Дұрыс тамақтану – болашақ ұлт саулығы!

Осы ұранмен біздің облыста 1 сәуірден бастап мектепте тамақтануды ұйымдастыру бойынша онкүндік өтуде.

Өткізілетін іс-шаралардың негізгі мақсаты — өмір бойы тәжірибеден өткен және оң тәжірибеге негізделген дұрыс тамақтану негізін құру, өмір салтын ұстануға қажетті дағдылар мен сенімділікті қалыптастыру.

Осы мерзімде семіздікке, есте сақтау қаблетінің төмендеуіне, жүрек-қан тамыры және басқада аурулардың дамуына әкелетін тамақтарды пайдаланудан болатын проблемаларды түсіндіруге бағытталған әртүрлі іс-шаралар өткізіледі.

Тұрғындардың назарына жергілікті теле- радиоарналар арқылы балалардың, әсіресе мектеп жасындағы балалардың дұрыс тамақтануы мәселесіннің маңыздылығы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу бойынша ақпараттар ұсынылады, жергілікті баспаларда аурудың, мүгедектік пен өлім-жітімнің алдын алуға ықпал ететін құрал ретінде мектеп жағдайында үйлесімді тамақтану тақырыбында мақалалар жарияланады.

Ниет білдірушілер мектептердегі шаралар, кездесулер, отырыстарда және денсаулық клубтарында ақпараттық-ағарту құралдарын, парақшалар және буклеттерді ала алады.

Емханаларда әр саладағы мамандар, диетологтар жұмылдырылып оқушылар мен олардың ата-аналарына салауатты тамақтану туралы тегін кеңес беріліп, ашық есік күндері өткізіледі. Сол күндері емханаларда балалардың қанындағы қанттың және холестериннің деңгейін, Кетле индексін, белдің аумағын анықтайды.

Оқу орындарында тренингтер, диктанттар, «Мен салауатты өмір салтын қолдаймын», «Ақылды тамақтан», «Фаст-фудтар мен үшін емес» «Менің келбетім – тамағымның көрінісі!» атты мүшәйралар, азық-түлік қауіпсіздігінің 5 белгісі, денсаулықты күшейту мен сақтаудағы құндылықтар қалыптастыру мәселелері, аурудың алдын алу үшін қаралудың маңыздылығы бойынша ақпараттық сағаттар, «Таза тағамдар», «Дәрумендер туралы не білемін?» атты тақырыптарда рөлдік ойындар ұйымдастырылып, соңынан «дұрыс-дұрыс емес» атты тестілеу өткізіледі.

Мектептер мен медицина ұйымдарында оқушылардың ата-аналарымен кеңестер, мактеп асхана қызметкерлері үшін «Тағам гигиенасы – оқушылар денсаулығының кепілі», «Тамақтану тәртібі» және т.б тақырыптарда семинарлар өткізіу жоспарланған.