Медицина қызметкерлері күні

Облыс әкімі Болат Бақауов медицина қауымын кәсиби мейрамымен құттықтап, өңірдің үздік медицина қызметкерлеріне марапаттар табыс етті.
Медицина қызметкерлері ардагерлерін ерекше атап өтті. Облыс әкімі өз сөзінде: «-Әрбіріңіздің еңбегіңіз адам, оның игілігі үшін жоғарғы дәрежеде қызмет ету болды»- деп атап өтті. «Сіздерге еліміздің болашағы үшін аса зор жаупкершілік жүктелген. Біздің денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын дамытудағы жігеріміз осы саладағы қызметкерлердің жоғарғы деңгейдегі кәсіпкерлігі және шеберлігісіз нәтижелі болмас еді. Сіздердің әрбіріңізге, сонымен қатар ардагерлерге денсаулық сақтау саласын дамыту және нығайтуға қосқан үлесі үшін, әрдайым көмекке келуге дайын тұратын, демалыссыз, мейрамсыз өткізген ауыр еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіргім келеді».
Үздік деген медицина қызметкерлеріне «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» белгісін табыс етті, марапатталғандардың ішінде салауатты өмір салтын қолдау орталығының директорының орынбасары Гульнара Алиакаровна Жусуповада болды.
Сонымен қатар облыс әкімінің атынан құрметті мадақтамалар және алғыс хаттар табысталды. Медицина ардагерлері «Еңбек ардагері» медаліне ие болды.
Мерекелік бағдарламаның соңында медицина қызметкерлерін Қазақстан Республикасының халық әртісі Роза Рымбаева құттықтады.