдан бастап республикада жарақат кезінде медициналық көмек көрсетудің біріктірілген моделі енгізілген. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуді жетілдіру бойынша шаралар жарақат кезінде медициналық көмек көрсетудің біріктірілген моделін енгізу бойынша Жол картасында көрсетілген. Қазіргі таңда  республикада халыққа травматологиялық көмекті  Жарақат және ортопедия ғылыми зерттеу институты, көп салалы стационарлардағы 120 жарақат және күйік бөлімдері,  медициналық санитарлық алғашқы көмектеріндегі (МСАК)  256 травматология кабинеті мен 60 травматология бекеттері көрсетеді.

Здоровое-питание-не-помогает-похудеть

Дұрыс тамақтану-денсаулық пен ұзақ ғұмыр кепілі

Дұрыс тамақтану-денсаулық пен ұзақ ғұмыр кепілі

Сіздер, дұрыс тамақтанудың не екенін білезіздер ме? Ең алдымен ол, дұрыс тамақтану күнделікті дене жүктемесімен жақсы теңдестірілген тағам, оның негізі деннің саулығы болып табылады. Дұрыс тамақтану тәжірибесін ерте қажет – баланы емізу дұрыс өсуге ықпал етіп, когнитивті дамуды жақсартады және болашақтағы денінің саулығына пайдалы, мысалы, артық салмақ пен семіздіктің пайда болуы және кейін жұқпалы емес аурудың даму қаупін төмендетеді.

Дұрыс тамақтанудың белгілерінің бірі қанттың ағзаға түсуін келетін қуат жиынтығынан кемінде 10%-ға шектеу қажет. Қосымша сауықтыру әсерін алу үшін осы көрсеткішті жиынтық қуаттан кемінде 5%-ға төмендету ұсынылады. Тұзды тұтынуды күніне кемінде 5 г шектеу ересектердегі гипертензияның алдын алуға және жүрек ауруы мен инсульт қаупін төмендетеді.

Балалық шақта пайда болған метаболизмдік және жүрек-қантамыр аурулары қаупінің факторы есейгенде де сақталып, денсаулықтың нашарлауына және мезгілсіз өлім-жітімге алып келеді. Бұл мәліметтер балалардың денсаулығын сақтауға араласу үшін тиімді уақытты таңдауды жоспарлауда тәжірибелік маңызы бар және ерте жастан араласуды іске асыру барысында қол жеткізілген мәліметтерді нығайту үшін балалардың денсаулығын сақтауды үздіксіз жалғастыру қажеттігі туралы пікірді растайды.

Әлемде мынадай үдерістер байқалуда: қуаттық құндылығы жоғары және майлы азық-түліктерді тұтынудың өсуі; көптеген қызметтердің аз қозғалысты сипатта болуына, қозғалыс тәсілдерінің өзгеруі мен қалаланудың өсуіне байланысты дене белсенділігінің төмендеуі.

Мамандар күнделікті дене белсенділігімен шұғылдануды, түрлі астық тұқымдастарды, көкөністер мен жемістерді, ет, сүт және балық өнімдерін, бұршақтарды, сонымен қатар тазартылмаған, яғни қабығы тазаланбаған дақылдарды, майсыз ет пен сүт өнімдерін тұтынуды ұсынады. Ет, балық, жұмыртқа, сүт, айран және басқа ашыған сүт өнімдері, ірімшік пен сүзбе балалардың қалыпты өсуі мен дамуына және олардың инфекциялардың әсері мен сыртқы факторлардың жағымсыз әсерлеріне төзімділігіне ықпал ететін басты тағам негіздері болып табылады.

Дәрігерлердің ұсыныстарын орындаңыздар, жаттығу жасаңдар, белсенді салауатты өмір салтын ұстаныңдар және дендеріңіз сау болсын!

alcohol-training

Ішімдік денсаулықтың жауы

Ішімдік денсаулықтың жауы

Арақ ішкен азар деп, айт-айта «жауыр» болған бұл проблема барлық бұқаралық ақпарат құралдарында айтылып та, жазылып та, көрсетіліп те жүр.

«Тамшы тас теседі» деген сөз бар ғой, қоғамдағы бұл проблема туралы,  әсіресе жастардың арасында оның себептері мен  ішімдікке  зиянды құмарлықтың пайда болу жолдарын ашып  жиі жиі  айтып отырып,   бір адамға ішімдікке тәуелділіктен айырылуға көмектессек, онда медицина қызметкерлерінің еңбегі  бекер болмады  деп санауға болады.

Көпшілік арасында арақ  ішсең іш, бірақ ақылыңды ішпе деген мақал айтылып жүреді. Бірақ бұның  ішімдік ішуді жасырын уағыздап, ішімдікке тәуелділіктің  пайда болуына әкелетінін ойламаймыз.

Адамның «ақылын» ішпеуге әкелетін ішімдіктің мөлшері әр адамда денсаулығының, тұқым қулаушылықтың жағдайына, ағзасының ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі болады.

