Конкурс «Денсаулық жарнамасы» мүшәйрасы

«Vita» қоғамдық қоры Павлодар қаласының мектеп жанындағы лагерьлердің 4-5 сынып оқушылары арасында «Денсаулық жаранамасы» мүшәйрасын жариялады.

Павлодар қаласының № 13 ЖОББМ «ЗОЖики», №24 ЖОББМ «Смайлики», №22 ЖОББМ «Балдаурен», № 28 ЖОББМ «Территория здоровья», № 36 ЖОББМ «Здоровячки» командалары салауатты өмір салтының негізгі бағыттарын және шылым шегушілік пен ішімдікті тұтынуға тұрақты қабылдамаушылықты қалай қалыптастыруға болатынды талқылады.

Мүшәйра қалалық мәдениет және демалыс бағының сахнасында жарқын да көңілді, әдемі өтті. Сайыстың кезең кезеңі бойынша мүшәйраға қатысушылар өз командаларының ресми аттырымен, «Денсаулық жарнамасы» атты сахналық қойылымдарымен және насихат плакаттарымен таныстырды.

Қазылар алқасының шығарған нәтижелері бойынша 1 орынға Павлодар қаласының № 28 ЖОББМ «Территория здоровья», 2-ші орынға-№ 36 ЖОББМ «Здоровячки» және 3-ші орынға-№ 13 ЖОББМ «ЗОЖики» командалары ие болды.

Барлық жеңімпаз командалар мадақтамалар және сыйлықтармен марапатталды. Балалардың бәрінің ең басты марапаты ол-«Денсаулық жарнамасы» мүшәйрасына қатысудан алған естен кетпейтін әсерлер, сергектік қуат,оптимизм, қуаныш пен шаттық.