Темекіні соқ

Павлодар қалалық саябақта Салауатты өмір салтын қолдау орталығының дәрігерлері осындай аталмышпен шылым шегушіліктің алдын алу бойынша тренинг ұйымдастырды. Тренингке сол күні демалып жүрген 50 астам ересектер мен оқушылар қатысты.
«Мен темекіні соқтым» атты тренинг шылым шегушілікке немқұрайды қарамайтын ересек балалардың арсында қызығушылық тудырды. Олар «Мен темекіні соқтым және мен ешқашанда темекі тартпаймын» деген сөздерді айта отырып, аса бір қанағаттандықпен ағаштан жасалған темекі муляжіне шеге қақты.
Никотиннің зиянды әсерінен өзгеріске түскен өкпенің макеті тыңдармандарға қатты әсер етті, балалар қызығушылықпен «Сау өкпе» тренингіне қатысып, қан тамырлары өзгерген өкпе макетін қараумен болды.
Психикалық белсенділікті арттыратын заттардың қолданудың алдын алу аясында Салауатты өмір салтын қолдау орталығының дәрігерлері халық арасында осындай іс-шараларды өткізіп отыратынын атап өткен жөн.