Өзіңді гепатиттен қорға

«Манақбай» сауда үйінде салауатты өмір салтын қолдау орталығының дәрігерлері гепатиттің алдын алу айлығындағы іс-шаралар аясында «Гепаттитті жою» атты акция өткізді.

Сауда үйіне келушілер вирустық гепатиттің алдын алу туралы білімі бойынша сауалнамаға жауап беріп, осы аурудың түрлері туралы сұрақ қойды,

аурудың таралу жолдары туралы, соның ішінде екпе-қан, жыныс жолдары арқылы және де сапасыз заласыздандырған медицициналық құралдарды ота кезінде қолданғанда, маникюр кабинеттерінде косметологиялық және стомотологиялық кабинеттерде стомотологиялық қызмет алғанда таралатыны жөнінде толық ақпарат алды.

Акция кезінде сауда үйіне келушілердің жұқпалы аурулардың алдын алу мәселері бойынша сауаттылығының жеткілікті екенін атап өткен жөн, олар аурудың жеке бас гигиенасын сақтамаудан, лас қол, су және тамақтан жұғатынын жиі айтты.

Акцияға қатысушылар парақша, буклет түрінде ақпараттық-ағарту құралдарын, және де жекелей контрацепция құралдарын алды.