Ақсуда «Мен инсультан адамын!» атты науқан өтті

Ақсу қаласында қазан айы бойы 29 қазанда дүниежүзінде өткізілетін Дүниежүзілік инсультпен күрес күніне арналған инсульттің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндірме науқаны өтті.

Халыққа қызмет көрсету орталығында ұйымдастырылған «Мен инсультан адамын!» атты науқан кезінде дәрігерлерге әрбір ерік білдіруші өзінің денсаулығына байланысты сұрақтар қойып, кеңесіп, қан қысымын өлшетіп, салмақ индексін анықтауға мүмкіндік алды.

Акция кезінде 50 астам адам мамандардың кеңесін алып, 19 адамда жоғарғы қан қысымы анықталды.

Көп адамдар өздерінің аураларын біле тұра, уақытында дәрі ішу керек екендігін ұмытып кетіп, денсаулығына жауапсыз қарап, өзінің қан қысымын қадағаламай жүрек қан айналымы ауруының асқынуы -инсульттің болуына итермелейтіні алаңдатады.

Медицина қызметкерлері халықтың назарын инсульттің, миокард инфарктінің алдын алдын алуға аударды, дәрігерге уақтылы қаралып тұру және асқынуларды алдын ала ескерту мәселелері бойынша кеңестер алды, әрбір нақуанға қатысушы «Инсульттің алғашқы белгілерін қалай анықтауға болады» деген тақырапта ақпараттық-ағарту құралдар- парақшалар алды.

Ұсыныс ретінде дәрігерлер әрбір адамның назарын өзінің қан қысымын бақылауда ұстап, ұдайы салмақ индексін өлшеп тұру керектігіне аударды, себебі осы көрсеткіштердің нормадан жоғарлауы жүрек-қантамырлары аурулардың дамуына әкеледі.

Ақпараттық-түсіндірме науқаны аясында Ақсу өңірінің медицина қызметкерлері үшін жіті инсульт кезінде медициналық көмек көрсетудің интеграцияланған үлгісін енгізу мәселелері бойынша семинар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінің студенттері «Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз!» спорттық шара арқылы инсульттің алдын алу мәселелеріне қатынастарын көрсетті.

50 аса жанкүйерлер — 10 адамнан бөлінген 4 команда- спорттық шараға қатысушыларды қолдады.

Жеңімпаздар «Vita» қоғамдық қорынан ескерткіш сыйлықтармен марапатталды. Ең бастысы бәрі-көрермендер, көңілді спорттық шараға қатысушылар жақсы көңіл- күй мен сергектік қуат алды.

Тілек білдірушілерге инсульттің алдын алу туралы ақпараттық-ағарту құралдар таратылды.