Денсаулықтың алтын ережелері

Республикамызда маусымның 4-13 арлығында жіті ішек инфекциясын алдын алу бойынша «Денсаулықтың алтын ережелері» атты Ұлттық бағдарлама бастау алады.

Азық-түліктер пайдалы және  дәмді ғана болып қоймай, денсаулыққа қауіпсіз болуы қажет. Ол үшін  қарапайым, бірақ ең маңызды  бірнеше ережелерді ұстану қажет.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Қауіпсіз тамақтанудың бес негізгі қағиларын» сақтауға кеңес береді.  Бұл ұсыныстарды барлық жағдайда, әсіресе 70 ° C температураға дейін жететін «өнімдердің дұрыс термиялық өңдеуіне» байланысты ұсынысын орындау керек. Жемістер мен көкөністерді, әсіресе тамақтануда шикі түрінде пайдаланатын кезде, мұқият түрде жуып отыру қажет. Мүмкін болса, көкөністер мен жемістерді тазалау керек. Халықтың осал топтары (балалар мен қарт адамдар) шикі немесе керекті термиялық өңдеуден өтпеген ет өнімдері, шикі сүт пен шикі сүттен жасалған өнімдерін тамақ ретінде пайдаланбау керек.

Тамақ дайындау, тамақтану алдында және әжетханадан кейін әсіресе әлсіреген иммунитетті адамдар, қарт адамдар мен кішкентай балаларға қамқорлық жасайтын адамдар үшін жүйелі түрде қол жууға кеңес беріледі.

Бұнын басты себебі бактерияның тек тағам өнімдері, су және  жануарлармен тікелей байланыс арқылы ғана қоймай, бір адамнан адамға да жұғу мүмкінділігі.

Тағыда! Диагнозды дұрыс қою үшін дәрігерге көріну керек. Өз-өзіңізді емдемеңіз, себебі бұл сіздің жағдайыңыз бен балаңыздың жағдайын нашарлату мүмкін екенін есте сақтаңыздар!