Игілікті жүргінші

Ведомствоаралық серіктестік аясында Павлодар білім беру бөлімі, трамвай басқармасы, Павлодар қ. ІІД, СӨСҚО «Жігер» балалар жасөспірімдер клубында «Игілікті жүргінші» акциясын өткізді. Акцияға 16 балалар жасөспірімдер клубтарынан 120 жуық балалар қатысты.

Акцияға қатысушы балалардың бір бөлігі жергілікті мемлекеттік көлік инспекциясының өкілдерімен жүргіншілер өтетін жерде жүргіншілер мен қозғалыстағы көліктерді бақылауға алды.

Балалар жол ережесі мен қағидаларын сақтайтын жүргішілерді атап өтіп, оларға рахметтерін айтты, жол ережесін сақтамайтын жүргіншілермен кеңес жүргізді, жүргіншілердің жолдың тиым салынған бөлімінде болған мезетте көлік жүргізушілердің ерекше әрекеттеріне тоқталды.

Жас көлікинспекторлардың бір бөлігі трамвай вагонында жолаушы ретінде жүріп, вагондағы жолаушылармен кеңесті, олардан: «Сіздер үлгілі жүргіншілерсіз ба?» деп сұрағанда, өкінішке орай кейбір ересек жолаушылар «ия» деп айта алмады, себебі олар кейбір кезде жол ережесін сақтамайды екен.

Осы мезетте «Жігер» балалар жасөспірімдер клубының акті залында балалар арасында жол ережесі жөніндегі білімін білуге бағытталған викторина өткізілді, оқушыларға «Жол қозғалысы» атты бейнефильм көрсетілді.

Кездесу қызықты да танымды өтті. Балалар трамвай басқармасы өкілдеріне, жасөспірімдер жұмысы бөлімінің инспекторына, салауатты өмір салтын қолдау орталығының мамандарына қызықтырған сұрақтарын қойды.

Кездесу барысында жолда қауіпті жағдай туғызу кезінде: жолды рұқсат етілмеген жерледен кесіп өткенде немесе ойын ретінде жүріп келе жатқан көліктерге жабысып мінгенде жасөспірімдер өзінің және жанындағылардың өмірін қатерге тігетінін ойламайтынына аса көңіл аударды.

Клуб ауласында спортқа бейімділер спорттық сайсқа қатысты. Сайыс кезінде қимыл шапшаңдығын, басқалар үшін қобалжудың, жанындағыларға алғашқы көмек көрстету, құтқару тәсілдерін көрсете білді.

Сайысқа қатысушылар жол ережелері туралы жақсы білімділіктерін және түрлі жағдайларда дұрыс жол таба алатындығын көрсетті