Денсаулық тәсілінің үздік мұғалімі

Салауатты өмір салтын қолдау орталығы облыс мұғалімдері арасында «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептің үздік мұғалімі» сайысының бірінші кезеңін өткізді

Сайыстың негізгі мақсаты: денсаулық сақтау технологияларын білетін мұғалімдердің педагогикалық инновациялық тәжірибелерін тарату, таланты мұғалімдерді анықтау.

Алын ала ұсыныс бойынша сайысқа педагогтық қызметіндегі мамандығына қарамай, жалпыға орта білім беретін мектепте өз сабақтарын өткізу кезінде сауықтыру тәсілдерін қолданатын, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасына қатысатын 14 мұғалім қатысты.

Сайысқа педагогтық өтілі 5-6 жыл ғана болған мұғалімдермен қатар, сүйікті мамандығына 10 жылдан аса уақытын берген мұғалімдердің қатысқанын атап өткен жөн.

Мұғалімдердің баяндамалары төмендегі өлшемшарттар бойынша анықталды: тақырыпты толық ашу, бірегейлі жеткізу, оқушылардың ерекшеліктерін ескеру, асқан ерекшелігі.

Айта кететіні, баяндамашы 5 минуттың ішінде өзінің тәжірибесімен бөлісіп, сабақтарында қолданылатын сауықтыру тәсілдерін айтып үлгеру керек.

Сайысының бірінші кезеңінен соң үздік бестіктің ішіне Павлодар қ. № 41, Павлодар ауданының Ольгинка және Заринка, Тереңкөл ауылының А. Н.Елгина атындағы №1, Железинка және Ақтоғай ауданының Приречинск ЖОББМ мұғалімдері енді.

Сайыстың екінші кезеңі 2018 жылғы 12 сәуірде ашық сабақ өткізу түрінде өтеді. Ашық сабақ кезінде мұғалім денсаулық сақтау технологияларын қолдануды, физикалық және ақыл-ой қабілеттерін арттыратын сауықтыру тәсілдерін көрсетеді.