Салауатты өмір салты — оқушылар арасындағы басым бағыт

Салауатты өмір салтын қолдау орталығының мамандары Павлодар қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінің медбикелері үшін оқыту семинарын өткізді.

Семинарда оқушылардың салауатты тамақтануына және мінез құлық қауіп қатер факторлардың (шылым шегушіліктің, нашақорлықтың, ішімдікке салынудың алдын алу) алдын алу шараларына қатысты мәселелер қаралды.

Салауатты өмір салтын қолдау орталығының дәрігері Г.Саканова салаутты өмір салтын қалыптастыру және аурудың алдын алу бойынша маңызды күндерге орайластырылған іс-шаралар жоспары туралы, биылғы жылы 29 ұлттық бағдарлама жүзеге асырылатынын, жылдың басынан ол жұмыс басталып кеткенін айтты.

Ұйымдастырылған балалар ұжымдарында тамақтану мәселелері бойынша туындаған проблемалар туралы қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің балалардың білім беру және тамақтану нысандарын санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің дәрігері О.Грачева хабардар етті. О. Грачева, барлық мектеп асханаларының күнделікті ас мәзірін дайындау кезінде медбикелердің мұқият бақылау және қадағалауында болмайтынын атап өтті.

Білім беру нысандарының мектеп асханаларында дәрумендермен байытылған азық-түліктің құрамына сәйкес алдын ала келешек ас мәзірін дайындау жөнінде ұсыныстар берілді.

Облыстық наркологиялық диспансердің психологы А.А. Небельцова психикалық бесенділікті арттыратын заттарды қолданудың алдын алудың негізі ретінде-салаутты әдеттерді қалытыстыратын негізгі шараларға тоқталып, ол қазіргі таңда жастар арасындағы нашақорлықтың және ішімдікке салынудың облыс бойынша ахуалын айтты.

Жасөспірімдер ағзасының физикалық даму ерекшеліктері және есірткі мен ішімдіктің баланың өсіп жетілмеген ағзасына тигізетін әсерлеріне тоқталды. Сонымен қатар жасөспірімдерде стандарттан тыс мінез-құлық анықталған кездегі әрекет алгоритмі жасалды.

Кездесудің соңында салауатты өмір салтын қолдау орталығының психологы К.Ж. Байгожина «Жоқ» деп айта біл!» атты тренинг өткізді.

Тренинг барысында семинарға қатысушылардың назарын психикалық белсенділікті арттыратын заттарды (ішімдік, темекі, есірткі, энергетикалық сұйықтар т.б.) қолдануды қатты ұсынған жағдайда қолайсыз жағдайға түсіп қалмау үшін ол заттарды қолданбаудан бас тарту үшін не жасай білу керектігіне, адам өзінде бас тарту әрекетін қалыптастыру керектігіне аударды.