Павлодар қ. №26 балабақшада «Көңілді эстафета» өтті

Сөйлеу қабілеттері бұзылған арнайы №26 балабақшада тәрбиешілер арасында «Көңілді эстафета» атты спорттық сайыс өтті. Шара, төрешілер алқасы құрамында болған, салауатты өмір салтын қолдау орталығының мамандарымен бірлесіп ұйымдастырылды . Белсенді мұгалімдер «Күншуақ» және «Болашақ» екі командаға бөлінді. «Көңілді эстафета» сайысы бірнеше кезеңде өтті. Мәреге жету үшін сайысқа қатысушылар ептілігін, шапшаңдығын, мергендігін көрсетіп қана қоймай тапқырлығын да көрсете білу керек болды.

Әлбетте осындай сайыстарда жеңіліс тапқандардың болмайтыны анық.

Сайыс кезінде қарсыластарынан қалыспауға тырысып баққан екі команданың жанкүйерлері командаларына мейлінше қолдау көрсетті. Сондықтан сайыс қортындысы бойынша-достық жеңді.

Екі команда да мадақтамалармен марапатталды, бірақ ең бастысы сайысқа қатысушылар мен көрермендер оң сергектік қуат ала отырып бірлескен командалық рухтың және салауатты өмір салтын ұстануға бейілділікті көрсетті.