Консультативтік орталықтардың халық үшін жұмыстары жалғасуда

«Алма» сауда үйінде «Өз қан қысымыңды өлше!» атты консультативтік орталық белсенді түрде жұмысын жалғастыруда.

Алғашқыда сауда үйіне келушілер  қолына тонометр ұстаған ақ халатты адамдарға таңырқай қараса, қазіргі таңда қан қысымын өлшетуге және дәрігердің кеңесін алу үшін ниет білдірушілер кезекке тұратын болды.

Бұл сауда орынында жұма сайын  сағат 15.00-тен 18.00-ға дейін салауатты өмір салтын қолдау ортылығы мен Павлодар қ. №3 емханасының дәрігерлері жұмыс істейді.

Сауда үйіне келушілердің пікірлерінше, бұл өткізіліп отырған шара халыққа өте ыңғайлы,  дүкенге сауда жасауға келіп қана қоймай, қан қысымын өлшетіп алып, керек болса дәрігерге көріну үшін жолдама алуға болады, одан қалды сол жерде денсаулығың жөнінде кеңес ала аласың.

Еске сала кетсек, облыстық халыққа қызмет көрсету орталығында консультативтік орталық күніне сағат  9.00-дан 20.00-ге дейін істейді, соның ішінде дүйсенбі сайын сағат 15.00-тен 18.00-ға дейін консультативтік орталықта салауатты өмір салтының мамандары жұмыс істейді.

Осындай консультативтік пункттер әрбір сейсенбіде сағат 13.00-тен  16.00-ға дейін «Манакбай» СҮ, әрбір бейсенбіде  сағат  14.00-ден 17.00-ке дейін «Квазар» СҮ жұмыс істеуде.

Павлодар қаласы мен облыс тұрғындары! Дәрігер мамандардан кеңес алып, қан қысымын өлшетіп, түрлі аурулардың алдын алу туралы ақпараттық-ағарту құралдарын (парақшалар және буклеттер) алатын мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар!