Сау болу-ол мықтылық!

Павлодардың Усолка шаңғы базасында жылдағы дәстүрлі быйл

«Сау болу-ол мықтылық!» ұранымен, кәсіби медицина күніне арналған медицина қызметкерлері арасындағы спартакиаданың салтанатты ашылуы өтті.

Спорт сайыстарына 33 медицина ұйымдарынан 850 аса салауатты өмір салты әуесқойлары қатысты.

Медицина қызметкерлері спартакиадасы, жылдан жылға қатарына бұрын тіпті спортпен шұғылданмаған медицина қызметкерлірімен толығып, танымал болып келеді.

Сайыстар спорттың алты түрі: волейбол, футбол, кросс, армрестлинг, гір спорты және арқан тартудан белсенді демалыста, позитивті эмоцияда, достықты ахуал жағдайда өтті.

Арқан тартудан бірінші орынды Сұлтанов атындағы облыстық клиникалык аурухана, екінші орынды Екібастұз қалалық ауруханасы, үшінші орынды Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансер командалары жеңіп алды.

Гір спортынан Сұлтанов атындағы облыстық клиникалык аурухананың спортшылары алда болса, екінші орынға облыстық кардиологиялық орталықтың спортшылары ие болды, ал үшінші орынды- Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансер спортшылары алды.

Гір спортынан жеке тартыста сөзсіз жеңімпаз атағына Сұлтанов атындағы облыстық клиникалык аурухананың өкілі М.Апсеев ие болды.

Армрестлингтен ерлер арасында жеңімпаз атағына Ақсу орталық аурухананың өкілі В.Голутков ие болды.

Армрестлингтен әйелдер арасында жеңімпаз атағына Павлодар облыстық наркологиялық диспансердің қызметкері А.Абдрахманова ие болды.

Футболдан бірінші орынды Сұлтанов атындағы облыстық клиникалык аурухана жеңіп алды, волейболдан ең үздік болып Павлодар қ. №3 емханасы танылды.

Кросстан бірінші орынды Сұлтанов атындағы облыстық клиникалык ауруханасы жеңіп алса, әйелдер арасында кросстан жеімпаз болып Екібастұз қалалық орталық ауруханасы танылды.

Сайыстың ең соңғы нәтижесінде жалпы командалық есеп бойынша бірнші орынға лайық деп Сұлтанов атындағы облыстық клиникалык ауруханасы танылды, екінші орын Екібастұз қалалық орталық ауруханасына бұйырды, ал үшінші орынға Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері ие болды. спартакиада жеңімпаздары мадақтамалар, кубоктар және ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.

Сайысқа қатысушылардың барлығы сйылықтарға ие болмаса да, олардың және жанкүйерлерінің көңіл күйі көтеріңкі болды.

Ең бастысы осындай сайыстарға қатысып, әобірі өзінің өнегесімен салаутты өмір салтын ұстану мүмкіндігін көрсету.