«Дені саудың-жаны сау»

«Дені саудың-жаны сау» деген атаумен Павлодар қаласының №48 балабақшасының ересек топ балалары үшін спорттық-ойын шара өткізілді.

Ведомствоаралық өзара әрекеттесу шеңберінде және салуатты өмір салтын қолдау мақсатында салауатты өмір салтын қолдау орталығының мамандары қазылар алқасына мүше болды.

Сайыс барысында жылдамдық пен ептілікті көрсетумен қатар балалар жалпақтабандылықтың алдын алу мақсатында массаждық сауықтыру жолы арқылы қалай дұрыс жүруді көрсетті.

«Дәрумендер қонақта» театрланған қойылымында бүлдіршіндер дамып келе жатқан бала ағзасына тағамдармен бірге, түрлі дәрумендер мен минералдардың түсу керектін насихаттау мәселесіне ден қойды.

Соңынан бала бақша дәргері дұрыс тамақтанудың пайдасы туралы айтты.

Спорттық-ойын шараның қортындысы бойынша бүлдіршіндерге мадақтамалалармен қоса пайдалы да, дәмді жеміс-жидектер табысталды.