Денсаулық бәрімізге!

Павлодар облысының көру қаблеті төмен және зағиптар үшін арнайы кітапханасында Денсаулық күні өтті. Кітапхана қызметкерлері өздерінің оқырмандарына нағыз мейрам сыйлады: кітапхананы екі рет айналып жүгірді, ниет білдіруші оқырмандардың қатысуымен флэшмоб және көңілді жаттығулар өткізді.

Салауатты өмір салтын қолдау орталығының дәрігері мейрамға қатысушыларға облысымызда Дүниежүзілік денсаулық Күнінің қалай, неге өткізілуінің себебін айтты. Дәрігер өзінің сөзінде адамның денсаулығына, ұзақ жылдары әдемі де сау болуына дене белсенділігінің, дұрыс тамақтанудың, дене белсенділігінің жүктемесін дұрыс үлестірудің қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

Іс-шараның қортындысы бойынша іс-шараға белсенді қатысқандарға сыйлық ретінде дәруменге мол жеміс – жидектер табысталды