Салауатты отбасы-салауатты ел!

Осындай ұранмен Павлодар қ. №96 бала бақшада  «Салауатты отбасы-салауатты ел!» Ұлттық бағдарлама аясында Салауатты өмір салтын қолдау орталығының ұйымдастыруымен сайыс өтті.

Сайысқа 5 отбасылық команда қатысты. Команда құрамына жоғарғы топтағы тәрбиеленушілер, бес бала бақшаның белсенді ата-аналары енді. Сайысты көріп, тамашалауға 20 астам жанкүйерлер келді.

Сайыс басында  отбасылық команда визиттік карточка ұсынды: Ол-құттықтау сөз,  отбасылық ұран, отбасының әуес істерін және салауатты өмір салты ұстанымын көрсететін суреттері бар плакаттар. Жанкүйерлер қол соғып, ұранды айтуға көмектесті, эмоциалық тұрғыда команданы қолдады.

Қазылар алқасы құрамындағы қалалық білім беру бөлімі мен салауатты өмір салтын қолдау орталығының өкілдері ұпайлар санады, тәуелсіз төрешілер сайыс ережелерінің орындалуын қадағалады.

Жоғарғы медицина колледжісінің стоматология бөлімінің студенттері бүлдіршіндерге  ауыз қуысы мен тістерді күту ережелері туралы театрланған шағын қойылым көрсетті, танымдық викторина өткізіп, көрнекті ақпараттық парақшалар мен буклеттер таратты.

Спорттық сайыстың алты кезеңінде ептілікті, күшті, шыдамдылықты, мергендікті және жылдамдықты көрсету керек болатын.

Ережені бұзып, шапшаңдықты төмендетуге немесе шегінуге болмады,  әр кезеңнің ережесін бұзған жағдайда  ұпай ретінде айыппұл салынып отырды.

Барлық командалардың сайысты өте қызықты, белсенді, креативті түрде өткізгені соншалықты, сайыстың соңына дейін 4 команда бірдей алда келе жатты, тек  жүлделі орындарды  анықтау үшін командалардың  сайыс барысында жинаған айыппұл санын есепке алуға тура келді.

Сайыстың қортындысы бойынша бірінші орынға  №96 бала бақшаның Әлпиевтер отбасылық «Спортшыл қояндар»  командасы ие болды, екінші орынды-№24 бала бақшаның Төлеуовтар отбасылық «Адреналин»  командасы иеленсе, үшінші орынды  №53 бала бақшаның Мазаловтар отбасылық «Радуга» командасы жеңіп алды.

Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Қалған сайысқа қатысқан командалар, ұйымдастырушылар, көмекшілер дипломдар мен алғыс хаттар алды.

Осындай спорттық сайыстар №44 және 23 бала бақшаларда өткізілмек. Ондағы өткізілген іс-шаралар туралы  ақпаратты міндетті түрде  Салауатты өмір салтын қолдау орталығының сайты мен аккаунтына орналастырамыз. Біздің басылымдарымызды қадағалаңыздар.