Салауатты жастар-салауатты болашақ

Салауатты өмір салтын қолдау орталығының бастауымен Павлодар жоғарғы медициналық колледжінде еріктілер қозғалысының «Тең теңімен» принципі бойынша «Салауатты жастар-салауатты болашақ» атты облыстық жастар конференциясы өтті.
Іс-шара облыстық білім беру және жастар бастамасы орталығының қолдауымен Халықаралық шылым шегішіліктен бас тарту Күніне арналды.
Іс –шараға жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен қауіп қатер факторларының таралуына қарсы әрекет жасауға бағытталған бағдарлама аясында жұмыс істейтін техникалық және кәсіби білім алатын ұйымдардың студенттері қатысты.
Іс-шараға қатысу барысында студенттер өкілдері өз ұйымдарында әлеуметтік сауалнамалар жүргізіп, талдаған сауалнамалардың қортындысын өздерінің баяндамаларында айтты.
Талқыға ұсынған айқын да қызықты 12 баяндамада оқушылар құрдастарына салауатты өмір салты, ол ұзақ уақытқа керек денсаулық, дене белсенділігі, аман-есендік, сәтті болашақ екенін сендіре дәлелдеді.
Сонымен қатар кездесуге қатысушылармен бірге ұйымдастырушылар «Мен жоқ деп айта аламын», «Мен сендіре аламын» тренингтері мен «Біз белсенді салауатты өмір салтын қолдаймыз» флешмобын өткізді.
Конференцияның қортындысы бойынша балалар үздік баяндамаларды таңдап алып, оларға 1,2,3 дәрежелі дипломдарды табыс етті. Конференцияға қатысушылар екі секция бойынша жұмыс істегендіктен номинатқа ие болғандар саны екі есе көп болды.
«Тұлға және салауатты өмір салты» номинациясы бойынша бірінші дәрежелі дипломмен Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-техникалық колледжінің студенті Еламан Оспанов, «Қоғам және салауатты өмір салты» баяндамасы үшін екінші дәрежелі дипломмен ЭКИНЕУ-дің оқушысы Ирина Ефремова, «Денсаулық және салауатты өмір салты» номинациясы бойынша үшінші дәрежелі дипломмен Павлодар машина жасау колледжінің студенті Жыргал Арипов марапатталды.
«Салаутты өмір салты және кәсіби қызмет» атты екінші секцияда Павлодар жоғарғы медицина колледжінің оқушысы Әдел Жартенова жеңімпаз болып танылса, «Салауатты өмір салты және ұзақ ғұмыр» номинациясы бойынша екінші дәрежелі дипломмен ЭКИНЕУ-дің студенті Ақбота Тлектесова, «Дене белсенділігі денсаулық құралы» атты баяндамасымен Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-техникалық колледжінің студенті Әділ Нұртаев үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды.
Басқа спикерлер де назардан тыс қалмады, оларға конференция жұмысына белсенді қатысқаны үшін дипломдар табыс етілді.