«Салауатты отбасы-салауатты ел» сайысына отбасылық командалар қатысуда

Павлодарда    Салауатты өмір салтын қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Салауатты отбасы-салауатты мемлекет» ұлттық бағдарлама аясында қаланың бала-бақшаларының отбасылық командалары арасында спорттық сайыстар жалғасын табуда.

№44 бала-бақшада  спорттық сайысқа  алты отбасылық команда және   №44, 10, 126, 29, 5 и 2 бала бақшалардан жанкүйерлер жиналды. Сайысқа қатысушыларды қолдауға жоғарғы медицина колледжінің стоматология бөлімінің студенттері де келді.

Визит карточкасы, ширатылу, соңынан көңілді эстафета. Әрбір команда «Таяқшаны бер», «Әкем-анам-такси», «Хоккейші», «Қаппен секіру», «Күлбике» и «Даяшы» сияқты кезеңдерде  өздерінің шыдамдылығын, мергендігін, ептілігін және жылдамдылығын көрсетті.

Қазылар алқасы құрамындағы білім беру бөлімінің және салауатты өмір салтын қолдау орталығының өкілдері команда мүшелерінің тапсырманы сапалы

орындауын  мұқият қадағалады,  тапсырманы орындауда орын алған әрбір бұзылушылыққа айыппұл салынды.

Сайыстың соңында ұпай саны бойынша   №44 бала бақшаның «Еrtic star» Трощевтер отбасылық командасы бірінші орынға, екінші орынға №126 бала-бақшаның «Спартак»  Нарижндер  отбасылық командасы және үшінші орынға  №2 бала-бақшаның «Денсаулық елі» Қамша отбасылық командасы ие болды.

Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.  Жеңімпаздар үштігіне  енбей қалған отбасылық командалар, сайысқа қатысқаны үшін, дипломдармен, сайысты ұймдастырған тәрбиешілер және олардың көмекшілері- физкультура пәнінің мұғалімдері сыйлық хатармен марапатталды.

2018 жылғы 17 қазанда  жоғарыдағыдай іс-шара №23 бала-бақшада өтеді.

Бұл іс-шараның қортындысын, шара суреттерін, жеңімпаздардың аты-жөндерін міндетті түрде салауатты өмір салтын қолдау орталығының сайтына орналысырамыз

Салауатты өмір салтын қолдау орталығы  отбасы мүшелерінің  барлығы салауатты өмір салтын қолдайтын, дене әсемдігін, дұрыс тамақтануды, ептілікті, жылдамдықты насихаттайтын, белсенді өмірлік ұстанымдары бар барлық отбасылық командалардың  спорттық шараға қатысуға тілек білдіріп, қатысқаны  үшін алғысын білдіреді.