Кейбір адамға  бір бокал шарап пен сыра ішімдікке жылдам тәуелді етсе, кейбіріне тіптен одан да аз мөлшердегі ішімдік тәуелді етеді.

Ішімдікке тәуелділік әлеуметтік ортада көптеген проблемалар тудырады. Олар- ауыртпашылықтың, өлім жітім деңгейінің көтерілуі ғана емес, қоғамның тоқырауы, қылмыс көрсеткішінің жоғарлауы, тұрмысы нашар отбасылардың, жетімдер санының,  тұрақты тұратын орны жоқ жандардың көбейуі.

Статистаканың мәліметі бойынша, тек ішімдіктің салдарынан бұзақылық пен қылмыс жиі болады. Заңгерлердің мәліметі бойынша бұзақылықтың — 90%, зорлық зомбылықтың — 60% және  өлім-жітімнің 70% адамдар мас күйінде жасайды.

Жол-көлік апаттарының саны көлік жүргізушілердің көлікті мас күйінде жүргізудің салдарынан көбеюде.

Ішімдікке ұдайы құмарлық өзінен өзі пайда болмайды. Алдымен  ішімдікке қызығушылық, құрдастары арасында  мықты болып көрінуге еліктеушілік, кейіннен  қарапайым даңғойлық бірте-бірте құмарлыққа  айналады.

Орыс зерттеушісі П. К. Алексеев улану салдарынан болған өлім жітім көрсеткіштерін талдай келе, ішімдіктен болған өлім жітім көрсеткіші, барлық уланудан болған өлім жітімнің көрсеткішінен көп болады  деген қортынды шығарды. Емдеу кезінде көптеген басқа уланған заттардың күшін қайтаратын заттар (антидоттар) қолданылса, керісінше арақпен уланғанды емдеуге пайдаланатын антидоттар жоқ. Басқа заттардан уланған адам өзі ғана азап шексе, алкогольмен уланған адам өзімен қоймай,  айналасындағы адамдарды да азапқа түсіреді.  Ішімдікпен  улану  ұрпаққа зиян тигізеді. Қазіргі таңда ішімдікке салынған ата – аналардан кемақыл және денсаулығы нашар балалар  тууы жиі кездесетінін медицина дәлелдеген.

Ерте грек әдеби шығармаларының бірінде грек философы Диоген ақыл есі кем  баланы көріп «Бала бітірген күні бұл баланың әкесі мас болған» деп  жазылыпты.

Қоғамда кейбір  уақытқа дейін  ресми түрде ішімдікке тәуелділік мақұлданып ауру деп есептелген жоқ. Осы проблема туралы мұқият 19 ғасырда ғана ойлана бастады, қазіргі таңда бұл проблема ойландыратын мәселеге айналды.

Қазір дүние жүзінде ішімдіктікті қолдану мөлшері өсуде, осыған орай  ішімдік салдарынан болатын өлім жітім, сондай-ақ есепке тіркелген созылмалы маскүнемдер саны өсуде. Осындай жағдайдың тағы бір себептері деп  дамыған индустриализация  мен урбанизация кезінде адамның жиі техниканың қосалқысына айналуын сануға болады.

Ендігі себептер бұрынғы өткен ғасырлардағы соғыстармен ғана үзіліп отырған, патриархалды және ырғақты, жайлы өмір қазіргі қалалардағы рухсыздық, тұмша, жартылай синтетикалық тамақтары мен ұдайы күйзелісті, ессіз ритмді өмірге ауысуы, жұмыссыздық және басқада қолайсыз жағдайларды, сондай-ақ дәстүлерді де жатқызуға болады.

Кейбір деректерге сүйенсек  «орынды ішетіндердің» 85%-да маскүнемдердің 95%-да бас миының қабығы кішірейеді, сонымен қатар ақыл қабілеті де төмендейді.

Алкогольдің  мида қышқылдануы бауырда қышқылданумен  салыстырғанда  4000 есе ақырын өтеді. Ішімдіктің қалдығы бас миының жасушасында 1 айға дейін сақталады. Ішімдік ішкен сайын бас миының мыңдаған белсенді жасушалары істен шығады.

Бейнелеп айтсақ, ішімдік айдаһар сияқты адамды жалмап, шайнап дер кезінде оны тоқтатпасаң сені бүтіндей  жұтып жібереді. Сондықтан ішімдікті  ұдайы ішуді үйреншікті салтқа айдалдырмау қажет.

Өкіншке орай әзірге, басқа маңызды ауруларды емдейтіндей, маскүнемдікті нәтижелі емдейтін дәрілер ойланып  шығарылған жоқ.

Маскүнемдіктің алдын алып, емдеумен айналысатын мамандар  түрлі дәрі-дәрімектер мен  емдеу тәсілдердері арқылы маскүнемдерді тек  ішімдікті жек көруге бейімдейді.

Осы зиянды әдеттен толық арылуға адамға  мамандардың қолдауы мен жақындарының түсіністігі қажет.

Ең бастысы адамға бұл аурудан  емделіп шығамын десе  күшті қайрат, ұстаным және сенім керек.