Туберкулезден қорғануға болады

Республикамызда 2018 жылғы 24 ақпаннан 24 наурыз аралығында «Өзіңді туберкулезден қорға!» Ұлттық бағдарлама аясында іс-шаралар өтуде.

Туберкулез- өкпені жиі зақымдайтын жұқпалы ауру.

Туберкулездің негізгі белгілері: 2 аптадан асатын мерзім ішінде жөтелу, әлсіздік және шаршағыштық, салмақтың төмендеуі, ұзақ мерзім дене ыстығының көтерілуі, түнгі уақыттағы тершеңдік, кеуде қуысының ауруы, қанды қақырық түкіру.

Салауатты өмір салтын қолдау орталығы төмендегі негізгі туберкулезден қорғану шараларын ұсынады.

Ең бастысы тубркулезге қарсы екпе алу. Екпе дені сау болып туған нәрестелерге перзентханаларда 1-4 күні салынады. Ең маңыздысы нәрестелерді туберкулезден осы жаста қорғау, себебі туберкулездің негізгі таралу жолы ауа тамшылары арқылы.

Туберкулездің алдын алуда нәруызға, майларға және көміртегіне бай құнарлы тамақтану маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар дене белсенділігімен айналысу, таза ауада жиі болу, шынықтыру емшарасын алу қажет.

Салауатты өмір салтын ұстануды, санитарлық-гигиеналық ережелерін: ас ішер алдында қолды жууды, санитарлық тексерістен өтпеген сүт тағамдарын, жеміс-жидек, көқөністерді жумайынша тамаққа пайдаланбауды қатаң сақтау маңызды.

Гигиеналық ережелерді дұрыс ұстану адам ағзасының шынығып нығаюына септігін тигізіп, туберкулез ауруынан қорғайды.