Павлодарда «Өз қан қысымыңды біл!» атты Науқан өтті

12 мамыр Науқан күні  облыс емханаларында  қан айналымы жүйесі аурулары және қан қысымы мәселелері бойынша кеңес беретін арнай мамандардың қатысуымен ашық есік күндері өтті.

Қала тұрғындары халықтар көп жиналатын орындар: автобекете, халыққа қызмет көрсету орталығында, салық комитетінде, қалалық әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту орталығында, Павлодардың «Манакбай», «Артур», «Квазар», «Керуен» және т.б. сауда үйлерінде қан қысымын өлшетуге,  әлуметтік маңызды аурулардың, қан қысымын алдын алу, салауатты өмір салты аспектілері, және де міндетті медициналық сақтандыру  бойынша кеңес және ақпараттық-ағарту құралдарын –парақшалар және буклеттер алуға мүмкіндік болды.

Бұл күні медицина қызметкерлері кездейсоқ оқиғаларға тап болып, науқан барысында алғашқы медициналық көмек көрсетуге мәжүбір болды.

Мысалы: қалалық әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту орталығында  егде әйелдің қан қысымын өлшегенде  қан қысымының қалыпты жағдайдан  бірнеше рет  жоғары болғандықтан  ол кісіні ауруханаға жеткізу үшін жедел жәрдем бригадасы шақырылды.

Қосымша, осы мекемеге келе жатқанда әйел жолда құлап аяғын жарақаттап алған болып шықты. Жедел жәрдем бригадасы көлігі келгенше науқанға қатысушы медбике  жарақат алған науқастың жанында болды.

Алдын ала мәлімет бойынша осы күні облыс бойынша 3000 астам адамда қан қысымы өлшенді. 200 астам адам мекен жайы бойынша емханаға кеңес алуға және тексерсерілуге жіберілді.