Білгенің, яғни сақанғаның?

Аурып қалғанша, біз ағзамызда нендей өзгеріс болып жатқаны туралы, ағзамыздың қызметі дұрыс жүріп жатыр ма, түрлі аурудың дамуына алдын ала жағдай немесе қауіп қатер бар ма екен деген ойлар жиі келе бермейді.

Тап сол кезде көптеген дерттің пайда болуын уақытты, қаражатты және көңіл күйдің күзелісін үнемдей отырып, дұрыс және уақтылы алдын алу арқылы болдырмауға болады. Мүмкін өмірді де сақтап қалуға болады.

«Павлодар-2050» қоғамдық қоры Екібастұз қаласында онкологиялиқ аурулардың алдын алу бойынша кең ауқымды ақпараттық-түсіндірме науқанын өткізді. Науқан кезінде жастар арасында онкологиялық аурулардың дамуына қатысты қауіп қатерлерге төтеп тұруды қалыптастыру бойынша дәрістер және тренингтер ұйымдастырылды.

Медицина қызметкерлеріне арналған семинарда Екібастұз қаласының дәрігер – онкологы Павлодар облысында онкология ауруларын интегралды басқару үлгілерінің енгізілуі туралы айтты.

ЭКИНЕУ-де «Сүт безін зертте» атты шара өтіп, 32 әйел іс-жүзінде сүт безін тексеру тәсілдерін үйренді.

Денсаулықты сақтауда, өмір сапасын жақсартуда, ауруды басқаруда басты рөл денсаулық мектептерінде өзін өзі бақылау, өзіне өзі көмек көрсету және өз менеджменті принциптерін оқыған белсенді науқасқа тиесілі.

Бүгінгі таңда Екібастұз қаласының барлық емханаларында жоғарыда айтылған мектептер белсенді жұмыс істейді.

«Ең үздік мінез құлық қауіп қатер денсаулық мектептері» атағын алу үшін «Павлодар-2050» қоғамдық қоры ұйымдастырған мүшәйраға Екібастұздың барлық емханалары қатысты.

Мүшәйраның қортындысы бойынша бірінші орынды №2 емхана, екінші орынды №3 емхана, үшінші орынды №1 емхана иеленді.

Әрбір адамда онкологиялық аурудың даму қауіп қатері болуы мүмкін.

Обыр ауруымен кез келген адам, жас та, кәрі де, бай да, кедей де, еркек те, әйел де, бала да ауруы мүмкін.

Соған қарамастан, салауатты өмір салтын ұстанып, уақтылы дәрігерге қаралып отырған жағдайда онкологиялық ауру оқиғасын 40%-ға дейін төмендетуге болады.