Жақсы әдеттер марафоны

Павлодар қ. Салауатты өмір салтын қолдау орталығы 15-17  жастағы жасөспірімдер арасында«Жақсы әдеттер марафоны» ең үздік бейне ролик сайысын өткізеді.

Ұйымдастырушылардың іс-шараны өткізудегі мақсаты жастардың назарын салауатты өмір салтының маңыздылығына аудару,   психикалық белсенділікті арттыратын заттарды (ішімдік, темекі, есірткі) қолданудың алдын алу бойынша ағартушылық қызметке тарту.

Балалар өздерінің шығармашылық жұмыстарында өмір салтының денсаулыққа, жетістікке жағымды әсерін  дәлелдеуі тиіс болатын, сонымен қатар  жек тұлға ғана тән  емес,  бүкіл қоғамға тән  әлеуметтік маңызды құндылықтарды  атап өту керектін. Осыған байланысты жұмыстар бірегейлігімен ерекшеленіп,  көрермендердің  сезімін қозғап, қайталаушылыққа жол бермеуі қажет

Үздік жұмыстар ұйымдастырушылар тарапынан мадақтамалар және  сыйлықтармен аталып өтіледі, сонымен қатар Павлодар қ. салауатты өмір салтын қолдау орталығының сайтына және ресми желелердің  (instagram, facebook) аккаунттарына орналастырылады. Сайыс шарттары http://zozh-pvl.kz/ сайтында жарияланған.