Темекі шегу – денсаулыққа зиян!

Павлодар көлік және коммуникация колледжінің студент жастары үшін «Vita» қоғамдық қоры темекі шегушіліктің алдын алу мәселелері бойынша тренинг ұйымдастырды.

Қоғамдық қордың психологымен колледж студенттері жастарды шылым шегушілікке итермелейтін себептерді анықтауға тырысты.

Топтарда жұмыс істей отырып, студенттер қазір шылым шегушіліктің модададан шыққанын және шылым шегетіндерге темекіні қалай тастауға болатынын анықтады.

Тренингке қатысушылар никотиннің адамның іш құрлысына тигізетін зияны туралы бейне роликті көрді.

Жас адамдар салауатты өмір салтының негізіне енетін темекі шегушілікті неге бастамау керектігі жайлы өз көзқарастарын айтты, плакаттар салды, никотинге тәуеліділік проблемаларына назар аударуға бағытталған ұрандар ойластырды.

Әрбір жеке тұлғаның өзі талғауының бар екені және өмірінің қаншалықты ойдағыдай табысты болуына көп жағдайда осындай дұрыс талғауға байланысты екені айқындалды.