Гепатитті жою

Дүниежүзілік вирусті гепатитпен күрес күніне (28 шілде) ұштастырылған айлық аясында халыққа гепатиттер туралы кеңес беру үшін бейінді мамандарды (гепатолог, гастроэнтеролог, инфекционист, терапевт және басқа мамандарды) тарту арқылы медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарында Ашық есік күндерін және жеке тұлғалармен гепатит сияқты аурудың алдын алу шаралары және таралу жолдары туралы әңгімелер өткізу, сауда үйлерінде, мәдени және демалыс саябақтарында халықтармен кездесу, ақпараттық-ағарту құралдарын тарату ұйымдастырылады. Айлық Павлодар облысында 24 шілдеден 22 тамыз аралығында «Гепатитті жою» ұранымен өтеді.

Ақпараттық науқан аясында гепатиттің алдын алу жөнінде медициналық санитарлық алғашқы көмек медицина қызметкерлері, әсіресе қауіпті топтар арасында семинар-тренингтер және де, мектеп және мектепке дейінгі ұйымдардың өкілдері арасында жиын өткізу жоспарлануда.

Балаларды вакцинациялаудан бас тартатын ата-аналармен жұмыс жалғасын табады, жеке тұлғалармен вакцинацияның маңызы туралы сөйлесудің жеке тәсілдеріне негізделе отырып жұмыстың тиімділігін арттыру үшін мамандармен кездесу қарастырылған. «Тең теңімен» принципі бойынша студент жастар екпе арқылы алдын алу және қауіпсіз секс туралы ақпарат алады.

Мектеп жанындағы, жазғы және сауықтыру лагерлерінде, балалар үйлерінде, интернаттар және басқа да мектепке дейінгі мекемелерде гепатитке қарсы алдын алу шаралары бойынша флеш–мобтар, сурет, би мүшәйралары, тетрланған қойылымдар, түрлы спорттық сайыстар өтеді.

Отбасын жоспарлау, босануға дайындық, жас аналар денсаулық мектептерінің, дені сау бала кабинеттерінің анадан балаға В вирустық гепатитінің жұғу және жұқтыру жолдары мәселелері бойынша денсаулықты қорғау дағдыларына баулу жұмыстарын жандандыру қарастырылған. Акциялар өтізілетін жерлерде ниет білдірушуі әрбір адам парақшалар, буклеттер алып, ақпараттық плакаттармен танысып, салауатты өмір салтын қолдау орталығының мамандары өткізетін сауаланамаларға қатыса алады. Ең бастысы олар өздерінің гепатиттің алдын алу және жұқтыруды ескерту шаралары мәселелері бойынша білімділік деңгейін жоғарлатуға мүмкіндік алды.